Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозитік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтіміді қаражаттара жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегікорреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кейде жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.
“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.
Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.
Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.
ҚР Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру – бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің ҚР Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.
ҚР Ұлттық банкі вексельдерді қайта есепке алуда ресми есептік мөлшерлемені белгілейді.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады.
Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттардың банк өтімділігін қамтамасыз етудегі рөлі. РЕПО ммәмілелері: репо жөне кері репо келісімі арқылы қаражат тарту. Облигациялар купондық облигациялар эмиссиясы. Банк акцептерін сату. Коммерциялық бағалы қағаздар эмиссиясы, капиталдық ноталар шығару, еуродоллар нарығынан қарыз алу, синдикаттық заемдар.
Коммерциялық банк қызметтеріндегі банкаралық несиелеудің рөлі. Қазақстан Республикасындағы банкаралық несие нарығының қалыптасуы және оның ұйымдастырылу формалары мен субъектілері. Банкаралық несие ресурстары бойынша проценттік ставкалардың қалыптасу тәртібі және олардың мөлшеріне Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасының ықпалы.
Овернайт несиелері. Банкаралық несие нарығының оган қатысушы коммерциялық банктер үшін тиімділігі және қолайлы жақтары.
Банк ресурстарын қалыптастыруға байланысты пассивтік операцияларды ұйымдастыруға қатысты тәуекелдер. ҰБ пассивтерді басқаруы. Бағалы қағаздар, валюта
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1. 13-21, 2. 15-27, 3. 11-24 бет],
Қосымша: [ 3. 3-11 бет]
Бақылау сұрақтары
1) Депозиттік емес ресурстарға не жатады?
2) Банк аралық несиелерге не жатады?
3) Банктік акцепт деген нені білдіреді?
4) Овернайт несиесін қай банк бере алады?
5) Қандай вексельдерді Ұлттық банкте қайта есепке алу жүзеге асады?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3167 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!