Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Несиелеудің бір принципі - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине, сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты келеді.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепіл-хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
· тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
· бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
· сол банктегі депозиттер кепілі;
· жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
· жалгерлік құқық кепілі;
· авторлық құқық кепілі;
· жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
· Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
· Келісім-шарт заты;
· Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
· Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
· Талап ету құқықтары;
· Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
· Кепілге қойған мүліктің бузылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
· Тараптардың жауапкершіліктері;
· Ерекше шарттар;
· Дауларды шешу;
· Басқа шарттар.
· Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
Цессия, оның құқықтық құрылымы және түрлері, ашық, жабық (тыныш), жалпы және ғаламдық.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: [ 2. 59-62, 4. 58-65, 6. 61-64 бет],
Қосымша: [ 7. 13-15 бет],
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2524 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!