Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
БӨЛІМ. Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері
тақырып. Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері
Коммерциялық банктердің олардың тарихи даму көзқарасына байланысты мәні. Банктің мәні жайлы кәзіргі кездегі түсініктер. Банктің ерекше кәсіпорын ретіндегі сипаттамасы. Банк банктік жүйенің әлеменгі ретінде.
Коммерциялық банктердің негізгі функциялары: депозиттік, несиелік, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу, несие берудегі делдалдық. Коммерциялық банк қызметінің қағидалары.
Банктердің типтері: әмбебап және мамандандырылған. Әмбебап банк және оның даму тенденциялары. Банктердің меншік формасына, қызмет көлемі мен саласына, филиалдар санына, қызмет көрсету саласына байланысты типтері.
Коммерциялық банктің басқару аппаратын құрудың ұйымдастыру негіздері. Банк ұйымдастырудың қағидалары. Банктің басқару аппаратының құрылымы. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы: географиялық, функционалдық, пирамидалық, холдинг.
Банк жүйесі. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жалпы сипаттамасы.
Несие ісі, ақша (қаражат) сатуға бағытталып, соның негізінде несиелік операциялар атқаруға арналған кәсіпкерлік қызметтің арнайы сферасы (саласы, шеңбері) болып табылады.
Банк, материалдық өндіріс сферасында өндірілетін өнімнен маңызды ерекшелігі бар өнім өндіретін ерекше кәсіпорын. Банктің өндіретіні қарапайым тауар емес, ол ақша, есеп айырысу құралы түріндегі айрықша тауар.
Банктер және оған ұқсас институттар (құрылымдар) көне заманда өмір сүрген. Көне Египетте банктік операциялар б.ғ.д. 2700 ж. жүргізілген.
Алғашынан банктердің қызметі (функциясы) төлемдер атқаруда делдалдық қызмет көрсету болатын. Осындай делдалдық нәтижесінде банктер уақытша бос ақша капиталын үстеме ақыға (пайызға) қызмет көрсететін (функциясын атқаратын) капиталға айналдырды. Қазіргі заман банк ісінің бастау көзін, алғашқы бетте, Италияның орта ғасырлық ақша айырбастаушыларынан («меняла») іздеу қажет.
«Банк» түсінігі италиялықтардың «banko» («ақша айырбастаушының орындығы», «ақша столы») сөзінен шыққан деген пайымдау бар. Бірақ кейбір ғалымдар ол көне француз тілінен шыққан дейді. Негізінде италиян және көне француз тілдерінің шығу тегі «өлі тіл» - латын тілі. «Кредит» (несие) сөзінің өзі латынның «credo» (сенім, ұстаным), «сredere» (сенемін) сөздерінен шыққан. Демек несие тек сенім артуға болатын адамға ғана берілген. Сондықтан «банк» сөзінің шығу тегін осы «өлі тіл» - латын тілінен іздеген дұрыс.
Қазіргі заман түсінігіндегі алғашқы банк 1407 ж. Италияның Генуя қаласында пайда болған. Осы Италияда алғашқы вексельде пайда болған. ХVғ., ең ірі банк ретінде белгілі болған, Флоренциядағы Лоренцо Медичи әулетінің банкі. Оның бас кеңсесінің Европада 16 филиалы болған.
Функционалдық (қызметтік) мамандануына (специализациясына), шаруашылық атқарушы субъектілерге ұсынылатын несиелік-қаржылық қызметтің көлемі мен санына байланысты, несиелік жүйенің өзегін банктік жүйе құрайды. Ал несиелік институттардың қызметін үйлестіруші (координациялаушы) орган болып Орталық банк есептеледі.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
· рұқсат алу үшін беретін өтініші;
· құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
· банктің жарғысы (түп нұсқа);
· банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
· құрылтайшылар туралы мәліметтер;
· құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
· құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
· егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
· егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бугалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
· банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
· жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
· тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
· нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаттың;
· басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау комитеті банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау комитеті рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау комитетінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау комитетінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау комитеті қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық қадағалау комитетінiң келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады..
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау комитетінің келісімімен ашалады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1.2-15, 2. 4-12 бет],
Бақылау сұрақтары:
1) Банк ашу және қызметін ұйымдастыру неше кезеңді қамтиды?
2) Банкті ашуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет?
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу талаптары қандай?
4) Банктің филиалы дегеніміз не?
5) Банктің өкілеттігі қандай қызмет атқарады?
6) Еншілес банктің басқа банктің бөлімшелерінен айырмашылығы неде?
7) Банктің есеп айрысу кассалық бөлімшесін қалай ұйымдастыруға болады?
2-тақырып. Банктер қызметтерінің құқықтық негіздері
ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы”, ҚР Азаматтық кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржылық лизинг туралы», «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңдарын және ҚР Ұлттық банкінің, ҰБ Қаржылық қадағалау комитетінің нұсқаулық-нормативтік актілерін басшылыққа алады.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
· рұқсат алу үшін беретін өтініші;
· құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
· банктің жарғысы (түп нұсқа);
· банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
· құрылтайшылар туралы мәліметтер;
· құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
· құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
· егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
· егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бугалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
· банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
· жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
· жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
· тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
· нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаттың;
· басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау комитеті банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау комитеті рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау комитетінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау комитетінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау комитеті қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады: брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен; дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен; кастодиандық; клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау комитетінен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық қадағалау комитетінiң келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады..
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау комитетінің келісімімен ашалады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелегентүрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1.2-15, 2. 4-12 бет],
Бақылау сұрақтары:
1. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 30.03.1995.
2. “ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” ҚР заңы / 31.08.1995.
3. “Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР заңы// 06.08.2003.
4. Валюталық бақылау және реттеу туралы ҚР заңы. 18 декабрь 2005ж
5. “Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу және қадағалау туралы” ҚР заңы. 04.07.2003.
6. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998
ІІ БӨЛІМ. Банктік операцияларды қорландыру және қорларды басқару
3-тақырып Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивті операциялар. Банктің меншікті капиталы. Банктерді пруденциалды реттеу.
“Банк ресурстары” термині “несиелік ресурсы” қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
· жарғылық капитал;
· резервтік капитал;
· қосымша капиталдар;
· банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
· бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау комитеті (кейін, 2011ж. - ҚР ҰБ Қаржылық қадағалау комитеті) екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады: пруденциялық нормативтер белгілеу; банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару; банктердің қызметін тексеру; банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру; банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: жарғылық қордың ең төменгі мөлшері; меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; өтімділік коэффициенті; ашық валюталық позиция лимиті; негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
Банктердің пруденциялық нормативтерді сақтауына ҚҚА-гі бақылау жасайды. Банктер пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар және лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің қаржылық жағдайына және тұрақтылығына, немесе депозиторлары мен клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасаса, онда ҚР Қаржылық қадағалау комитеті шектелген ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолдануы мүмкін: а) міндеттеме-хатты талап ету; ә) банкпен жазбаша келісім жасау; б) ескерту жасау; в) орындауға міндетті бұйрық хат беру.
Міндеттеме хаты – банктн бар кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы оларды қатаң түрде белгіленген мерзім ішінде жою бойынша дайындығы.
Жазбаша келісімі – анықталған кемшіліктерді дереу жою және онымен байланысты бастапқы шараларды бекіту туралы банк пен Ұлттық банк арасындағы келісімі.
Ескерту хаты – ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің банктік заңдылықпен қарастырылған санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.
Бұйрық хат – ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің айқындалған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға нақты шараларды қолдану қажеттілігі туралы банкке тапсырмасы.
ҚР Қаржылық қадағалау комитеті тәртіп бұзушылықтың түріне қарай жоғарыда аталған ықпал ету шараларының біреуін немесе бірнешеуін қолдануы мүмкін.
ҚР Қаржылық қадағалау комитеті шектелген ықпал ету шараларын қолданумен қатар банкке банктік заңдылықпен көрсетілген санкцияларды қолдану мүмкіндігін де пайдаланады.
Банкке шектелген ықпал ету шараларының бір түрін қолдану, оған бұның алдында қолданған шараларды тоқтатпайды.
Егер де банк өзіне қолданған шектейтін ықпал ету шаралары қарастыратын міндеттерді орындамаса, ҚР Қаржылық қадағалау комитеті оған қосымша банктік операциялардың түрлерімен айналысуға лицензия беруге немесе филиал ашуға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
· акционерлік банк формасында;
· пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1. 13-21, 2. 15-27, 3. 11-24 бет],
Қосымша: [ 3. 3-11 бет]
Бақылау сұрақтары
1) Банк ресурсы дегеніміз не?
2) Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?
3) Банктің мешікті қапиталын қандай баптар құрайды?
4) Меншікті қаражат жеткіліктігін қалай анықтайды?
5) Қандай пруденциалдық нормативтерді білесіз?
6) Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз?
7) Банктік қадағалауды қандай орган жүргізеді?
8) Қашықтан қадағалау механизмі неден тұрады?
9) Инспекциялық қадағалау дегеніміз не?
Тақырып. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі және депозиттік саясаты. Салымдарды қорғау жүйелерін ұйымдастыру: халықаралық және ұлттық тәжірибе.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозитік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтіміді қаражаттара жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етілетін депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.
Талап етілетін депозиттер –бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1. 13-21, 2. 15-27, 3. 11-24 бет],
Қосымша: [ 3. 3-11 бет]
Бақылау сұрақтары
1. Депозиттің қандай түрлері болады?
2. Депозиттік және жинақ сертификаты не?
3. ҚР халық салымдарын қорғау тәжірибесі?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2932 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!