Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Несиелеу принциптері (қағидалары), формалары мен түрлері



Несие негізінде келесі принциптер (қағидалар) жатыр:

1. Несиенің қайтарылуы - бұл принцип қаржылық ресурстардың уақытымен қайтарылу қажеттілігін анықтайды.

2. Несиенің дереулік (мерзімділік) принципі несиелік шартты бекітілген дәл белгіленген уақытта қайтарылуын айқындайды.

3. Несиенің төлемділігі несие алушыдан банктен алынған несие ресурстарын тікелей қайтару ғана емес, сонымен бірге қолдану құқығының төлем қажеттілігін де айқындайды.

4. Несиенің қамтамасыздандырылуы несие алушының өзіне қабылдаған міндеттемелерді бұзу мүмкіндігіне байланысты несие берушіні өз мүлкін (қаржылық ресурстарын), несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін кепілге несиегердің мүлкін қабылдау арқылы, қорғау қажеттілігін айқындайды. Ол қаржылық кепілдеме немесе кепілдік (залог) ссудалық несиелеу формаларымен айқындалады.

5. Несиенің мақсаттық сипаты несиелік операциялардың көптеген түрлеріне таратылады. Бұл несиенің, несие шартында белгіленген, мақсатқа ғана жұмсалуын көздейді.

6. Несиенің диффереңцияланған сипатын ықтимал несие алушылардың әртүрлі категорияларына несиені несиелік ұйымдар жағынан диффереңцияланған (сараланған) қатынасты айқындайды. Демек, несиенің, несие алушылардың категорияларына сай, олардың несие алу қабілеттілігіне қарап саралап беруді білдіреді.

Халықаралық банк тәжірибесінде PARTS термині несиелеудің 5 қағидасының бірінші әріптерінен құралған:

Р – purpose – мақсаттылық;

A – ammount – сомасы;

R – repayment – қайтарымдылық;

T – terms – мерзімділік шарттылығы;

S – security – кепілдік қамтамасыздандыру.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 4352 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...