![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Цементтеу деп, болаттың бет қабатын көміртегімен қанықтыруды айтады. Цементтеу көбінесе құрамында көміртегі (0,1....0,2% С) аз болаттарға қолданылады. Цементтеудің нәтижесінде көміртегі болаттың бетіне 0,5-2мм тереңдікке дейін еніп, оның мөлшері 1,2%-ға дейін жетеді.
Цементтеуден кейін бұйымды 8200 -8600 С шынықтырады, сосын төменгі температурада 1600-1800 С жұмсартады. Бұл бұйым бет қабаты қаттылығының жоғарлылығын, ал өзегінің жұмсақ болып қалуын қамтамасыз етеді.
Цементтеу процесі қатты, сұйық, газ тәрізді карбюризаторларда жүргізіледі. Қатты карбюризатор ретінде құрамында 70% ағаш көмірі, 20-25% көмір қышқыл барий, 2,5-3,5% көмір қышқыл кальций бар қоспа қолданылады. Металл жәшікке қоспаны салып, онда цементтелетін түйірлердің бір-бірінен ара қашықтығы 15-25мм болатындай етіп орналастырады. Жәшіктің беті жабылып, металл пеште 9000-9500С дейін қыздырылады. Қыздыру уақыты цементтелу тереңдігіне байланысты. Бір сағатта көміртегі шамамен 0,1мм тереңдікке еніп үлгереді.
Газбен цементтеу әдісінде металл 9000-9500С температурада көміртегінің атомын бөліп шығаратын метан, этан, пропан сияқты табиғи газдар қоспасында өңделеді. Бұл әдіс бойынша 9000-9500С температурада карбюризатор газы муфель пешіндегі металл арқылы жіберіледі: нәтижесінде 6-10 сағат уақыт ішінде металдың беті 2мм тереңдікке дейін цементтеледі. Газ карбюризаторлары мен цементтеу әдісі қатты карбюризаторлармен цементтеу әдісіне қарағанда өнімділігі жоғары болады, сондай-ақ болаттың көміртегімен қанығу процесін дәл реттеуге, цементгеуді шынықтыру процесімен қоса жургізуге болады.
Сұйықта цементтеуді карбюризатор ретінде балқытылған көмір қышқыл натрий тұздары мен кремний карбидының қоспасы қолданылады. Бұл әдіспен металл беті 0,2-0,Змм тереңдікке дейін цементтеледі.
Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2584 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
