Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диффузиялық металдау



Диффузиялық металдау процесінде болаттың беті алюминий, хром, кремний, бор, берилий т.б. элементтерімен қанықтырылады. Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, үйкеліске беріктігі артады.

Өндірісте кеп таралған процестерге алитирлеу А1, хромдау - Сr, силицирлеу - Sі, борлау - В жатады.

Алитирлеу көбінесе ұнтақты қоспалармен жүргізіледі. Мұнда бет қабатының қалыңдығы 0,3-0,8мм тең. Өткізу уақыты 6 сағатқа дейін созылады. Алитирленген бөлшектер жоғары температурада жұмыс істейді – 11500 С дейін, өйткені оның бетінде өте берік А12О3 алюминий тотығының қабығы пайда болады.

Хромдау деп, бұйым бетін хроммен диффузиялық қанықтыруды айтамыз. Хромдаудан кейін болаттың бет қабатының қаттылығы өте жоғары (НV=1600-800), тозуға, ыстыққа төзімділігі (8000 С дейін), тот баспайтындығы артады. Хромдау 9500-1100°С температурада өткізіледі, процесс өту уақыты 8 сағатқа дейін, қалыңдығы 0,2-0,25мм тең болады.

Силицирлеу деп, бұйым бет қабатын кремниймен қанықтыруды айтады. Детальдың тозуға, ыстыққа төзімділігі, тот баспайтындығы артады. Мұнда бөлшектерді пешке салып, үстіне ферросилиций ұнтағымен жабады да 9500-10500С қыздырады, 2 сағат ұстағаннан кейін 1 мм дейін қабат жабылады.

Борлау деп, бет қабатын бормен қанықтыруды айтады. Бор бұйым бет қабатының қаттылығын НV=1800-2000 дейін, тозуға төзімділігін, тот баспайтындығын және жылуға төзімділігін қамтамасыз етеді. Бұл процесті 8500- 9500 С температурады ұнтақ қоспасында немесе сұйық ортада 2-6 сағат арасында ұстайды, бет қабатының қалыңдығы 0,15-0,35мм.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2113 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.279 с)...