Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оттөзімді материал



Минерал шикізаты негізінде жасалып, өзінің қасиетін сондайлық өзгеріссіз жоғары температурада сақтай алатын материалды оттөзімді деп атайды.

Металлургияда қолданылатын оттөзімді материалдардың негізгі міндеті: жоғары температуралы балқыма мен қож және газды ортада өзінің қасиетін сақтай отырып, ұзақ уақытқа жарамды әрі арзан болуы.

Металлургиялық зауыттарда қолданылатын техникалық жіктелім бойынша барлық оттөзімді бұйымдар үш топқа бөлінеді:

1) қышқылды;

2) негізді;

3) бейтарап.

Оттөзімділігі бойынша үш топқа бөлінеді:

1) оттөзімді (1580-1770 0С);

2) жоғары оттөзімді (1770-2000 0С);

3) өте жоғары оттөзімді (2000 0С-дан жоғары).

Оттөзімді бұйымдар пішіні мен өлшемі бойынша бөлінеді:

1) қарапайым (түзу, сыналы);

2) фасонды (қарапайым, күрделі, өте күрделі, ірі блокты);

3) арнайы.

Оттөзімді бұйымның қасиеті, оның химиялық құрамына, жасау тәсіліне және эксплуатациялық жағдайына байланысты.

Бұйымның негізгі қасиеттері:

1) оттөзімділік;

2) жүктеме әсерінен жоғары температурада деформациялану;

3) термиялық төзімділік;

4) химиялық төзімділік;

5) кеуектілік;

6) газөтімділік;

7) жылуөтімділік;

8) жылусыйымдылық;

9) механикалық беріктік және т.б.

Оттөзімді материалдар мен бұйымдар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Металлургия өндірісінде қолданылатын оттөзімді материалдардың көпшілігі жасанды. Оларды жасаудың жалпы технологиялық сұлбасы мынадай:

1) шикізаттық материалдарды дайындау (қыздыру, ұсақтау, сұрыптау);

2) шикіқұрамды дайындау (араластыру, су қосу);

3) бұйымды қалыптау;

4) бұйымды кептіру;

5) бұйымды күйдіру.

Домна пешінің шегенін қалау үшін шамот, жоғары глиноземді кірпіш және көміртекті блоктар пайдаланылады.

Шамоттың құрамында 28-45 % Al2O3, қалғаны кремнезем. Шамоттың оттөзімділігі 1580-1750 0С. Жоғары глиноземді кірпіште 45 %-дан жоғары Al2O3 бар, оттөзімділігі жоғары.

Домна пешінің жоғарғы жағының қаламасы ретінде шамот қолданылса, төменгі жағын жоғары глиноземді кірпіштен қалаған жөн. Пештің түбін көміртекті блоктар мен жоғары глиноземді кірпіштен қалайды.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1350 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (1.258 с)...