![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Пісіру - металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады.
Пісіру жоғары пайдаланушылық сипатымен қоса, ңұрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын ңосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі қүрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану қүрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі ңалыңдьщтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді. Қазіргі кезде қалыңдығы бірнеше микрометрден (микроэлектроникада) ондаған сантиметрге дейін, тіпті метрге дейінгі (ауыр машина жасауда) бөлшектер пісіріледі. Қүрылмалық көміртекті және төменгі қоспалы болаттармен қатар, арнаулы болаттар, жеңіл қорытпалар және титан, молибден, цирконий т.б. металдар негізіндегі қорытпалар, сондай-ақ әртекті материалдар пісіруге жиі қолданылады. Машина жасау, сондай-аң құрылыс жұмыстарындағы белгілі табыстар үшін біз пісіру ғылымы мен техникасына қарыздар екенімізді айтуға тиістіміз. Пісірудің дамуы тойтармалы күрылымдарды пісіруге алмастыра отырып, олардың жүмыс сыйымдылығын төмендетіп, сапасын арттыруга мүмкіндік туғызды.
Пісіру технологиясын қолдану қазандар, қүбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мүнай аппараттарын, прокаттау стандарын, қуатты престер мен сорғылар, сонымен қатар баска да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкеледі.
Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1888 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
