![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Темір кенінің ұсақ фракциясы мен концентратты кесектеудің екі тәсілі бар:
1) агломерациялау;
2) окатыш жасау.
Ұсақ темір кенін, концентрат және т.б. материалдарды агломерациялау үшін агломерациялық машина қолданылады. Алынған өнім агломерат және флюстелген агломерат болып бөлінеді.
Флюстелген агломерат алуға арналған шикіқұрамдық материал құрамы төмендегідей, %:
Темір кені, концентрат (ірілігі 8 мм-ден кіші).....................40-50
Әк тас (2 мм-ден кіші)..........................................................15-20
Ұсақ агломерат (10 мм-ден кіші)......................................... 20-30
Коксик (3 мм-ден кіші).........................................................4-6
Ылғал...................................................................................6-9
Шикіқұрамдық материалды барабанда араластырып, содан кейін ылғалдап түйіршіктейді. Агломашинаның конвейерлік таспасының колоснигінде өлшемі 10-25 мм агломерат қалдықтарын төсеп, оған дайын болған шикіқұрамдық материалдарды салады (биіктігі 250-350 мм). Колосниктік тордың астын эксгаустерге қосып, ауаны сиреткенде (7-10 кПа), сыртқы ауа шикіқұрам қабатынан өте бастайды. Шикіқұрамды үстінен жаққанда коксиктің жану зонасы төменгі қабатқа қарай жылжиды. Коксиктің жану зонасында температура жоғарылап (1450 0С), нәтижесінде кесек өнім флюстелген агломерат алынады.
Флюстелген агломератты салқындатып, екшеп, содан кейін домна цехына жібереді.
Темір кендерінің байыту дәрежесін жоғарылату нәтижесінде өте уақ концентрат (0,07 мм кіші) алынып, кесектеудің жаңа тәсілі окатыш жасау дүниеге келді.
Окатыш жасау үрдісі 2 сатыдан тұрады:
1) шикі оқатыш жасау;
2) окатышты беріктендіру.
Окатыштың шикіқұрамдық материалдары төмендегідей:
1) концентрат;
2) окатыш қалдықтары;
3) бентонит (байланыстырғыш материал);
4) ылғал (8-10 %).
Флюстелген окатыш алу көзделсе, онда әк тас қосады. Окатыш жасау барабанды немесе тәрелкелі грануляторда іске асырылады.
Шикіқұрамдық материалды араластырып, бентонит пен су қосып, тәрелкелі (немесе барабанды) грануляторде диаметрі 20-30 мм окатыш алынады.
Алдымен окатышты кептіріп (300-600 0С), содан кейін күйдіріп (1200-1350 0С), беріктендіреді. Дайын окатышты салқындатып, уағын екшеп, домна цехына жібереді.
Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1785 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
