Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 11 страница



— Мына машинамен барыңыз. Бұл оңбағанға сенуге болмайды. Егер бұл жолда қиқаңдайтын болса табанда атып таста! Медсанбатқа барғанда оны командиріне жетектеп барып, болған жағдайдын, бәрін баяндаңыз. Қайтадан тез оралыңыздар,—деді. Содан кейін барып ол мені асханаға ертіп келіп, тамақ беріп сіздерге жіберді...— деп Синченко өзінін, әңгімесінің соңын аяқ-

тады. Әншейінде жұп-жуас Борисов, оңбаған шоферді ұрған, Курбатовқа егер киқаңдайтын болса Дальманды атып таста деп бұйрық берген. Шынын айтсам, Синченконың әңгімесіне сенерімді де, сенбесімді де білмей аң-таң болдым. «Шынында мына Дальманның қылығы біздің адамдарға ұқсамайды ғой», деген ойға қалдым. «Дастарханды» жиып жатып, Синченко:

—Кешкі асты осында әкелейін бе, жоқ үйден ішесіз бе? (Синченконың үй деп отырғаны ұрыс сәл толастай қалған кезде бас қоса қоятын команда пункті),— деді.

—Үйде ішемін, бар, ендігәрі төбелесуші болмағын.

—Егер әлгіндей сұмпайы кездессе де ме...

—Бар дедім ғой мен саған. Синченко қалбалақтап асыға женелді.

—Жолдас, аға лейтенант, өзіміздің адамдардың тебелескені, әрине, жақсылық емес,— деді Андреев үнсіздікті бұзып.— Бірақ, жадағы сияқты қуларға басқа не амал бар.— Андреев өзінің үлкен сұқ саусағын шошайтып, күрсінді. Мен де үндемедім.

—Біздің подполковниктің бүгін қолы ашықтау болды,— деді ол енді басқа әңгімеге ауысып.— Бұрынғы подполковникке ұқсамайды. Босқа атылған әрбір снаряд үшін біздін, әкемізді танытушы еді. Ал, бүгін ағыл-тегіл болыпты да қалыпты өзі. Ой, қатал-ау өзі, қатал-ау! Бірақ, ісіне мығым кісі. Оған титтей өтірік айта алмайсың, тапжылдырмайды сені бәрі көкейінде сайрап тұрады.

— Подполковникті жұмсартып қайда жұмсамақ едініз,— деген қалжыңыма Андреев езу жимастан:

— Қатал болса да әділ қатал. Соғыс кезінде сондай командирлердің керек екеніне жаңадан түсініп келемің, жолдас аға лейтенант,— деп біраз тұнжырана отырып' менің қысқа ойыма командирдің ойы-міндеті шиттей жанды асырап, тәрбиелеуші қолы қысқа кембағал әкенің жұмысынан қиын көрінеді. Кұдай мені командир полка етпей-ақ койсын. Жатқан азап. Үлкеннің алдында безектеп жугір; полк — жатқан «көже, өкпе» біріне берсең, біріне жетпейді, басқа тартсаң аяғың ашық қалады. Барлығын ішінен тынып үлестіретін де, күйетін де сол. Бірін аймалап, бірін зекіріп жұмсайтын да сол. Бәрімен бірдей ол қалай сырлассын...— деп Андреев өз философиясының даңғыл жолына түсе бергенде көк қарс жарылып, әлем аза тұткандай төнірек ұлып, аспаннан әзәзіл әні естілді. Жаудың. артиллериясы еселеп, дүркіндете оқ төкті. Андреев екеуміз орнымыздан тұрып, айналаға қарап едік, ысқырып, ышқынып, күрілдеп, гүпілдеп, бомбалар жарылып, снарядтар түсіп жатыр екен. Олардың үнінен құлағын, тұнады. Аспан шатынап жарылғандай. Бізге жақын жерге шиқылдап келіп үлкен снаряд түсті. Бір зенит зеңбірегі расчетінің тас-талқаны шығып, апатка көз алдымызда ұшырады.

— Тура тиюін қарашы,— деп Андреев сұп-сұр боп кетті.

Жау 15,20 минуттай бас кетертпей ұрды. Горюнының үсті қап-қара, қою түтін. Ине сұғар ашық жер жоқ. Әлден уакытта көк шеңберінен самолеттер көрінді. Төңірегімізге ұсақ бомбалар түсе бастады. Траншеяда бұғып отырмыз. Алдынан жарқылдаған қызыл ракеталар самолеттерге жөн сілтеп белгі беруде. Бомбылардың жарылу сарыны енді сыртымызға шығып, қашықтағандай болды.

— Жау ішке қарай сұғына түсті, сірә, артымыздан ұрыңқырап әлсіретейін деген ойы бар ғой,— деп Андреев бұрынғыдан да бозара түсті.— Зеңбіректерді керіп қоймаса жарар еді. Бомбылардың жарылуы артымыздан жиілеп кеткенде, Андреев, сылқ отыра кетті де, «быт-шытымызды шығаратын болды енді»,— деді. Осы сәтте Андреевтің бетіне тура қарау қиын еді. Мен, кейін Горюны жаққа қарадым. Кәдімгі нөсер алдындағы түнерген қою қара бұлт қаптағандай.

— Андреев, алдыңа қарашы! — дедім. Горюны жақтан көз алмай, түтіннің арасында әлдекімдер ербелеңдеп жүгіріп жүр. Тасадан-тасаға тығылады. Бұйрық жеткізіп жүрген байланысшылар болу керек: ал, кейбіреулер зытып келе жатып мұрттай түседі. Қайта тұрып, тағы жүгіреді. Жер бауырлап жан таласып байланысты қалпына келтіріп жүр.

—Аңдап келе жатыр! — деді Андреев. Мен артыма жалт қарадым. Шынында каптап келеді екен. Қардың үстімен қара қоңыздарша тоңқандап, немістін, танкілері келеді. Оның артынан тізіліп жаяу әскерлер шықты.

—Олар шабуылға шықты.

—Огневая! «Арыстан» мен «Жолбарысты» дереу іске қосыңдар!

—Огневая! Огневая! «Арыстан» мен «Жолбарысты» дереу...

—Огневая! Огневая! Огневая! — деп Андреев телефонның құлағына жанын сала ойбай сап тұр. Бірақ жауап жоқ. Танктер тұра қалып атып, кідіре қалып атып, баяу жылжып келеді. Сірә, жаяу әскерлерден аса ұзап кетпеу жөнінде қатаң нұсқау алған болуы керек. Біздің жақтан үн жоқ.

—Ех!— деп тістенді Андреев,— нағыз қажет кезінде қас қылғандай байланыстың да үзіліп қалғанын көрдің бе.

—Иә, нағыз кажет кезінде қасқылғандай...— деп алдағы немістерге қарап, мелшиіп мен де тұрып қаппын. «Бұл шұңқырда неғып отырмын деген ой басыма сап ете түсті. (Шынымды айтайын, орнымнан атып тұрып, кейін қарай тұра жөнелгім келді.) Неге екенін білмеймін артыма бұрылғым келді. Қарасам, Горюнының бір жақ шетінен бір салтатты шауып шыға келді де, шауып келе жатқан бойы ат-матымен жата қалды. Оның артынан шыға келген салтаттының онха-шоңқасы шықты. Өзі бір жаққа, аты бір жаққа құлады. Ұшып тұрды да, атының соңынан жүгіре жөңелді. Алғашқы салтатты да бой кетеріп үлгіріпті. Астындағы атын билетіп тұр. Біресе қарғиды, біресе билейді. Үстіндегі адам айналаға алақ-жүлақ қарады да, бұрылып алып кейін қарай шаба жөнелді. Бұл — подполковник Курганов. Азамат соғысының Кургановы. Өз батареясын жас кезінде жаудық көз ал-дында сан рет ашық алаңға бастап шыққан Курганов. Әлден уақытта біздің зеңбіректер де ата бастады. Беталысы жаман емес, үш-төрт танктер қап-қара болып лаулап жанып жатыр. Біздің пулеметтер де ата бастады. Немістің жаяу әскерлері жер құшты. Кургановтың зеңбіректері жолдың екі жағынан қатар ұрып жатыр. Бірақ, атысы әзір сиректеу. Немістер тырбанып ілгері жылжуда. Бір уақытта «арыстан» мен «жолбарыс» ашынды білем, үсті-үстіне еселей төкті. Жүздеген қара фонтандар көкке атылды. От құйындары үсті-үстіне көбейіп, аласапыран болды да кетті. Қайсар қарт — жердің де өкпесі солқылдап, қабырғасы қайысқандай.

—Міне, керемет! Атысты, сірә, подполковниктің өзі басқарып отырған болу керек,— деді куанғаннан Андреев.— Егер оның қармағына іліксе, кекесін көзіне көрсетіп шықпыртатын әдеті оның.

—Ал, сіз екеумізді ол кісі шәйіт болды деп отырған шығар. ;

—Ол да мүмкін,— деп күрсіне жауап қатты Андреев,— байланыс үзіліп қалды ғой. Олай деуі әбден мүмкін.

—Екеуміз болсақ қой еңгезердей боп, бәрін көріп бір шұңқырда отырмыз, құр тамсанамыз да күрсінеміз.

—Енді қайтеміз, жолдас аға лейтенант, қиналмаңыз, сіз екеуміз байланыстың қалпына келуін күтіп қалдық қой, оның үстіне танкіні пистолетпен атпақпыз ба? Телефон шылдыр ете түсті. Мен түра ұмтылдым.

—Жолдас комбат, сіз аман есенбісіз?— деп сұрады аптыққан Степанов. — Лейтенант Танковке...

—Жолдас аға лейтенант,— деді гүжілдеп Андреев,— қараңыз, немістер кейін қарай қаймыға бұрылып барады. Мен трубканы телефоиистке бере салып орнымнан ұшып тұрдым. Шыныңда немістер шегіне бастаған екен. Бірнеше танктер мен самоходкалар орманды паналап, бізге қарай оқ атып тұр, онысы шегінушілерге көмектесіп тұрғандағысы.

—Жолдас комбат, қарсы шабуылға шығуға рұқсат етіңіз,— деп сұрады Танков.

—Болмайды, рұқсат жоқ.

—Опырмау, немістер қашып бара жатыр ғой, жолдас комбат.

—Болмайды, қашқан жоқ тек беті қайтты, тапжыл орындарыңнан. Тек оқпен, оқпен ұрындар желкесінен... Мен Танковтын, бақылау пунктше келгенде адамдар сасқалақтап жүр екен. Толстунов та осында, бірнеше артиллерия офицерлері, байланысшылар. Көрші храншеяда Бозжанов, Степанов аласұрып жүр. Байланысшы жауынгерлерде маза жоқ. Танковтың бақылау пункті батальоннық бакылау пунктінен артта еді. Нағыз қиянкескі басталған кезде байланыстың, барлық торабы осы жерге шоғырланған болу керек. Бәрі де қысылғандай маған тура қарай алмады. Танков басын таңып алыпты. Траншеядан ырғып шығып, қолын шекесіне апарып:

—Жолдас комбат, біздің рота...— дей беріп еді:

—Сіздің рота, лейтенант Танков,— деп оның сөзін беліп жібердім,— артиллеристермен, пулеметчиктермен бірге немістің шабуылын тойтарды, ар жағын айтпасаңыз да болады.

—Құп, айтпауға болады,— деп жымиып күлді. Жас командирдің жүзіндегі куаныш ізін аңғару қиын емес еді.

—Біз сізді ұрсатын шығар деп ойлап едік,— деп күлді Толстунов. Танков екеуміз траншеяға карай жүре бергенде, бір топ оқ ұшқан шілдей жанымыздан зу ете қалды. Қарғып-қарғып окопқа түстік. Танков ыңырсып барып Толстуновтың алдына құлай кетті. Толстунов оны қосқолдап сүйей берді. Танков түрғысы келіп ұмтылып еді, тұра алмады.

—Жолдас аға политрук, мені жатқызыңызшы,— деді әлсіреген үнмен лейтенант. — Жарам ауыр болу керек. Лейтенантты санитарлар носилкаға салғанда, оның өңі шүберектей қуарып, иығынан дем алып жатты. Қасына келіп қолын ұстағанымда қолы сұп-суық екен.

—Сергей, Отан алдындағы еңбегің үшін рахмет,-—дедім. Танков маған бір қарап күлімсірегісі келіп еді, шамасы келмеді.

—Лейтенант Сергей Танков соғыска аз-ақ қатысты-ау, қандай өкінішті,— деп үзіп-үзіп айтты да ауыр күрсінді де маған бір, Толстуновқа бір карап сылқ ете

түсті... Танковтай жігіттен айырылғанымыз бәріміздің де қабырғамызға қатты батты. Толстунов басы төмен түсің кеткен, Степанов жан-жағына алақ-жұлақ қарай береді Бозжановтың қолындағы жаман бәкісін калай алып ал-ғанын білмеймін, өзі де білмейтін болса керек, соңың ұшымен жерді шұки берді. Қадірмен көмандирден жоқ жерде айырылғаным маған да оңай соғып отырған жоқ. Ол екеуміз бір бірімізді жаңадан ғана танып келе жатыр едік.

— Қой, бүйтіп қайғырып отыра бермейік, жолдас комбат,— деді Толстунев мені ауыр ойдан селт еткізіп,— соғыстың аты соғыс, барлық адамды да сақтағың келеді, бірақ, ойлағаңыңдай бола бере ме. Танковка тиген оқ өзінді де жұлып әкетуі мүмкін де еді. Бұдан былай сағырақ болу керек. Сактық та қорлық жоқ деген емеспе. Енді не демексің? Соныңды айт.

Матренино станциясы жәй карапайым станциялардың бірі. Жанында Матренино деген қыстақ бар. Сондықтан да станция осылай аталған болу керек. Темір жол деревняның едәуір жерін шеңберлей орап өтеді. Немістер Матрениноға әлсін-әлсін дамылсыз миномет пен артиллериядан оқ жаудырғалы бес сағат болды. Станцияда не бар, не жоғын білуге барлаушылары әлденеше рет ұмтылды. Гүрсілдетіп атып-атып алады да тына қалады. Одан кейін мылтық, пулеметтер тырылдайды. Қайтадан артиллерия боздап қоя береді.

—Филимвнов! Не боп жатыр сенде?

—Ұрып жатыр, жолдас комбат,— трубкадан Филимоновтың үні естіледі.—- Артиллериямен де, минометпен де өкіртіп төмпештеп жатыр. Бірнеше рет баса-көктеп кеткісі келді.

— Танкісі кеп пе? Жаяу әскерлері қанша?

—Танкілері жоқ. Жаяу әскері екі взвод, ары кеткенде бір ротадай болу керек. Орманға кеп түйісіп жатыр, жолдас комбат.

—Ал, сен не істемексің?

—Лап койған кезде алдынан окпен карсы алмақпын... Басқа не істей аламыз, жөлдас комбат? Лейтенант Филимонов Ефим Ефимович мекен бес-алты жас үлкен адам. Бұрын атты әскерде болған. Ертеден келе жатқан командирлердін бірі. Осы соғыстан екі-үш жыл бұрын армия қатарынан босатылған екен. Қызметте болған жерлерінде аса сүйкімді болмай, қудаланыпты, «қолынан іс келмейді» атанып, біраз зәбір көргенге ұқсайды. Армия қатарына қайта оралғанда сол сәтсіздіктерден едәуір қажып, жасыған керінеді. Біздің бахальонға келгенде мүлде жүдеу болатын. Сондықтан ба өзінен жасы кіші, тәжрибесі аз адамдармен қатар кіші командир болып жүргеніне намыстанатын да еді. «Талай әскер қатарында болған, бұрынғы эскадрон командирін неге көтермелейді» деп ойлайтын болса керек. Өз дәрежесіне іштей риза еместігі айналаға одырая карайтын кекшіл сары көзінен де, бұйрық берген кездегі оны жақтырмаған ұзын тұмсығынын. жыбырынан да, орынсыз ернін тістеп тығылуынан да көрініп жүруші еді. «Егер әскер қатарынан ерте шығарып жібермегенде осы күні капитан, тіпті майор да болатын едім». Нағыз психолог болса, одан осындай кейіпті де аңғара алады. Мүмкін Филимонов кезінде жақсы кавалерист болған шығар. Онысына көзім жетпейді. Бірақ менін, ақғаруымша ол өкпешіл офицер еді. Ал, көкірегін кетергенде ешкімге дес бермейтін. Сырттай тәртіпті болғансып, бәрін тындағансып, орындағансып тұрғанымен өсы бір адамнын, ішкі дүниесі ренішке толып тұратын. Кейбір шала сауатты тайыз ойлайтын, бірақ өзін кеп істедім, көп енбек сіңірдім, мені ешкім елемей жүр, бекер ренжітеді дейтін адамдар болады ғой. Филимонов тура сондай адам еді. Өз кемшілігін кермейді, құр ерекпиді. Егер полкты басқарыңыз десе, оны басқара ала ма, жоқ па, онымен шаруа жоқ бірақ оған барудан бас тартпайтынына кейін кәміл сендім. Адамның өз кемшілігін өзі мойындап, өзіне-өзі сол кемшілікті жоюға батылынын, баруы, өзінің дұрыс еместігіне көзінің жетуі қиын нәрсе. Ал, біреуді мойындату, өзінің. дұрыс еместігіне көзін жеткізу одан да қиын.

Сонымен Филимонов екеуміздің арамызда алғаш кездескен сағаттан бастап-ақ психологиялық күрес басталды. Ол мені өзінше мойындағысы келмейді, маған бағынуды қаламайды. Ал, мен болсам, онымен ресми сөйлесемін. Басқа командирлермен қалжыңдасып қоятын кездер де болады. Екінші ротаның командирі, бұрынғы бухгалтер Севрюковпен әңгіме ылғи солай болушы еді.

— Иә, Севрюшка, баланс жасадың ба?—Ол тікесінен тік тұрып, екі езуі екі құлағына кетіп жауап беретінді. — Балансқа келмей жатыр, жолдас комбат, — иә, болмаса, «баланс жасалды», «дәлме-дәл шықты» дейтін. Севрюков бухгалтерия терминдерін — «актив», «пассив», «дебет», «кредит», «счет береміз», «есептен шығарамыз» деген сөздерді жиі қолданушы еді.

Ал, Ефим Филимонов өзіне де, өзгеге де риза емес. Менің оған жәй тілмен айтып түсіндіремін деген ойым айтарлықтай табысты болмады. Ол қарсы сөз қатып, орынсыз дау шығаруды өзінше намыс қорғау ретінде қолданғысы келді. Басқа командирлермен саяси қызметкерлерді мұның бұл ауруы бұзбасын деп мен көпшілік арасында онымен: «Лейтенант Филимонов, көп сөзге үйір болмаңыз», «сізбен сөйлесіп тұрған начальник, орныңыздан тұрыңыз», «лейтенант Филимонов, бұйрықты қайталаңыз!» деп сөйлесетін болдым. Ол ызадан булығып қызарып кететін еді. Бірақ әскери тәртіптің аты тәртіп, үндемей екпелі кейіппен қолын шекесіне қойып, бұрылып жүре беретін. Бұйрықты көңілсіз қайталайтын. Неде болса оны біраз тәртіпке шақырғым келді. Оның ротасы жауынгерлік әзірлік жүргізіп жатқан маңға келіп, сағаттап жүретінмін; Оңаша шақырып алып бірнеше сұрақтар қоямын. «Устав бойынша мынау қалай болуға тиіс?» Шатасқан жерінен ұстап алып «сіз уставты оқымағансыз, сондықтан оны білмейсіз, сіз адамдарды арандатасыз!» дейтінмін. Марштарда оны саптың ең басына, қолына топогра-фиялық карта немесе схема беріп жіберемін. Белгілі бағыттан ауып бара жатса, (ол үдайы шатасатын) шауьш келіп токтатамын да, қайтадан схёмаға қараттырамын, картаны дұрыс ажырата білуге үйретемін... Тактикалық әзірліктер кезінде еңалдымен сөзді соған беремін. Қойылған міндетті, қандай шешім қабылдауды, жағдайдың қандай екенін айту керек. Бірақ, ол осы үш нәрсені айыра алмайтын еді. Салған жерден шатысқан шешім қабылдайды. «Мен былай еткім келеді» дей бергенде-ақ Краев, Севрюков, Попов, Бозжанов, тағы басқа командирлер Филимоновты мазақтап, сықылықтап күлетін-ді. Оқушыларға мұның бәрі «байғұс» Филимоновты қорлау, мазақтау сияқты болып көрінуі мүмкін. Олай емес, құрметті оқушым. Солдат, я офице-р болу — жалпы әскери қызмет ойыншық емес. Соғыстан катал ешнәрсе жоқ. Ол ешкімнің еркелігін көтере алмайды. Сондықтан бұл дағы қаталдық — үйрету, кемшілігін мойындату, сөйтіп адамды түзеу. Соғыста «ей, тоқтай тұрыңдар, атпандар» деуге болмайды. Онда адамды адам аңдиды. Адамды адам атады. Армия үшін «кеңпейілді камқорлар» емес, қатал командир керек. Қадірмен ата-ана баласын «оқыт, үйрет» деп тапсырғанда содан азамат тәрбиелеп шығара алатын «стаз қандай болса, командирде сондай болу керек. Командир қан төгіс үстіндегі ұстаз. Қаталдық сондықтан да ол үшін айуандық емес, ұстаздық. Адамның бәрі бірдей болмайды. Біріне сез айтудың өзі де жеткілікті болса, екіншісіне түсіндіру керек үшіншісіне желкелеп істетудің өзі сабақ. Бозжанов, Краев, Рахимов, Севрюков, Степанов, Борисов, Танков сияқты жауынгер достарға «мынау неге орындалмаған» деген сөздін, өзі қатаң сегістен арман батушы еді. Ал, Ефим Филимонов «неге» деп сұрақ қойсақ, «олай болған себебі» деп ақтала бастайды. Сондықтан да мен одан еш уақытта «неге» деп сұрамайтын болдым. «Мен не айтсам, солай етіп орындаңыз. Орындалғаңдығы жөнінде келіп айтыңыз» деп бұйырамын. Бір күні түсте полк бойынша жазылған бұйрықты әкеп тапсырды. Сол түні батальоннын, ат қорасындағы күзетшінін, ұйқтап қалғаны үшін сегіс жариялапты, маған. Таң-тамаша болдым. Батальон бойынша кезекші үшінші ротаның политругі ұзыншұбар Еникеев еді. Бүкіл наряд осы ротадан болатын. Еникеев ертемен келіп бүгінгі кезекте оқыс ешнәрсе бола қойған жоқ деп кеткен. Ал, мына бұйрықта айтылып отырғаны не? Аң-танмын. Батальон бойынша кезекші Еникеев. Қарауылдағылар соның қоластында. Бірнәрсе болса, ең алдымен маған айтуы керек қой. Батальон командирі емеспін бе? Ұйқтап қалған жауынгерді жазаға тарту қажет. Отделение командирі, помкомвзвод, взвод командирі, рота старшинасы, рота командирі, рота политругі, штаб және батальон бойынша кезекші бар. Міне, маған дейінгінің өзінде қаншама әкім. Мен болсам солардың бәрінің командирі, жаза беру менің міндетім. Ай жоқ, шай жок, көктен түскендей бірден батальон командирінің өзіне сөгісті сарт дегізген. Түк түсінсем бұйырмасын... Сейтсем Еникеев таңертең маған ешнәрсе деместен болған жайды барып айтыпты. Бұл әрекетінің астары кейін белгілі болды. Осылар политрукті неге кезекшілікке жібереді деп намыстанып, мені алғысы келген екен. Мен полк командирі майор Елинге барып, ергең бұйрықтарына таң-тамаша екенімді айттым.

—Маған алып келді, қолымды қоя салдым, әйтеуір бұйрықты комиссардың өзі жазған ғой онда,— деді сау сақтарымен столды тықылдатып.

—Олай болса, жолдас майор, уставта көрсетілгең правомды, маған да пайдалануға рұқсат етіңіз, батальон командирімін, қарамағымдағы адамдарды мен де жөнге салып көрейін.

—Сіздің правоңызға ешкім қол сұкпайды, еркіңіз білсін!

Мен штабка қайтып келдім. Рахимов сағат 5-ке мәжіліске шақырып жатқанын айтты. Мен үшінші ротаның командирі Василий Попов пен политрук Еникеевті шақырып алдым. Еникеевті кезекшіліктен босатып, оның орнына Поповты қойдым. Взвод командиріне жаза қолдануға, ал ұйқтап қалған жауынгерге сол отделениенің командирінің жаза қолдануына бұйрық бердім. Отделение командирі өз жауынгеріне қандай жаза колдануды өзі таңдасын, онда ешкімнің шаруасы болмасын. Попов сасып қалды, «жарайды, жолдас комбат...» деп бұйрықты қайталады. Ал, Еникеев құп-ку болып кетті. Оның бетінің шұбары бұрынғыдан да тереңдей түскендей. Мен Рахимовқа кезекшінің және батальон командиршің праволары жөніндегі уставтың тармақтарын әлгілердің кезінше дауыстап оқуға бұйырдым.

—Міне, жолдас политрук Еникеев, мен сізді Қызыл Армия уставына сүйеніп кезекшілікке жібердім және босатып отырмын. Өз міндетінізге жауапсыз қарағандығыңыз үшін кезектен тыс екі наряд беремін.

—Жолдас комбат, сұрақ қоюға рұқсат етіңізші!

—Сұрамай-ақ қойыңыз. Қайталаңыз бұйрықты!

—Кезектен тыс екі наряд алуға әзірмін.

—Барыңыз полк комиссарына осындай жаза берді деп айтыңыз.

Сағат 14,30. Полк штабынан байланысшы жауынгер жүгіріп келді. «Сағат 17-ге шақырылған кеңес болмайтын болды». Әлгі жауынгер кеткеннен кейін Рахимов шексілесі қатып күлді.

—Не болды саған?

—Түк те болған жоқ, жолдас комбат,—дедІ күлкісін баса алмай. Мәжілісті болдырмаған олар емес сіз. Мен болдырмағаны қалай?

_ Түсінбейтін түгі де жоқ. Бүгінгі «төтенше жағдайды» бетке ұстап біздің батальонды — Сізді біраз умаждай алғысы келген адамдар болғанға ұқсайды.

_Оны сен қайдан естіді?

—Толстунов келіп мені, Бозжановты шақырып алды

—Е... е. Полкте бізге қыдиғысы келетіндер бар десенді. Қай бір жақсылық дейсің.

—Солай болуы керек... Келесі күннен бастап Толстунов біздің батальонға жиі келетін болды. Штабта, асханада, қызыл әскерлердің жиналысында, офицерлердің жиналысында ұдайы болып жүрді. Кетерінде маған келеді де жайлап қана:

—Менінше әзірге жаман емеспіз,— дейді де аржағын күлімсірей күмілжіп қана мына бір арасы ғана (ол кебінесе мына бір «мәселе» дейтін) сәл болыңқырамай тұр, сіз қалай қарайсыз,— дейтін. Толстунов полктың бізге арнайы жіберген бақылаушысы екенін бәріміз де білдік. Мұны жасап отырған полк комиссары. Комиссардың тетенше қадғалуы, шынымды айтайын, маған аса ұнаған жоқ. Мен де бәрін тура устав бойынша жүргіздім.

«Адал» командир Филимоновты «қорлап» жүр деген хабар генералға жетіпті. Бір күні Талғар станциясының бір шетінде батальон жауынгерлік әзірлікте жүр еді. Ойда жоқта бір жеңіл машина зу етіп жетіп келді. Машинадан генерал түсті, қасында полк комиссары. Генерал әскери әзірліктің жоспарын сұрады. Бір абыройы Рахимов екеуміз түні бойы ұйықтамастан оны жасап қойған едік. Хабибулланың әдемі жазуымен өрнектелген картаны жайып салдық. Генерал біздің жоспарды мұқият қарап шықты да, бірнеше сұрақтар қойды.

—Кім жасады жоспарды?

—Лейтенант Рахимов екеуміз, — дедім мен.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 305 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...