Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 7 страница



_ Мақұл-ақ, Петя, онда сен он, жақтан, мен сол жақтан команда беріп, үлгі керсетейік.

_ Макұл, жолдас политрук... Сөйтейік... Қолдан келген осы болды дерміз...

Моторлары сарқырама судай сарылдап, лоқси, жалын үстіне жалын құсып, айдаһардай арындап, жиырма танк жер тырмалап қаз қатар келе жатыр. Гранаттарға папиростын, тұқылындай имек гильзаларды салып қойып, жауынгерлер окопта қыбыр етпей, шиыршықталып бұғып отыр. Міне, танк жыланбауыры шақұр-шұқыр шикылдап, траншеянын. жағасына ермелеп келе бергенде бір жауынгер бума гранатты құлаштай сермеп, лактырып жіберді. Танктің, асты жарқ етіп, жер дір етіп бір козғалды. Танк траншеядан аса омақаса құлап, қақпанға түскен қасқырдай шыр айналып барып, кілт тоқтап, жалын құшып, будақ-будақ, қап-қара түтінге бөленді. Арада небары бірнеше минут өтті. Бұл жерде «жан-таласқан», «қиянкескі», «арпалысқан», дөген сөздерді айту олкы... траншеялардын. үстінде жиырма жерден отты қызыл өрт төбе пайда болды. Жиырма танк бірінен кейін бірі жанып жатты. Танктердін, артын паналап келе жаткан жаудың жаяу әскерлері біздің пулеметтерден жаудырған оғымызға төтеп бере алмай, жер бауырлап, бас көтермей жата қалды. Траншеяның түбінде бетіне жас нәрестенің күлкісі үйіріліп, таңқыш мұрынды, кек түтін торлаған аспанға қарап орыстың бір қарапайым, ақпейіл, адал жігіті Петр Угрюмов жатыр... Онын, түрі мына жағдайда: «Қолдан келгені осы болды», дегендей.

* * *

Лейтенант Исламқулов полк штабынан қайтып келе жатып, жолда орман ішінде орналасқан ас пісіріліп жатқан жеріне кідірді. ОЛ азық түліктен босаған жішіктің үстінде қолына кателок алып капуста сорпа ішіп отыр- Жолдас лейтенант! Немістер орман шетіне қалды,- деді асыға-аптыға жүгіріп келғен бір жауын гер.

— Қаруға!—деп, Исламқұлов кателокты қоя салып, айқайлап команда берді. Жауынгерлер винтовкаларын сайлап алғаннан кейін, оларды катарға тізіп тұрғызып, орманның шетіне бастап алып кетті. Рас екен, орманның ашық далаға қараған алаңында маска-халат киген немістер тізбегі жүріп келеді. Исламқұлов жауынгерлерді бір-бірінен бес-алты метр ажыратып, әрқайсысын әр ағаштың тасасына тұрғызды. Өзі айналасьша жас шыбық өскен үлкен еменнің діңгегіне сүйеніп ортада тұр. Немістер ашық алаңның ортасына келе бергенде:

— Огонь!—деп команда беріп жіберді.

Сол команда бойынша жиырма винтовка бір мезгілде, біркелкі гүрс-гүрс ете түсті. Сол сарыннан- тағы да, тағы да үстін-үстін атыла берді... Сыртымызды орап тылға өтіп кеткен жау автоматчиктерінің бір тобы жусап түсті, бір тобы орман ішіне бытырай қашты...

...Алда домбыраның пернесінін үстінен шырай тартылған қос ішектей темір жол рельсі созылып жатыр. Қызыл кірпіштен соғылған бірнеше уй керінеді. Сол үйлердің жан-жағын ала түйе мойнындай сорайған шлаг-баумдер (тосқауылдар) түр. Темір жолдың екі жақ кіре берісінде екі бақанға дастархандай жалпак темір кағылған. Оған оқ тиіп, бетін снаряд жаңқасы тырмалапты. «Поездан сақтан!» деген жазу бар. Бұл Дубосеково разъезі.

Траншеялар мен окоптарды қар басқан. Окоптағы жауынгерлер шолақ тон киген. Олар винтовкаларын окоптың ернеуіне тіреп койып, көздеп алға атып жатыр. Винтовканы кайта октап, суык затвор карыған қолдарын үрлеп жылытады да, тағы да дәлдеп, тағыда атады. Атыс та атыс... Арт жақтан зеңбіректер даусы гүрсіл-гүрсіл шығып, алдыңғы жақтан, немістердің дәл қалың ортасынан қап-кара күл топырақ аралас, кою түтін шаншылып, аспанға бірінің сонынан бірі шапшып кұйындап жатыр. Біреулер күлап жатып, бас көтеркей қалады, біреулер шегініп, далбалақтап тұра кейін қа-шады, дулығалар, қолғаптар, етіктер, шинельдің етектері ербеңдеп құйын-тозаңмен бірге аспанға ұшады... Жаяу әскерлерді серкедей бастап жайратсам, біреуін танктері қоп-қою түтін қауып, зыр қан... барып, бейне — пішіннен, ұскыннан айрылып. Бір орыннан тапжылмай өртене тоқтап қалады.

_ Бәрекелді! — деп айқайлайды жағасында үш шаршы қызыл тоқаш түймесі бар қайратты, жас сұлу жігіт шолақ тонының түймелері ағытылып кетіпті, құлай құлақшыны артына қарай сырғыған, қара бұйра шашын аязды жел желбіретіп түр. Жіңішке қайыс баулы дүрбісі омырауына салаңдап тұр:— бәрекелді азамат, біздің артиллеристер! Азамат! — деп айқайлады ол.— Фашистердің. қақ маңдайынан соқты-ау! — Ол қасындағы жауынгердің иығынан ұрып қалып жағасынан тартып қуана дауыстап,— көрдің бе, біздің азаматтардьщ істегенін,— дейді.— Бауырым, сен де солардай бол, кердің бе біздің жігіттерді!..

Бұл — төртінші ротанын политругі Василий Клочков. Кенеттен, табан астынан аспанды қақ жарып, найзағай жарқылдап отты тілін сумандатып, күн күркірегендей көк аясын жаңғырықтырып жүздеген зеңбірек аңырап, өз әуеніне салып, сарындап қоя берді. Снарядтар мен миналар кейде шырылдап ысқырып ұшып, кейде ыңырана ұлып барып, отау үйдің орнындай жер қыртысын астынан қопарып саз балшықтай илеп, шәт-шәлекейін шығарып жатыр. Әрбір дүмпуден соң қап-қара бұйра толқын сабау түткен жүндей болып аспанға көтеріледі. Осы бір ұлымалы, ызғырыкты, жанкешті үрейлі, жиырма минуттай, сарнап, зарлап түрады. Бұл соғыс музыкасы. Орман шетінен тиісіп, ұмтылған жау танктеріне қарсы біздің артиллерия жаппай бет бұрып, зіркілдетіп ұрып тұр. Есеңгіретерлік, естен тандырарлық атыстан шыққан қошқыл кара түтін қоюланған үстіне қоюланып, орман шетін бөлеп алды. — Қараңдаршы, жолдастар, қараңдаршы,— деп айқайлайды Клочков,— жау біздің артиллеристерге барын төгіп, шүйіле тенді. Ол біздің артиллерияны аяусыз таптап, өз танктеріне жол ашпак,— осыны айтып ол аспанға көтеріле ербеңдей, аударылып, төңкеріліп, жатқан зеңбірек деңгелектерін, үлкен-үлкен фугастық бомбанық керемет шарпуынан тас-талқан болып, жан-жаққа ұшқан бақылау пунктінің бөренелерін көріп, зы-ғырданы қайнап, өзіне-өзі сөйлегендей: «М-да-а-а! Сұм жау есіріп, лепіріп тұр екен, әй лағнаттар-ай!» — дейді.

—Жолдас политрук,:—дейді оған жауынгер айқай салып,— самолет! Самолет!

Аспан мен жер түйіскен көк желектен көтеріліп, үш-үштен, бес-бестен қорқау-құзғын қарақұстай самолеттер айналып ұшып келеді.

— Орын-орынға! Командирлер, маған кел! — деп бұйырады Клочков. Оның командасы бойынша жауынгерлер траншеядағы өз орындарына тұра-тұра қалысады. Жүгіріп жеткен командирлерге Клочков келте-келте, нақ-нақ бұйрық береді.

—Кәзір артиллерия ойнағын тоқтатып, бомбалауды бастайды, оның соңынан танктерін айдап салады.. Гранат пен жанармайды дайындаңдар. Бір адым кейін шегініс болмасын!

...Штурмовиктер жер бауырлай жұбын жазбай тізбек-тізбегімен өтіп, шүйіліп, оқ себелеп, бомба құмалақтап, соғыс алаңын сұрапыл тамұх қызыл шоққа бөлеп жүр. Алдыңғы жақтан моторлардық гүрілі естіледі... Әлсін-әлсін, тоқтап-тоқтап оқ жаудырып, жайына өріп танктер келе жатыр. Арт жақтан біздің сау қалған зеңбіректердің жекелеген даусы шығады. Біздің бір снаряд алдыңғы танктің қақ маңдай алдына барып тиіп жарылады. Танк құлаққа ұрған танадай есеңгіреп сырт айналып кілт тоқтап қалды.

—Айналайын бауырларым-ай, бар екенсіздер ғой!— деп Клочков қуана айқайлап, арт жақка бұрылады... Тағы да бірнеше снаряд нысанаға дәл тиді, бірақ одан қожырар танктер жок, танктер кеп өріп келеді.

—Демек, біздің артиллерияның қатары селдіреп қалғаны ғой,— дейді Клочков ызаланып. Онан соң бір жағына қисайған құлақшынын түзеп киіп, дауыстап айқай салып:

—Жігіттер! Гранатты сайлаңдар! Әрқайсымыздың бәсіремізге екі-екі-танктен тиеді! — деп бұйрық береді. Траншеяны аралап келе жатып, бір жауынгердің жанында тоқтап:—әрқайсымызға екі-екіден,— деп қайта-лайды.— бұл аса көп емес. Сен тек жақынырақ келтір, ерім!

—Жарайды, жолдас политрук,— дейді оған әлгі жауынгер. Біреуін мынау бумамен жайратсам, біреуін жанармаймен жайғастыруға тырысамын... — Сөйт, азаматым,— деп Клочков онық қолын сілке тартып қатты қысады.

Қызған қырғын соғыс. Жаяу әскерлер мен танктерін, соғысы. Танктер әзірше 80—100 метрдей жерде.)Қауынгерлер танктердің сығалауы сақылауын дәлдеп атып жатыр. Бірнеше танк тоқтап қалды. Сірә, сауытқа тиіп, мыжыла шашыраған оқтың қорғасынынан ішіндегі немістер жайраса керек. Бірақ, басқалары анталап, траншеяларға таяп келеді. Міне-міне траншеяны енді таптап өтеді-ау... Жоқ, кенет бір мезгілде бірнеше гүрсіл қатар шығып, окоптың ернеуіне ілінген танктердін, омырауын от жалап, лаулай бастады. Сейтсе де бір танк жауынгерді жаншып, траншеяны басып өтіп, ары асып түсті, сол сәтте ол жауынгердін көршісі окоптан ырғып шығып, танктың артынан қуып жетіп, жанармайлы бетелкемен дәлдеп ұрды. Танк қонырсып жана бастады да, тарс жарылды. Ал, жауынгер болса, сандала басып, тәлтіректеп барып, траншеяға құлап түсті......Клочков окоптың жиегіне теңселе сұлап түсіп сүйенді де... сәтке дәрмені бітіп, басы твмен салбырап кетті.

—Жолдас политрук, сіз жараландыңыз ғой? — деп бір жауынгер шошынғандай қасына жүгіріп келді.—

Медпунктке барыңыз.

—Иә, мына бір жерімді бір нәрсе күйдіріп өткендей болды. Ештеке етпес, жазыла... Тағы да өріп келеді! — деді, ол дене бойына жад бір толқын күш жиналғандай серпіліп, қалжыраған, қажыған кұп-қу өні тастай түйіліп, жанын кинаған ауыр жараны ұмытқандай-ақ, сілкініп, жауынгерлерге қарап, тау қыранындай саңқылдап айқай салды.

— Россия ұлан байтақ — бірақ шегінуге жер жоқ. Артымызда Москва! — деп атойлап, ол қолындағы бір бума гранатпен алдында келе жаткан танкке ұмтылады... Тірі қалғандар соның істегенін істеп, сонын. «ерлік» деген жалғыз сөзге сыймас аз да болса мол, касқағым болса да зор қимылын кайталайды... Дубосеково разъезінің түбіндегі айқаста снарядтар мен бомбалардан айғыздалып, жараланып, канға бегеп Қақыраған жерде жау танктері жалқын жалын мен быксық түтінге оранып, жеткен жерлерінде жанып жатты.. Горюны. Бұл Волоколамск тас жолдын екі жағасына орналасқан кішігірім деревня, жиырма бес шақты үйі бар. Үйлері кәдімгі Россия деревняларына тән шыбық шарбақты ағаш үйлер. Егер майдан-жаққа бетіңді бұрып, картаға қарап тұрсаң, карта бетінде кішкене өрмекшідей болып тырбиып жатқан Горюныны көресің. Сол жерден жан-жаққа ермекшінің торындай болып жіп-жіңішке жолдар тарайды. Біздің батальонның басты тірегі мен штабы осы Горюныда. Рахимов кіріп келіп хабарлай бастады. «Комдивтің резервінён біздің батальонға танкке қарсы ататын өрт зеңбірек берілді, оларды қайда орналастырамыз?» — деп сұрады Рахимов.

— Жолдас комбат, ол зеңбіректерді деревняның шетіне орналастырайық,—деп кеңес берді Бозжанов.—-Өзімізде бұрыннан екі зеңбірек бар, енді тертеу қосылса — алтау болады. Соның бәрін бүркемелеп, үйлердін тасасына орнатып қойсақ, кұдай бар, тас жолдан бірде-бір танк өтпейтін болады. Алты зеңбірек бірдей іске кіріссе танктердің тамтығы да қалмайды, көрерсіздер.

Рахимов Бозжановқа жақтырмағандай көзінің астымен қарап алып, қартаға бірдеңелерді сьгза бастады. Рахимовтыц өз пікірі бар, бірақ ол әдеттегісінше әдеп сақтап, өзің сұрамайынша ешнәрсе айтпайды, орынсыз сөйлемейді. Оның сырын білетін мен қолыммен ишарат білдіріп Бозжановты тоқтаттым да Рахимовқа қарап:

—Хабибулла, өз ойыңды айтшы, қалай етсек екен?

—Онда рұқсат етініз, жолдас комбат,— деп, Рахимов өз картасын маған қарай ысырып қойып, аспай-саспай, — менін ойымша, жолдас комбат, біз зеңбіректерді үйлердің немесе сарайлардың тасасына қаншама мықтап бүркемейік, бәрібір бірінші атыстан кейін-ак жау оны сезіп қалады. Егер немістің бір снаряды зенбірек қалқалаған үйге түссе үй өртеніп, не құлап зеңбірекшілерді өз басымен әуре қылады, барымыздан айрыламыз.

—Ал, егер...— деп Бозжанов Рахимовтың ойын бөліп жібермекші еді..."

—Жолтай, үлкендер сөйлеп тұрғанда, кішілер тыңдар болар,— деп зекіріп тастадым. Бозжанов құлағына дейін қызарып кетті, ал, Рахимов болса, оған менін. зекіргенім үшін кешірім сұрағандай болып:

— Жалмүхамбет, сен сейлеген кезде мен сөзіңді бөлген жоқпын ғой,— деді. Сонда Бозжанов бұрынғыдан бетер қызарып, түтығыпәрең сөйлеп:

— Айыптымын, жолдас комбат!— деп сәл саскалақтап.— Менің сіздермен бірге болуыма рұксат етіңіз,—деді.

— Мен сені қуып жіберейін деген жоқпын, тыңдағын келсе тыңдай бер.

— Жолдас комбат, менімше,— деп Рахимов сөзін сабақтай берді.— Менімше біз соққыға ұрынып қалмас үшін, зеңбіректерді деревнянын. шетіне емес, орманның шетіне орналастыру керек, міне, мына жерге... Одан әрі Рахимов схема сызу бойынша өз пікірін айта берді. Алты зенбіректі картаға белгілеп, деревия сыртындағы орманнын, шетіне орналастырды.

Мұқият сызылған схема түскен ойына карағанда біз зенбіректерді былай пайдалануымыз керек екен:

— Жолдас комбат, мен былай ойлаймын,— деп Рахимов өз схемасын түсіндірді.— Бізге зеңбіректерді сарайға тығып қойғаннан гөрі, орманға, міне, былай орналастырғанымыз пайдалы. Біріншіден, орманның аты орман, онын. әрбір бұтағы пана; екіншіден, біздін, зенбіректер бір орында байланып қалмай, еркін қимылдайтын болады; үшіншіден, біздің зеңбіректер мына жер жағдайында бірінің артынан бірі тірек, бір-біріне көмек бола алады; төртіншіден, жолдас комбат, орман ішінде бұл зенбіректер біріне-бірі қол жалғасып байланыс үзбей, орманнан шыға берісімбн Горюныға дейін тас жолды нысанаға ұстап тұра алатын болады. Мен мына картада болжанған жердін бәрінде болып қайттым, зеңбіректер орналасатьга орындар ыңғайлы.

—Ал, бүл пікіріңе артиллеристер қалай қарар екен?

—Мен оларға да айттым. Егер сіз мақұлдасаңыз, олар карсы бола қоймас деймін.

—Айтқаның көнілге қонымды екен, Хабибулла, өз жоспарың, өз ойың, сол ойың бойынша зеңбіректерді өзің орналастырып, артиллеристерге өзін, тапсырма бер.

—Құп болады, жолдас комбат! Кетуге рұқсат етіңіз...

-Рахимов шығып кеткен кезде, Бозжанов оның картасына қайта-қайта үңіліп карай берді.

—Білдің бе енді?—дедім мен оған.— Сен болсаң бірінші атыстан кейін-ақ, біздің зеңбіректерімізді жерлемекші едің ғой.

—Рас-ау, жолдас комбат, солай екен-ау, ә,— деді Бозжанов күрсініп...— Япырмай, ә... Біздің Хабибулла ақылды жігіт қой, шіркін. Ақылды, ақылды. Ол терең ойлайды.

—Жә, болды! Көкек қоразды мақтайды дейді. Алдыңғы күні сен «көкжал қасқырсың» деп Курбатовты мақтадың, ол да сенен қалыспай сені «о жолдас политрук, сіз арыстансыз!» деді. Енді келіп Рахимовтын, ақылын дәріптейсің немене, сенің жүргізген саяси жұмысын, осы ма? Оңдырады екенсің.

—Айыптымын, жолдас комбат!..

—Бар, онан да Рахимовты қуып жет, сенің ротаңды, дөңгелекті үш пулеметті сол жерге қалай орналастыру керек, соны ойластыр, сонан соң келіп хабарларсыңдар.

* * *

Екеуі де кетіп қалды. Мен сол орнымда өзіме-өзім ренжіп налып отырмын. Бозжановқа неге ғана зекірдім: Ол менің бұйрығымды нақтап қайта кайталаг бұрылды да шығып кетті. Сол кезде оның арқасы маған өкпелеп, сәл бүрісіңкірегендей. болды. Менің жаныма, әсіресе сонысы катты батты. Неге ғана зекірдім?.. «Ақымақ бас аякка тыным бермейді», деген халық мақалы ойыма сап ете түсті. Сол кезде екі бетім дуылдап, көзім қарайып, басым айналғандай болды. «Танковтың ротасын неғып Горюнының шарбақтарына таңып қойдым? Жауынгерлер менің бұйрығымды орындап екі күн екі түннен бері тоң жерді көртышқанша тісімен тістеп, тырнағымен тырналап, үйлер мен сарайлардың астынан кеулеп окоп қазып азаптанып жатыр...» «Егер немістің.бір снаряды немесе бомбасы зеңбірек қалқалаған үйге түссе жетіп жатыр...» деді Рахимов. «Сен біздің зеңбіректерді жерлемекші ме едің» деп

ұрысқаным Бозжановқа, ал өзім болсам, түгел бір ротаны күні бұрын көрге көмбекші болып отырмын, бұл қалай?..» Осындай ойлар жанымды жегідей жеп береді. Өзімнен өзім қиналып сол орнымда отыра бердім.

—Рұксат етіңіз, жолдас комбат! — деген дауыстан мен селк етіп, ұйқыдан шошып оянғандай болдым. Қарасам алдымда лейтенант Танков тұр екен.

—А, Сергей, сен екенсін ғой,—дедім мен, — бірнәрсе айтпақ па едіңіз маған?

—Иә, жолдас комбат, баяндайын деп едім.

—Е-е-е, иә, әскери адамдар «айтпайды», «баяндай-ды»,— деп қатемді өзім түзедім.— Ал не, баяндай бер.— Лейтенант Сергей Танков менін, абыржығанымды сезіп, онысы несі дегендей қайран калып, еріксіз тұтығып қалды, сонда да болса өзін өзі бекем ұстап, баяндай бастады.

—Жолдас комбат, Бозжанов ез пулеметтерін орманға әкетіп қалды, жаңа позицияға көшпек. Ал, мұнда сіздің бұйрығыңыз бойынша пулемет ұясы жасалып, бүркемеленіп еді ғой. Бұл қалай, жолдас комбат. Пулеметсіз біз қайтеміз?...

—Пулемет сендерде болады. Орманға сендер де барасындар. Мен деревняға орналаспайық деп шештім.

—Ал біз қазған окоптар ше? — деді Танков аттан, алып.

—Ол окоптар сақтықта қорлық жоқ,- бірде болмаса бірде керегі болып қалар.

Мен Танковты Рахимовтын. жобасымен таныстырдым да:

—Орманға барыңдар, орын тандап алындар, взводтардың позициясын белгілендер, қаруды барлық түрімен Горюныға кіре берісті бірлесе отырып ұстап тұрамыз,— деп бұйырдым Танков кетіп қалды. Мен картаға ақырғы қортынды шешімді түсірдім. Лейтенант Сергей Танков — орта бойлы, сымбатты, кең мандайлы, көк кезді, сәл жалпақ мұрынды, төменгі ерні салыңкы жігіт еді. Ол қатардан шыққан лейтенант Василий Поповтың орнына, біздің батальонға таяуда ғана рота командирі болып келіп еді.

Оның соғыс жағдайьша үйлеспейтін өте интеллигенттік мұқияттылығы майдандық тұрмысқа жараспайтын шектен тыс әдептілігін көргенде, оны мына әскери фоп. мада емес, сылқымдана киген костюм ішінде көргім келетін де тұратын. Оиың үстіне ол маған тым сақтана қарап, сақтана сөйлеп, тап мені бір сынаған, зерттегең адамдай катынаста болды. Мен оны өзімше «астаналық лейтенант» деп атадым. Оньшен өзім, неге екенің білмеймін, ұдайы жүре сөйлесіп, тек «сіз» деп сыпайы түрде атаушы едім. Айталық, Семен Краев, Жалмұхамбет Бозжачов тағы басқа майдандас достармен майдан әдеті бойынша «сен» деп кейде катаң, дөрекі, кейде жайша, қарапай-ым түрде біріміздің үлкен, біріміздің кіші екенімізді ішімізден ғана біліп, аға тұтьш, сөйлесіп жүре беретінбіз. Ал, мынау... әйтеуір не керек, екеуміз де тартқан ішектей тырсылдап, қысылып жүрдік. Танков кеткен соңтағы да ойға шомып генералдың: «Командирге шешім қабылдау оңай емес. Жұрттың айтқан кеңесіне әрдайым құлақ сала жүріңіз», дегені есіме түсті. Сәске түсте Горюныға астына қарагер ат мініп, біздің дивизиянын артиллерия начальнигі подполковник Виталий Иванович Марков келді. Аласа бойлы, қыр мұрынды, қысыңқы коңыр қой көзді, қырық жастардағы аққұба жирен шашты кісі еді ол. Аттан түсіп менімен қол алысып, амандасып:

— Мені сізге генерал жіберді. Өзін Армия штабы шақырып, сонда кетті,— деді. Біз штабқа кірген кезде, барлык офицерлер подполковникке тікесінен тік тұрып ізет көрсетті. Марков олардын бәрімен кол ұстап амандасты да, асықпай шешініп, жирен шашын сипап кайырып койып, орындыққа отырды. Сонан сон, бұйыра сөйлемей өтінгендей сөйлеп:

—Жігіттер, сендер далаға шығып серуендей тұрыңдар, комбатпен біраз оңаша сөз бар еді,— деді. Офицерлер мен солдаттар үн-түнсіз шыға кетті. Марков өз картасын столдың үстіне жайып тастап, сипалап тұрып:

—Жағдай қиын, бірақ обалына қалып керегі не, жігіттер жақсы-ақ соғысып жатыр. Міне, екі күннен бері жауды ілгері жібермей ұстап тұрмыз. Адамнан да, техникадан да шығынымыз аз емес, бірақ жаумен табан тіресіп тұрмыз. Бүгін біздін, авиация жақсы қимылды. Онын бізге үлкен кемегі болды,— деді.

Одан әрі Марков мені жағдаймен таныстырып, қай жерде қай полк соғыс жүргізіп жатыр, біздің бекініске жау қай тұстан, қашан сұғынды — соның бәрін керсетіп берді. Артиллеристерге тән ұқыпты жұмыскартасынан жыланша ирелеңдеген өзендей бұралаңдап майдан щебі созылып көрінеді.

Ол өз күдігін айта сөйледі. Біздің авиация жаппай ушып, бірнеше рет шабуылдан жау тобын талқандағаннан кейін, ол қалдығын жинап, оның үстіне — тағы да күш қосып, күн бата сол еселенген күшпен шабуылға шыға ма, біздің жігіттер кешке дейін шыдап тұра ала «а деп қауіптенетіндігін айтты. Генерал Армия қолбасшысына кетті, кемек сұрамақшы, немесе түн қараңғысын жамылып, келесі шепке шегінуге рұқсат сұрамақшы дейді.

Бұл әңгіменін бәрі екеуміздің арамыздағы ғана ете құпия әңгіме екенін ескертіп,— ал, кәне, ез шешіміңізді баянданыз,— деп маған бұйырды. Мен карта бойыңша баяндадым.

—Бұл карта ғой, ал, осы баяндағаныңыз жер жағдайына қандай байланысы бар екен, соны барып, көрейік,— деп бұйырды подполковник. Біз жүріп кеттік... Штабқа қайтып келген соң, Марков батальонныц орналасуын, атыс позициясын өз картасына мұқият түсіріп алып:

—Меніңше, негізінен дұрыс шедім қабылдағансыз. Генерал да қоштар деп ойлаймын. Мен ол кісіге бәрін баяндармын. Тек сіз ойламаған бір нәрсе: егер біздіқ алдыңғы шептегі әскерлер бүгін шегіне бастаса, оларды өз тұсыңыздан, соғыстық тәртіпке тұрған саптан қалай өткізіп жібере аласыз? Сол жағын ақылдасып көрейік, Подполковник екеуміз бірнеше парақ қағаздың бетін сызып шимайлап, жағдайдың бірнеше түрін қарастырып көрдік. Бірнеше мәселені шештік. Менімен қоштасып тұрып Марков:

—Ал, алды-артыңыз жайлы болсын, табысқа жетіңіз, одан баска айтарым жоқ. Сіз бен біз сөз қылған жайдың бәрін генералға баяндап барамын,—деп атына мінді. Мен подполковникке рахмет айтып қала бердім. Күшті дауыл кезіндегі жартасқа соққан теңіз толқынындай аласапыран, алып сарынды соғыстың айбынды үні үздіксіз жаңғырығып алыстан естіліп тұр Горюнынын, үстінен біздің самолеттер эскадрилья соқынан эскадрилья орманның үстін сипай төмен ұшып, өтіп барады. Олардан биігіректе штурмовиктерді көктен қорғап, кіп-кішкентай дауылпаздардай истребитель-дер шүйіліп, жүйткіп жүр. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, біздің әуедегі жауынгерлерімізге қадала қарап, қайырлы сапар да тілек тілеп тұрмыз...

—Ә, бәлем фашист, енді сазайыңды тартарсың! Қараңызшы, жолдас комбат, құйрығын көтере шүйіле зымырауын қараңызшы,— деп Бозжанов жас балаша тыпыршып.— Мына жақтан тағы да келе жатыр, тағы да... Мені телефонға шақырды, барсам генерал екен.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 277 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...