Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 14 страница



—Бір сағаттан бері пісетін емес. Отты сөндіріп, асты төгіп кетеміз бе, қайтеміз,— деді Рахимов. Бұл сөзді айтқанда Толстунов:

—0 не дегенің, Хаби? Тамақты қалай тегіп тастап кетуге болады. Кім біледі, қай уақытта солдаттарға ыстық ас ішкізе аламыз, қайнай берсін, пісіре беріңдер. Сіз қалай ойлайсыз, комбат,— деді. Біз кеңескеннен кейін мынадай шешімге келдік. Краев Гусеновоға қарай кете береді. Иксигрик координатын-дағы орманда бізді тосуы керек. Филимонов баоқаларға қарағанда тың күш ретінде ең алдымен жүреді, ал, Бозжанов көлікті, қаруларды және жаралыларды қорғап, содынан жүріп отырады. Краевқа қосылғаннан кейін ол батальон колоннасының ең соңында болмақ. Сапарымыздың беталысьшдағы таңдауымыз тас жолдың сол жағы болды. Өйткені полковник Иван Иванович Серебряковтың хатында біздің дивизияның полктері осыдан екі тәулік бұрын жолдың осы жағында соғысты деген еді. Жау ішкі тас жолдың бойымен ғана кірді, дивизияның негізгі күші жолдың сол жағында болар-ау деген тұжы-рымға келдік....Жау біздің шегініп кеткенімізді байқап қоймасын деп Рахимов орман шетіне бір взводты екі-үш пулемет пен қалқан ретінде қоя тұрайық деді. Толстунов екеуміз Рахимовтың бұл пікірімен келістік. Адамдар орман ішіне жиналды. Борисов кухнялардың, жүк тиеген арбалардың, аспазшылардың арасында зыр жүгіріп, оларды асықтырып жүр. Рахимов орман шетінде қалатын взводты ертіп алып кетті. Осы бір спортшы-альпинист, ботаник, тәртіпті офицер басқаға емес, тіпті езіне де сенбейтін, барлык істіқолмен қойғандай жайғастырмаса көңлі тыншымайтын еді. Ептеген жастық қызбалығы бар, ақкеңіл Бозжановты солдаттардың бәрі жақсы көретін. Ұдайы асығып, «кейде сөзінің артын да жөнді аяқтамаушы еді. Орысша сөйлегенде қазақы үні білініп тұратын. Ол нағыз майдан жауынгері, политрук, жақсы командир еді. Солдаттарды ең қысқандағы айтары: «мен саған не дедім, осылай орында деп пе едім». Келістіріп боқтағаннан оньщ осы сөзі солдаттарға қатты етімді еді. Мұны Жалмұхамбет қатты ашуланғанда айтатын. Филимонов болса шікірейіп, менменсіп жүрегінді. Толстунов менімен қатар келе жатыр, оның бір қасиеті барлық солдаттардың аты-жөнін білетін еді. Кейдё калжыңдап «қыраным», «бала-пан бүркіт», «қарт солдат», кейбіреулерге «сен нені көрмедім дейсің, күшік түгіл, итті де бітеу жұтқан мықты емессің бе», деп қоятын. Взводтар бірінен соң бірі үш жорық кухнясы тұрған жерге жинала бастады. Аспазшылар бұрқылдап қайнап жатқан қазанға ожауды көміп жіберіп солдаттарға толтыра-толтыра ботқа үлестіріп жатыр. Буы бұрқыраған котелоктерді әкетіп бара жатқан жауынгерлер. Әскерде жүргелі котелокті мұншама толтырып асбергенді көрген жоқ едім. «Мұнысы несі» деп таң қалдым.

—Көже орнына қою ботқа беріп жатқандарын. қалай? — деп сұрадым. Тапалтақ семізше келген аспазшы:

-— Лейтенант Борисов барлық крупа мен етті сал деп бұйырды. Міне көрдіңіз бе, жолдас комбат,— деді ол кішкене ожаумен қазаннан ботқа алып,— крупа қанша болса еті де соншама. Жетпей калады деп тұрсыз ба? Барлығына да жетеді, кейбір қомағайларына жарты ожаудан тағы да беруіме болады,— деп күлімдеді ол. Басқа кухняларда да тап сол. Борисовты шақырьш алдым да:

—Сен қашан өлмексің, лейтенант Борисов? — дедім. Борисовтың есі шығып кетті. Сасқалақтап, не дерін білмей қалды. :.

—Не деп түрсың, комбат,— деп Толстунов жеңімнен тартты. Мен сенен сұрап тұрмын, қашан өлмексің, Борисов? Жауап беріңіз. Айт қашан өлетінінді,— дедім. Бориссв көзін жыпылықтатып, саскалақтаған күйі:

—Жау қашан өлтіреді, сонда... Әйтпесе ажал жеткенде, жолдас комбат...

Толстунов күлді де, калжындап:

Өз ажалымыздан бұрын бізді ешкім де көрмей ді,— деді.

—Қалжьщдағым келіп тұрған жоқ, Федор Дмитриевич,— деп оның бетін қайырып тастадым да, кайтадаң Борисовке:

—Сен неге барлык қолда барды қазанға бірақ салғыздың? Түске дейін- батальон құрып бітеді деп пе ең? Енді ешкімді тамақтандырмаймын ғой дедің бе, әлде? Түсте, кешке, ертен не бермекпін?

—Иә, бұл жерде ойланбаған екенсіз, Борисов,— деп Толстунов сөзге араласты.— Мен енді тусіндім, жолдас комбат. Неге олай еттіңдер, тамақты неге тауыса салдыңдар, батальонға әлі күн көру керек қой...

—Маған солай істе деп Рахимов бұйырды. Мен оның бұйрығын, орындауға тиіспін ғой. Өйткені ол менің бастығым, — деді жыламсырап, тұншыққан Борисов.

—Жарайды, барыныз олай болса,— деді Толстунов.— ахимовтың өзі жауап берер.

—Краевқа тиісті сыбағасына қол тигізуші болмаңдар,— дедім мен кетіп бара жаткан Борисовка.

—Борисовтың жазығы жоқ екен ғой, бекер ұрыстың. Рас, қазанға бар тамақты салып жібергені дұрыс болмаған. Рахимовпен мен сөйлесейін ұлықсат ет,— деді Толстунов. Осы сәтте бытырлаған мылтық даусы естілді. Танкіге карсы зеңбіректің үні де бір рет тарс ете калды...

Толстунов екеуміз бір котелоктен ботқа жеп отыр-ғанымызда Рахимов келді.

— Немене, Хаби, неміспен таңата «амандасып» ал-дыңдар ма, — деп куле сөйледі Толстунов. — Бізді көрдің бе, тәтті тамақ жеп, рахаттанып отырғанымыңды. Рахимов шаршаған болу керек, сылк етіп отыра кетті де менің атшыма тамақ әкеліп беруге бұйырды....Біз жаудың тылында өз құрамына қарай орман арасындағы жалғызаяқ жолдармен жүріп келеміз. Тас жолдың кей жерлерінен соғысып өттік. Бір уақытта тас жолға тағы да тақап келіп қалдық. Қарасақ дұшпан әскерлері машинаға мініп, зымырап өтіп бара жатыр екен. Тас жол енді олардың өздерінікі сияқты. Біз жолдың дәл жиегіне келіп жатып бір мотоколоннаны өткіздік. Екіншісі жақындап келеді. Машиналар толған жаяу әскерлер. Машинз жургізушілерді атрай, оның үстіндегі солдаттарды ғана атуға бұйрық берілді. Колонна бізге қатарласып келіп қалғанда, атқылап коя бердік. Аяқ астынан атысқа тап болған машина шоферлары сасқалақтап бар пәрменімен зымырай женелді. Бір «шалағай» соңғы машинаның алдындағы шоферді атып жықты. Машина тұрып қалды. Машина үстіндегі жаяу әскерлер қарғып-қарғып түсті де, бізге қарай оқ ата ' бастады.

— Алға! —Жауынгерлер ілгері қарай ұмтылды, немістерді басып-жаншып өте шықты. Тас жолдан өткеннен кейін орман ішіне кіріп, әрі қарай терендей түстік. Гусеново маңындағы орманның шетіне іліктік. Краев Гусеновоны немістердің алып қойғандығын айтты. Жан-жаққа күзет қойып, екі сағаттық демалыс жасауға, айналаны шолып шығуға келістік. Барлаушылар тапсырмаларын орындауға кетті. Жауынгерлер демалуға кірісті. Краевтың ротасы таңертеңгі, түскі тамағын қосып бірақ ішті. Рахимовтың кеңлі бос, сірә, Толстунов онымен біраз сейлескен болу керек. Рахимов менен тас жол жақты шолып келуге рұқсат | сүрап, өзінің атқосшысымен кетіп еді, содан қайтып

оралмады.

Үлкен үйенкінің түбінде сүйеніп отырып, квзім ілі-ніп кетіпті. Бір уақытта автоматтың пырсылдаған дау-сы естілді. Көзімді ашып орнымнан үшып түрдым.-Үш тәулік бойы каһармандықпен күрескен батальон алды-артына қарамай, тым-тырағай безіп барады. Үстеріне халат киген немістің бір взводы автоматтарын кезеніп келе жатыр. Кухнялардық жанында біздін, аттар түр. «Бәрі де бітті» деген ой келді маған. Не болғанын білмей, есім кетіп қатып қалыппын.

— Комбат қалды, ал, сендер кашып барасьщдар, қайтыңдар кейін! — деген Толстуновтың даусы шырт ұйқыдан оятқандай құлағыма саңқ-саңқ естіледі. Қым-қиғаш атыс бола қалды. Айқайшу, төңірек даңдұқ болып кетті. Әлде біреу «ура» деп айқайлайды. Мылтықтарын кезеніп, ашынған кейіппен адамдар қайта қайтып келеді. Мен қалшиып тұрмын, көзім карауытып кетті. Иә қолым, иә аяғым өзіме бағынбайды, мензең ұйқыда жатқан адамдай тілім де ешнәрсеге келмейді. Ес шығудың не екенін мен сол сәтте білдім. Дәл осы арада он минут ішінде он жылға қартайған болуым керек....Рахимов жер танығыш еді. Кундіз де, түнде де адаспай жақсы бастап жүре алатын. Ол кетіп қалды, қайта оралған жоқ. Ал, батальон алдындағы ротаны бастап келе жатқан Филимонов топографиядан сауатсыздау адам. Взводты басқаратын лейтенанттар Ташкент, Алматы училищелерінен жаңа ғана шыққан тәжрибелері аз жас жігіттер. Амалдың жоқтығынан саптың басына өзім тұрдым. Әрбір әскери адам батальон командирінің шолушы болып алда жүруі өте сирек кездесетінін жақсы біледі. Біз жалғызаяқ жолдар, ашық алаңқылар аркылы орман ішімен келе жатырмыз. Қолымда топографиялық карта мен компас бар. Әрбір бұрылыста бағыттарды белгілеп, жүріп келе жатқан жерңізді картамен салыстырып қоямын.

Шырттай қараңғы түн. Жалғызаяқ жол бізді бір даңғыл жолга әкеп тіреді. Екінші жолға түсу үшін болжауымша тағы екі шақырымдай жер жүру керек. Ал әлгі жолдан жау танктері, машиналары, мотоциклдері бірінен соң бірі шұбырып барады. Сірә, бір бөлім алдыңғы шептегі бір әскери құрамаға қосылуға асығып кетіп бара жатқан болу керек. Біз қараңғы орман ішінде түн жамылып, өтіп бара жатқан колонналарға қарап тұрмыз. Жаяу әскерлер келе жатқан болу керек. Аяқтың дүбірі естілді. Барлаушылар әскерлердің екінші тобы біз тұрған жерден екі-үш километр қашықтықта деп хабарлады. Біз жолға шықтық та бірінші өткен неміс әскерлерінің колоннасы артынан 500—600 метрдей жерде жүріп келеміз. Біржарым километрдей жүргеннен кейін біздің жанымыздан мотоциклге мінген неміс зымырап өтіп бара жатып:

—Русь, русь!— деді.

—Жүрісті жылдамдатыңдар,— дедім мен сыбырлап. Бұл бұйрық соңғыларға бірден-бірге сыбырмен жетіп отырды. Мен жолдың сол жағын ала дәл ернеуіне таяу жүріп келемін. Ойым жалғызаяқ жолды қараңғыда байқамай адасып қалмау, өткізіп алмау. Жалғыз аяқ жолға да келіп іліктік те, солға қарай бұрылдық. Біз орман ішіне кіріп сүңгіп кеткеннен кейін немістер байқап қалды. Соңымыздан қуғындауға жүрексінді білем, 5—10 минуттан кейін бірнеше ракеталарды аспанға жарқырата атып, орман жаққа қарай бірнеше миналарды тартады.

* * *

Тан, ата өзіміздің адамдарға жеттік. Калпаки деревнясы. Штабтағылардың көңлі бәс екен. Дивизиянын жана командирі, полковник Шелудков тұнжыраған адам екен, мені салқындау қарсы алды. Оның қасындағы комиссар Егоров, штаб бастығы полковник Серебряковтардыың да ұнжұрғасы түскен. Менен ешкім ешнәрсе сұраған жоқ. Полковник батальонды полкке апарып қос деді. Дивизия штабының оперативті беліміне кіргенімде капитан Гофман ұйқысы қанбай, кілбиген кезін ұқалап отыр екен. Менімен сүлесоқ амандаоты да «иә, қалай келдіңдер ме?» деп әйтеуір сұрай салды. Содан кейін аласа төсекте жатқан, адамды керсетіп «сіздін аға адъютантыңыз» деді. Қарасам жақағы аласа төсекте шынында Рахимов ұйықтап жатыр. Сөйтсек, ол кеше кешке мұнда тура тартыпты. Оны ояттым да, батальонға бар деп бұйырдым. «Тағы қандай нұсқауларыңыз бо-лады» деген сұрауына «бар деймін кәзір» деп қана қатқыл жауап бердім. Ол шығып кеткеннен кейін Гофман:

—Сіз ол кісіге неге зекідіңіз?—деп сұрады. "

—Жау тылынан өз атқосшыңмен шыққан жеңіл ме, әлде бүкіл батальонды алып шығу жеңіл ме,— деп мен үшін Толстунов жауап берді.

Толстунов политотделге кетті. Гофман үлкен - қара папкадан алып маған екі-үш парақ қағазды ұоыиды. Мен орындыққа орналасып оларды оқуға кірістім. Олар біздің дивизияның соғыс қимылдары туралы жазылған ақпарлар екен. Олардың ішінен біздіқ батальон туралы кейбір үзінділерін ғана өз бойынша келтірейін: «...Батальон вел упорные бои в районе станций Мат-ренино, Горюны. Связь с батальоном нарушена, местоположение его неизвестно...» деп жазыпты 18 ноябрьдің түнгі сағат екіоіндегі жазылған № 24 ақпарда. Сол күнгі азанғы сағат алтыда жазылған ақпардын, бірінде: «...батальон занимает прежнее положение: Горюны, ст. Матренино, отм. 151,0. В течении дня он отразил не-сколько атак противника, подбив 1 танк, захватив орудие ПТО, миномет, тягач с груженой автомашиной и другое оружие и имущество...»—деп жазған екен.

—Бұл ақпардағы жазғандарыңыздың көп жерлері олқылау екен,— дедім мен.

—Сол кездегі менің колымдағы мағлұматтың бары солай еді,— деді менің сөзімді жақтырмаған Гофман. 19 ноябрьдің кешкі сағат сегізінде жазылған № 25 ақпарында: «...батальон занимая оборону в районе ст, Матренино, отм. 151,0, Горюны, вел бои в течении трей суток несмотря на окружение. Противник потерял 3 танка, 1 орудие, 2 автомашины, захвачено много оружия и до 100 чел. убитыми. 19.11.41 батальон попал в окру-жение...» — депті. Гофманға мен қағаздарды кайтарып бергенде ол тағы бір папкасын реттей отырып:

— Генерал сағат сайын сіздер туралы сұрап, қатты қынжылып-қиналып еді,— деді Гофман. Жоғарыда келтірген документтердің тым қысқа сөз-деріне қарап «оқтың тілі — қысқа тіл» екенін, онан адамдар тағдырымен, жағдай құбылыстарын талдап жатуға өрісінің бір тұтамдығын оқушылардың өздері-ақ байқаған болар. Соғыс кезіндегі әскери документтерде тіл жағынан жұмыр, нейтрализмдер мол болады. «Жүрдім, бардым, жеттім, соғыстым, жойдым...» сияқты жеке сөзді келеді. Қалай жүріп, нені аралап, нені көріп... т. б. жағдайды суреттеуге сараң келеді. Ол әскери тіл мен стильдің занды мерзімі. Мені дивизия штабының барлау бөліміне шакырып алып, қай-қайдағы сұрақтарды қойды. Штабтағылардың мылжың сұрағынан Толстунов құтқарды.

— Жүріңіз, кеттік, жолдас комбат. Батальон әбден шаршап, қалжыраған батальон, оның үстіне аш, бізді орманның ішінде 30 градустық аязда күтіп тұр. Жүр кеттік, үсітіп алармыз... Өз полкымызға келе жатырмыз. Полк дивизия штабынан 10 километрдей жерде. Рахимовке және барлық атшыларға мен колоннаның ең соңында жүруге бұйырдым. Үн жоқ, бәріміз де көңілсіздеу келе жатырмыз... Полк комиссары Логвиненко жұрт алдында көрінуді сүйетін мәнсапкор адам еді. Цитатты жаттау жағына келгенде ешкімге жеткізбейді. Жамбылдың Сүлеймен Стальскийдің саяси елеңдерін жатқа білетін. Егер оның взвод командиріндік бір жылдық тәжірибесі болса, дивизия командирінің қызметіне үміттенген болар еді. Өз басына пайдалы, қолайлы сәтті ешуақытта қаза жібермейтін қасиеті де барды. Деревняға жақындай бергенде полк штабынын жанында сапта тұрғаи жауынгерлерді, полктың командирі мен комиссарын көрдік. Олардың алдына келіп баталь-онды тоқтаттым да «смирно! Равнение направо» деп команда бердім. Аяғымды нық-нық басып, полк командирі мен комиссарына рапорт бердім.

—Жолдас командир, жолдас комиссар! (Устав бойынша соңғысын атамайтын, бірақ мен оны Логвииенко дардай боп қалсын деп әдейі айттым.) Сіздердің қарамақтарыңыздағы полктың бірінші батальоны генерал Панфиловтын жауынгерлік тапсырмасын орындап, қарауларыңызға келіп тұр. Полк командирі майор Елин рапортты қабылдады да маған қолын берді, ал Комиесар Логвиненко тарпа бассалып құшақтап бетімнен сүйді. Сәйтті де бізді карсы алу үшін салтанатты сапта тұрған әскерлерге қарлыққан даусымен:

—Біздің әкеміз генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын абыроймен орындаған қаһарман жауынгер достардың құрметіне «ура!» жолдастар!— Рота — «ура» деп айқай салды. Ал, менің шаршаған батальоным ешбір бұйрықсыз-ақ жаңағы «ураны» қуаттап, созып ала жөнелді. Оң жағыма қарасам Федя Толстунов көзін орамалмен сүртіп түр екен. Логвиненко қатты толқулы. Ортаға шықты да малақайын қолына алды. Аязды ауада оның төбесіне біткен аңдар сияқты азғана шашы жан-жағына бытырап, желбіреп тұрды.

—Жолдастар! Жауынгер қырандар! Қымбатты жігіттер,— осы сездерді айтқанда оның даусы дірілдеп, бір рет жетеліп те алды. — Мен сіздердің полктарыңыздын комиссары ретінде осы арада сіздермен дидарласып тұр-ғаныма өте қуаныштымын (ду колшапалақтау). Қымбатты ерлерім! Бәріңді де құшақтап беттеріңнен сүйемін! Шын жүрегімнен табыстарыңмен құттықтаймын. Соңғы күндері сендердің көрген азаптарың аз емес, жігіттер. Генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасыи гвардияшыларша абыроймен орындадыңдар. Сендерден жасыратын ешнәрсе жоқ жолдастар, біз сендерді енді көрмеймізі деген хауіпті ойда да болдық. Бірақ, жолдастар, міңе алдымызда есен-сау тұрсыңдар, көрісетін күн бар екен. Аталарымыз айтпақшы «құдайға шүкір!» (ду қолшапалақтау). Сіздердің араларыңыздан да, біздің арамыздан да бірқатар жолдастар ұрыста қаза тапты. Отан жолын-да ерлікпен құрбан болған достар әруақытта да есімізде болсын. Барлықтарыңыз да бас киімдеріңізді алыңыздар (саптағылар бас киімдерін алды), үнсіз ерлерді еске түсіріңіздер. Іштеріңізден «құрбан болған қаһармандар мәңгі жасасын» деңіздер (жұрт бір минут унсіз тұрды). Мен сіздерге жауынгерлердің Отан алдындағы борышы жөнінде айтып жатпай-ақ қояйын. Біздің халіміз қиын, мүшкіл деуге де болады. Бірақ, біздер большевиктерміз, біздер — қызыл әскерлерміз. Москваға тақап келіп қал-дық, жігіттер. Фашисті шыңымен-ақ 1812 жылғы француздар сияқты қарт Кремльдің ішіне енгіземіз бе? Жоқ енгізбейміз! Неміс басқыншыларымен ұрыста керсеткен ерлігі үшін біздің командир генерал Иван Васильевич Панфилов бірінші Азамат соғысына қатынасқан жауынгер, Ұлы Отан соғысының айбынды командирі Қызыл ту орденімен үшінші рет наградталды (ду қол шапалақтау). Біздің дивизия 316 дивизиядан 8-гвардиялық дивизия болып аталды. Бүл абыройға командир ретінде Панфиловтын және сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мол, жолдастар! Ерлік істерің үшін рахмет! Ура жолдастар! Ура! Ура! Ура!

Жолдастар, біздің үш Қызыл ту орденді даңқты командиріміз, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов 18 ноябрь 1941 жылы Москва облысы, Гусеново деревнясының түбінде ерлікпен қаза болды. Құрамында көп ұлттың өкілдері бар біздің дивизияның барлық жауынгерлері, адамдары ол кісіні қадірлеп әрқайсысы өздерінше құрметтеп атаушы еді. Орыстар — әке, украиндар — батько, қазақ пен қырғыз — ақсақал, өзбек пен ұйғыр — дада деуші еді. Мұндай зор құрметке кез келген генерал ие болып отырған жоқ! Жолдастар, сол генерал қаза тапты! Ол арамыздан кетіп бара жатып даңқты Қызыл Армияның жауынгерлік дәстүрін қасиеттеп сақтаңдар, әскери міндеттеріңе адал болыңдар, жауды біздің жеңетіндігімізге сеніңдер деп өсиет айтып кетті... Одан соң Логвиненко сөзін жөнсіз үзартып жіберді 30 градус аязда қарны аш жауынгерлерге ұзақ сөзді тыңдау "онай болып па. Логвиненконы бастапқы кезде ұйып тыңдаған жұрт аяқ жағында жалығыпты. Арада талай соғыстар болды. Барлығын бірдей тізіп жату қиын. Ол жөнінде барлық |газеттер де жазды. Газеттер 316 дивизияның 8-гвардия дивизия болғанды-ғын, дивизиянық Қызыл ту орденімен наградталғанын, Иван Васильевич Панфиловтың өлімін аза тұтып та жазды. Панфилов өлімі біз үшін ете ауыр қаза болды. Байсалды ұстаз, білгір командир ретінде кімнің де болса, көкейінде қалды ол кісі. Оны сүймейтін, оны қүрмет тұтпайтын, түлға көрмейтін ешкім жоқ еді арамызда. Оның қазасы езі басқарған дивизиясы үшін де үлкен сыи болды. Панфиловпен бірге болған, бірге соғысқан адамның қайсысы болса да, ол туралы білетініп ортаға салғысы келетін болар-ау. Кейбір есімде қалған кездес-терімді мен де жүрт алдына ұсынғым келеді.

...Алматыдамыз, дивизияның алғаш құрылып жатқан кезі. Генерал кабинеттен шыққан бойы менің қолтығымнан алды да, өзімен бірге ертіп келе жатты. (Кез келген генерал шені төмен кіші офицерлермен қолтық-тасып жүре бермейді.)

—Тезірек жүрейікші, тезірек. Мен қағазға біраз айналып отырып қаппын. Кешігіп қалмасақ игі едік. Бастыларға кетіп бара жатқанда кешігуге болмайды. Адъютантым бір жерде қідіріп қалды ма, білмеймін'. Сіз менімен бірге жүріңіз. Басшыларға адъютантсыз бару генералға ыңғайсыздау болар. Қасымда болыңыз. Бір нәрсеге әлде керек болып жүрерсіз. Машина көк желекке оранған Алматының тұп-тура кең көшесімен ызғи жөнелгенде генерал менен:

—Қайда бара жатқанымызды білесіз бе?—деп сұрады.

—Дәл білмеймін, жолдас генерал. Бірақ, сіз айттықыз ғой басшыларға барамыз деп.

— Сіз екеуміз Орталық Комитетке келе жатырмыз. Неге келе жатқанымызды білесіз бе?

—Білмеймін, жолдас генерал.

—Мен сізге сыр ғып қана айтайын, ешкімге тіс жарып ештеңе демеңіз.— Осы сөзді айтқанда жас сәбилерше күлім қақты. Содан кейін кұлағыма сыбырлады да,— Орталық Комитеттің секретарьларына, Халық Қо-миссарлар Советінің председателіне кірмекпін. Осындай тілек қойып ем, келіңіз депті. Олардан не жөнінде сұрағымның келетінін білесіз бе?

—Білмеймін, жолдас генерал.

—Сіз менің серігім болып келе жатырсыз ғой, неге келе жатқанымызды білуіңіз керек. Республика басшыларында үш-ақ тілегім бар: біріншісі — бізге бірқатар әйелдер мен қыздар, өздігінен тіленген фельдшерлер мен медсестралар келеді. Менімше бұл патриоткаларды әскерше киіндіру керек, бірақ, әйелше әдемі киіндіру керек деп ойлаймын. Дивизия интенданты «қайтеміз, жолдас генерал, оларды солдатша көндіреміз де» дейді, сонда ол әйелдерге еркектің көйлегін, іш киімін, гимнастеркасын, шалбарын, солдаттың шұлғауын орап, етігін кигізбек. Табель бойынша осылай болуға тиіс дейді ол. Мен қыздарды еркекше киіндіре алмаймын. Ішкі киімдері қайдан тапсаң, одан тап, әйелдің киімдері болу керек. Шалбар емес, юбка болсын, шұлғау емес, шұлық. Гимнастерканы, шинельді, малақайды киіп, белдікті буынып жүре берсін.

—Ал, олардың шаштарын қайтесіз, жолдас генерал?

—Бұл екінші кезектегі мәселе. Әйелдер шаштарын қимайды. Сіз менін есіме мұны жақсы түсірдіңіз. Оны әйелдердің өзі білсін, бұрым қоя ма, болмаса басқадай етіп әсемдей ме, соғыс жағдайында қайсысы қолайлы болса, солай етсін.

—Сонда сіз олардың шашын алдыртып тастамақ-сыз ба, жрлдас генерал?

—Жо... жоқ... О не дегеніңіз? Мен олай деп айтқан жоқпын, өздері білсін дедім ғой... Ерік өздерінде. Екінші мәселе — өзімізде жеке оркестрдің болуын сұраймын. Қисыны келген кезде музыкамен, салтанатпен жүрген қандай жақсы, кеңіл кетереді. Үшінші мәселе республика басшылары біздің полктарда болып жауынгерлермен өз туысқандарынша, жолдастарынша сейлесуін сұрамақпын... Бір сағаттан кейін Орталық Комитеттің бірінші сек-ретарының кабинетінен генерал күлім қағып шықты. Біз Үкімет үйінің үлкен коридорымен жүріп келе жатқанда менің қолтығымнан ұстап, генерал ақырын ғана құлағыма сыбырлады.

— Біз сіз екеуміз барлық мәселені шештік. Басшы жолдастар біздің тілегімізді орындайтын болды,— деп ізет ібілдірген мелиционердін сәлемін кабылдады да өте берді....Сентябрьде біздің батальон старое Рахино маңын-да қорғаныс шебінде жатты. Генерал жаяу біздің әскерлердің о шетінен кіріп, бұ шетінен шықты, барлық әскери жабдықтарымызды көрді. Генерал маған адамдарды жый деп бұйырды. Жиналған жұрттың бәріне де отырып, темекі тарта берулеріне рұқсат етті. Өзі кішкене биіктеу кеспелтекке отырды да сөйлей бастады: — Мен сіздерге, жолдастар, мұнда не істеп жатқан-дарыңызды білейін деп, әңгімелесейін деп келдім. Жақсы іс жасап жатыр екенсіңдер. Бірақ, шынын айту керек, араларыңызда жалқаулар да бар көрінді. Оларды көзіне шұқып көрсетпей-ақ қояйын. Отделение коман-дирлерінің, бастықтарынық өзі-ақ оларды тезге салар. Солдат — үйсіз адам. Оның жанында әкесі де, шешесі де, қамқоршы әйелі де жоқ. Солдатты туған-туысқандарынан айырған соғыс. Оның басындағы жалғыз панасы — көк күмбез аспан, ұрыстағы оның үйі — окоптар мен траншеялар, ал, оның семьясы — өзі жүрген әскери коллектив. Міне, сондықтан да бұл коллектив жақсы семья сияқты ьштымағы зор коллектив болуы керек. Біз соғыска әзірленіп, өзіміздің әскери позицияларымызды дайындаймыз. Әрбір жауынгер өз үйін салғанда жанын салатын қожайындардай болуы, ынталы істеуі керек. Траншеялар мен ячейкаларды ыңғайлы етіп салғанымыз жөн, онда өзіміз жатамыз ғой. Алдымызда әлі қиын ұрыстар бар, жолдастар. Ен. басты міндет мейлінше аз шығынданып, немісті түмсыққа қаттырақ. ұру. Жақсы жасалған қорғаныс солдаттарды оқ пен снаряд жаңғышақтарынан сақтайды. Әрбір жауынгер өзінің не істейтінін жақсы білуге тиіс. Өз міндетін ақылмен дұрыс орындауы үшін оған жалпы жағдайды білу қажет. Сіздерге қарағанда газетті мен бұрынырақ алып, бұрынырақ оқимын, радионы да ертерек тыңдаймын. Сондықтан соғыстағы хал-жайды қысқаша баян етейін сіздерге. Өздерідізге мәлім барлық майданда жау бізді қатты тықсырып келеді. Ал, біздің резервтеріміз сонау алыс түкпірден майдан шебіне жетіп үлгіре алмай жатыр. Бірақ, олар әлі-ақ келіп жетеді. Алыстағы Алматыдан келіп біз де қосылып отырмыз ғой. Әзірге біздіқ армияға қиын жағдайда соғысуға тура келіп тұр. Сталин жолдас өзінін, сөзінде біздің Отанымыздың басына хауіп төнгенін, біздің сәтсіздіктеріміздің қандай себеп-терден екенін талдау жасап айтып берді. Оны сіздер жақсы білесіздер. Мен қайталап жатпаймын. Сіздер мен біздердің алдымызда қиын міндет тұр. Біз қорға-ныстамыз. Ал, қорғаныстағы негі-згі міндет—өрекпіп келе жатқан жауды қайткен күнде де тоқтату. Қалай тоқтатуға болады. Ол үшін ең алдымен жақсылап орналасу керек. Мықты бекіну керек. Орналасқан жеріміз, өзімізге жасаған қорғанымыз ұрыс жүргізуге қолайлы болсын. Фашист әскерлері шабуылға шыққан кезде оларды оқпен қарсы алып, шайлықтыру керек. Фашистерді егер көбірек тұмсыққа ұрсақ, көп кешікпей ол жылжи алмай тұралайды, тоқтайды деген сөз......1941 жылдың ноябрінің бас кезі, әлі есімде. Біздің штаб Софьино деревнясына орналаскан еді. Біз де қорғаныстамыз, немістер де қорғаныста. Жан Рахимовтың басшылығымен тамақ әзірлеуге дайындалып жатты. Ол май шыжғырып жатыр да, Рахимов жерде сәбіз турап отыр. Жанға қазанға ет сал деп қояды. Туралған етті салған кезде ыстық май шыжылдап, быжылдап бөлмені бу басып кетеді, жалын исі шығады. Біз тұрған үйдің қожайыны ақсақалды, жетпістер шамасындағы шал еді. Бәріміз оны. «папаша» дейтінбіз. Ол. кісі әлгі жалыннан шашалып-қақалып, шолақ тонын жамылды да үйден шығып кетті. Бізге генерал келді. Шолақ тонын шешіп жатып Рахимовтен:





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 301 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...