Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 6 страница



Ертеңгі сағат он мезгілінде батыстан күн күркірегендей зеңбіректен атыс басталды. Барлығымыз да далаға шығып, атқылау сарынына құлақ салып тұрмыз. Тыныс алғандай біраз саябырсып, сиректей беріп, айналаны күңіренте кайтадан үдете жөнелді. Әсіресе күшті атыс Ядроводан солға қарай үстін-үстін үдеуде. Жаудың жиырмадан аса самолеттері аспанда тынбай ұдайы ұшуда. Орман үстінде кей-кезде құмалақтаған қойдай майда бомбалар тастап, кейде дәлдеп құйыла ұшып, ок бүркіп атқылап жүр. Олардан жоғары, көкті айналған кара құстай, инелік тәрізді екі бүкір самолет аспаннан жердегіні болжауда.

—Салмағын қай жаққа салар екен?—деп касыма Бозжанов келді. Мен сол жаққа қарай қолымды сілтедім.

— Қызық, той-тамаша алда болып жатыр-ау,— деп бала мінезді Жалмұхамет тыпыршып түр.

— Асықпа, асықпа! Кезек бізге де келер, сонда той-тамашаның анық ішінде боларсың,— деді оған Абибулла.

—Алдағылар кешке дейін төтеп берсе жарар еді, біздің кезек ертең азаннан басталса, дұрыс-ақ болғаны. Қайткенмен де, «сақтықта қорлық жоқ» деген, жауынгерлер бүгін дұшпанды қарсы алуға даяр болсын. Барлық рота командиріне солай деп нұсқау беріңіз,— деп Рахимовты штабқа жұмсадым.

—Пулеметтерді қалай пайдаланбақсыз? — деді Бозжанов.

— Екеуін де екі жеңіл шанаға тиеп қой. Шапқылап жүріп ататын болсын,— деп қалай істеуін түсіндіріп, оны да іс басына жібердім.

Генерал телефонға шақырды.

—Дұшпан Капровка алдымен шабуыл жасады. Екпіні екі рет тойтарылды дейді. Бірақ қарқыны басылар емес. Енді салмағын Ядровоға салар деймін, дайын болыңыз,— деді сабырлы дауыспен генерал.— Айтпақшы кеше сіздің карамағыңызға танк қиратқыштар командасын жіберіп едік, олар қайда? — деп сұрады.

—Осында, жолдас генерал.

—Оларды тезден Ядровоға жіберіңіз. Елиннің кол-астындағылар шамалылау, бір тесікке жамау болуға жарар,— деп бұйырды.

Угрюмовты шақырып алып бұйрықты айттым:

—Жолдас аға лейтенант, сіздің жігіттермен бірге соғысуға құмар-ақ едік, осы, сәті түспей-ақ қойды,—деп күле қоштасты

—Жолдарың болсын, жігіттер, тағы бір кезде жолығармыз,— деп Угрюмовтың жауынгерлерімен қоштастым...

* * *

Біз далада тұрмыз. Айнала жер сілкінгендей...

Алда соғыс болып жатыр. Бәсекелесе атқыласкан зеңбіректердің жарылған снарядтардың даусы тау бұзылып, тас жарылғандай айналаны азаннан бері күңірентуде. Көкте жемтік үстінде айналған қара құстай қалқып ұшып жүрген самолёттер. Шеңберді біраз айналып, жердегі нысанасын көргенде олар құйрығын жоғары көтеріп, құлап төмен зуылдап барып, бомбаларын құмалақтағандай тастай беріп, қайта түзеліп өрши-өрлеп кетеді. Жарылған бомбалардың сарыны күннің күркірегеніндей күрілдей естіледі. Алда соғыс болып жатыр. Барлығымыздың екі көз, қос құлағымыз алда. Соғыс ойраны сағат сайын өршіп, дабыл үстіне дабыл қаққандай күңіреніп, орман үстінен будақ-будақ қара түтін көрінеді: Арпалыс айқас Ядрово мен Дубссековоның маңайында болып жатыр. Алда біздің дивизияның полктері соғысып, қан майданда дұшпанмен кеңірдек шайнасып арпалысуда. Біз орнымыздамыз. Бізді генерал майданның төріне шығарып, екінші эшелонға койған. Жігіттер орларын қазып, дайындалып, камданып жатыр. Кейбіреулері алдағы ойранның дүбіріне еліре карап қояды да, күрегін жерге батыра басып, кесекті құшырлана лақтырады...

Мен қыстақтың шетіне, алға бара жатырмын. Күрегін ұстап ор басында, алға таңдана қарап тұрған, жасы отызға жақындап қалған бір орыс жігітінің жанына өте беріп оған мен:

—Курбатов, сен нағып еліріп тұрсың? — дедім. Ол маған жалт қарап, езуін жиып:

—Жолдас комбат, құрғырдың ішінде болғанда сезбей, дабылын алыстан естігенде кәдімгідей дене түршігеді екен,— деді.

—- Ой, жігітім-ау, сен не деп малтаңды езіп тұрсың, егер сендей тісқаққан көкжалдың денесі түршіксе, басқалардың халі қандай болмақ— деді оған қасымдағы Бозжанов қалжыңдап.

— Ай, жолдас политрук-ай,— деді ол арсалаңдап,— бір сөзге келтірмей кей уакытта қайырып тастайсың-ау. Мені көкжал десеңіз, мен сізді арыстан дер едім, жолдас политрук...

— Жарайды, ерім. Көкек өз атын өзі шақырады дегендей, екеуің де бір-біріңді мақтап алдыңдар. Біздің кезек бүгін-ертең келеді. Қайсың көкжал, қайсың арыстан екеніңді сонда көрсетерсіңдер,— дегеніме екеуі де мәз болғандай қарқ-қарқ күлді.

Алдағы төбешіктің басына шықтық. Бақылап тұрмыз. Соғыс дабыры саябырлар емес. Мұхит толқынындай өрге шапшиды. Сарыны өктемдеп барады.

Біраздан соң тықыршып, тыныш тұрмайтын қызба денелі Бозжанов маған:

—Ақсақал! Бұл жерде неғып тұрмыз? — деді.

—Алдағымен тілдесіп тұрмыз,— дедім мен оған қарамастан.

—Мына сарынның сырын байқағалы тұрсыз ба? — деді ол тағы да.

—Тыныш тұрғын! — деп бұрылмастан зекірдім.

—Иә, ойыңызды бөлмей-ақ койдым енді,— деді ол өкпелі дауыспен..

Рахимов болса манадан бері тіс жармай тұр. Оған қарасам, ол ауыр ойға шомған тәрізді. Екі көзі алда. Алдағы орман жиегінде бірнеше жерден бұрқ етіп, қарақұрым шұқыланьш, бес — алты құйып аспанға көтеріледі. Оның артынан лезде дабыл қаққандай тарс-тұрс етіп жаңағы жерді қопара көтерілген снарядтардың жарылған дауыстары естіледі.

—Әне, көрдіңіз бе? Енді ол құлашын алдағылардан асырып бізге қарай сілтеді,— деді Бозжанов.

—Енді, алдағыларға шабуылын кешікпей-ақ бастайды,— деді Рахимов.

—Апыр-ай, әлгі илеуден кейін, естерін жинап қарсы алуға мұршалары келмей қалмаса игі еді,—деп Бозжанов тыпыршиды.

—Хабибулла, сен барып телефонмен алда не болып жатқанын білші,— деп мен Рахимовты штабқа жұмсадым. Ол шұғыл бұрылып кетіп бара жатқанда: — Егер алда шабуыл басталса, дайындық туралы тиісті бұйрықтарды бере бер,— дедім оған.

—Жарайды, жолдас Комбат.— Ол бұрылып:—- Сізге қалай хабарлайын? — деп сұрады.

—Біз кешікпей-ақ қайтармыз.

—Ойпырмай, ақсақал, алда ойран соғыс болып жатыр-ау, ә,— деді Бозжанов.

—Оның ойы бізді бомбалап-бомбалап, есімізден тандырып, үстімізден аттап, алға жөнелмек қой,— деп оған алдыңғы күнгі генералдың ой-пікірлерін айттым.

—Жарықтық, біздің генерал өте зерек кісі ғой,— деді Бозжанов әңгіменің аяғында.— Дұшпанмен тілдескендей тапа ойының үстінен шыққанын қараңызшы...

—Генералдың болжауы дұрыс шықса, енді ауыр салмақ бізге түспек. Ол не бүгін кешке, не ертен азанда,— дедім оған мен келе жатып.

—Ол кісінің біздің батальонға сенемін дегені, бұйрықтың барып тұрған зілдейі екен, ауыры екен,— деді ол біраз ойланып.

—Иә, солай, Жолтай, ауыр жүкті нар көтереді. Бізді сынар сағат алда, қашық емес. Ал, енді сен жігіттерге барып барлық жағдайды оларға түсіндіріп айтқын.

—Жарайды, жолдас комбат,— деп ол оң жақтағы орға бұрылып кетті.

Рахимов пен Бозжанов батальонды аралап, дайьшдық қызметін атқара берсін. Ал, оқушы, сіз екеуміз алға — соғыс болып жатқан жерге барып, кеш батқанша, еш болмаса шет жағасын көріп қайталық.

* * *

Мыканино деревнясына баратын жолмен он жеті жауынгер жүріп келеді. Олардың алдында баяғы өзіміз білетін лейтенант Петр Угрюмов. Ол жан-жағына жалтақтамай қолын құлаштап, ешқайда бұрылмай сілтеп басып барады. Тұрпайына қарағанда, бұл айналада болып жатқан арпалыс-шайқастың бәрін елемей адымдай басып бара жатқан сияқты. Аққұба келген ұзын бойлы бір жігіт аяғын жылдам басып, сапты қуып жетті. Бүл — политрук Григорий Георгиев...

Айнала күңіреніп снарядтар мен бомбалар түсіп, жерді қопара кетеріп, отты қара жалынын құйындай аспанға үйіре будақтатады. Миналар аңдай ұлып, келіп түседі де тарс етіп жарылады, оқтар зу-зу етіп өтіп жатыр... Кейбір үйлер жанып жатыр, алдыңғы жақта бір окоптан екінші окопқа жүгіріп жан таласа соғысып жүрген жауынгерлер, биік қыраттардағы бақылау пунктінен төңіректі мұқият қадағалай қарап тұрған командирлер көрінеді. Траншеялар жолын тілгілеген сұрғылт далада сойқаны шығып соғыс жүріп жатыр.

Бәрі де танкке карсы шабуыл жасауға бейімделген он жеті жасөспірім жас жігіттер. Олар Мыканино деревнясының түбіндегі бекініске келіп орналасты.

...Строкова деревнясының жанындағы көпірге ауыр жүк арқалаған бір топ жауынгерлер келіп, екіден, үштен деген команда бойынша, бөлініп, бөлініп, төрт бұрышты жәшіктерді кар үстінен сүйретіп, бірі көпір үстіне, бірі астына тарай бастады. Көпірдің жуан-жуан таяныштарымен өрмелеп, бірдеңе іздегендей, бірдеңе істеп, бекітіп жатқандай, балтамен шауып, балғамен ұрып, байлап матап жатыр. Сырттан көргенде олар көпірді жөндеп жатыр екен деп қаласың. Жоқ, олар көпірді жөндеп жатқан жоқ... Олар көпірді миналап жатыр. Жау танктері таяп келісімен, көпірді бұзу керек — тапсырма солай.

Бұлар — саперлер, он бір жауынгер. Бір топтан екінші топқа жүгіріп, «дұрыс емес» дегендей қолын сермеп, «менің айтқанымдай істеңдер» деп жұртка айкайлап, шала бүлініп жүрғен сол он бірдің командирі сепкіл бетті жас жігіт лейтенант Иван Березин...

...Траншеядан ытқып шығып артқа қарай жүгіріп, он қадам жерден кейін оқ тигендей мұрттай ұшып құлап, қайта түрып, асыға басып тағы жүгіріп, тағы құлап, орманға жеткенше бір тұрып, бір жығылып бара жатқан лейтенант Мұхаметқұл Исламқұлов. Оны полк штабы шақырыпты...

... Орманның калың ортасында үсті брезентпен жабулы арбалар тұр. Арбаларға байланған аттар, қар үстіне тасталған шөптің кәшегін жеп тұр.

Одан арырақта, зәулім қарағайлардың түбінде, бір-бірінен арасы жиырма-отыз метр жерде жорық ошақтарының түтіні шығып жатыр. Әрбір қазанның басында шолақ тонның сыртынан кір-кір халат киіп алып, қолдарына шөміш ұстап, аспаздар жүр. Бірнеше жауынгер: бірі ағаш жарып. бірі ошақка отын жағып, бірі үсіген картопты аршып отыр. Бұл —батальонның ас дайындап жатқан жері. Онда жүргендер — аспаздар, отыншылар, сушылар, олардың көмекшілері. Барлығы жиырма адам.

...Орман шетінде қар басқан төбе тұр. Оған қарай бірнеше телефон сымы өрмек жібіндей созылған. Ол —полк командирінің бақылау пункті.

Төбе астындағы ыкшамды ағаш блиндаж жер төбе. Оның төр алдында сығырайған терезе. Үш аяқта артиллерия дүрбісі, жердегі ағаш скамейкалардың үстінде бірнеше телефон аппараттары және қысқа антенналары, қысқа толқынды радио станция... Күңгірт блиндаждың ортасындағы кішкене стол үстінде екі май шам. Аласа бойлы ашаң жүзді, қыр мұрыннын, суағарында төрт бұрыштап қойған қара мұрты бар, полковник дүрбіге үңіле қарап тұр. Егер кекшілдеу келген көзі болмаса, оны түнере қарап, қарақұмның күнге күйген түрікмені ғой деп қалар едік. Бұл дивизия полк командирлерінің ішіндегі жасы жағынан да, қызмет мерзімі жағынан да жолы үлкен — полковник Капров Илья Васильевич.

— Дубосековоның солтүстік шетінде екі дивизияның оғын қосарлап тез атыңдар. Сол жерден тағы да жаудың танктері мен жаяу әскерлері көрінеді. Тез! Солай, солай. Жақсы... Капитан Молчановқа хабарлаңыз, енді артил-лерияның салмағын станцияға салмақпыз. Сол жерден де жаудың танктері мен жаяу әскерлері көрінеді. Бұдан былай Молчанов өз күшіне ғана сенсін. Бізден көмек күтпесін. Артиллеристерге бұйрық беріңіз, Н. биіктігін атқылап жатқан жау дивизиясының үнін өшірсін. Ешкім орнынан қек күтпесін. Артиллеристерге бүозғалмастан жауды оқпен қарсы алсын. Тез арада танк бұзатын гранаталар жеткізіліп, жауынгер-лерге таратылып берілсін!..

Полковник соғыс алаңын кадағалай бақылап тұрып, артына бұрылмастан, үздіксіз тапсырма, бұйрықтар беріп тұр...

...Бақылау пунктінің жертөлесіне генерал Панфилов. кіріп келді. Қасында ашаң жүзді, қара қатпа, ойлы көзді, артиллерия подполковнигі бар. Үстіне үйлесіп қонып түрған әсем әскери формасы болмаса «бұл күнәһар дүниеде бәрі де өтеді де кетеді, өзгерістен кім қашып құтылсын» деп мырс күліп, мысқылдап тұрған салқын мінезді философтың тас мүсініне ұқсайды.

Бұл дивизиядағы артиллерия полкының командирі Курганов Георгий Федорович.

— Жолдас генерал-майор менің карамағымдағы полк...

— Сәлеметсіз бе, Илья Васильевич. Сәлеметсіз бе,-деп генерал колын ұсынып, полковниктің сөзін бөліп жіберді.— Отырыңыз, отырыңыз, Илья Васильевич, генерал аспай-саспай шолақ тонының ілгегін ағытып болып.— Илья Васильевич, құлақ салыңыз: мен жолдас генералмын, сіз жолдас полковниксіз. Ал, жасырмай-жаппай айтсақ, сіз екеуміздің ісіміз генералша да, полковникше де болмай жатқан жоқ па, осы? Сіз қалай ойлайсыз, мырзам? Осы біз не жарытып жатырмыз. Екеуміздің шеніміз де, шекпеніміз де әп-әдемі. Бірақ, біздің ісімізге қарап жоғары дәрежелі бастықтар және халық ішінен «сенгендерім сендер болсаңдар...» деп жүрмесе игі еді! — деді.

—Жолдас генерал...

—Мен 1938 жылдан бері генералмын,— деді Панфилов даусын көтеріңкіреп.— Одан елге не пайда, Илья Васильевич? Рузадан шегіндік. Волоколамскіні жауға беріп, ал, сіздің сол жақ қанаттағы күзетіңіз яғни сіз өзіңіз бүгін жауға станцияны бердіңіз...

—Берейін деп бергенім жоқ, тартып алды... Капров осыны айтқанда Курғанов өзін-өзі ұстай алмай қарқ-қарқ күлді.

—Тартып алса ол дұрыс істеген екен,— деді Панфилов та жымия күліп тұрып.

—Иә, жолдас генерал, бізде устав бойынша шегінуге де рұхсат бар ғой. Біз басым күшті жаудың тықсыруымен уставта көрсетілгендей ұйымдаса, бытырамастан шегіндік...

—Демек, барлығы устав бойынша, ресми ереже бойынша, доп-домалақ, жұп-жұмыр екен, ә?

—Иә, жолдас генерал! Әрине біз...

—Демек, дәлме-дәл устав бойынша істепсіз ғой, жолдас полковник? Ал, біздің устав бойынша жоғары дәрежелі командирдің бұйрығынсыз шегінуге болмайтынын сіз неге ұмытасыз, Илья Васильевич?

—Әрине, жолдас генерал, бірақ та...

—Илья Васильевич, сіз уставты бетке ұстап ақталмақсыз, бұл жерде устав сізге жақ бола алмайды. Оның сізге әзір пайдасы жоқ. Одан да гөрі соғыста болған жағдайға байланысты өзіңіздің шешіміңізді айтып, негіздеу дәлелдеріңізді келтіріңіз.

—Жолдас генерал, ол өзі айтып тұр ғой, өз еркіммен шегінген жоқпын, неміс мәжбүр етті деп, менімше,әрі нақты, әрі шын айтылған сөз,— деді Курганов күліп тұрып.

—Жә, жарайды, онан да сізде кәзір жағдай қандай, соны саралап, саптайық. Мен бұл жерге Курганов жолдасты ертіп, жайбарахат ауыл қыдырып келген жоқпын. Жағдайыңыз қалай, кәне бәрін рет-ретімен айтыңыз.

—Шынымды айтсам, жолдас генерал, жағдай жақсы емес, тіпті жаман. Міне, жолдас генерал көріңіз,мынау карта.

—Картаның керегі не? Біз алдыңғы шепте тұрмыз ғой. Жер жағдайы алдымызда. Онан да осы жердің өзінен көрсетіңіз, картаны мен оки білемін ғой...

Бір сағаттан соң олар бақылау пунктіне қайта оралды. Үшеуінің де жүзі ызғарлы, үшеуі де терең ойда.

—Сонымен, Илья Васильевич, сіз бәрін де көрсетіңіз. Сіз немістерге өте ұнап қалыпсыз. Ол сізді ұнатып, қапсыра құшақтап алыпты, құшағын жаза алар емес. Сіз жағдай жаман дейсіз, ал мен олай демес едім. Жауды осылайша кешке дейін ұстап тұрыңыз, ал түнде ол жинақталып алып, таң ата сізді тағы да тоқпақтай бастайды.

—Білмеймін, жолдас генерал, егер жау тағы қыспақтаса, шыдай алар ма екенбіз?

—Шыдай алар ма екенбіз дегеніңіз не дегеніңіз?— деп Панфилов қатаң сөйлеп, Капровтың сөзін бөліп жіберді.— Сізге шыда деп бұйрық берілді емес пе?

—Құп! Ұстауға бұйрық болса, ұстап тұрайық, жолдас генерал.

—Жау соғыстан біраз қалжырап қалғанға ұқсайды. Егер сіз саспасаныз, ол бүгін елеулі шабуыл жасамайды. Кешті күтіңіз де, күшіңізді жинақтап, таңертең жау шабуылға шыққан кезде, оны оқты бетіне бүрке қарсы алыңыз. Біз үшін оның танктері хауіпті. Бүкіл артиллериянық бәрін көзбе-көз дәлдеп ату позициясына койыңыз.

—Жолдас генерал, менің де зеңбіректерімді ме? —деді Курганов.

—Иә, сіздікі де.

—Онда артиллериянын. мойнындағы басқа міндеттерін калай орындаймыз.

—Енді артиллерия жау танктерін қарама-қарсы тұрып, тікелей ататын болсын.

—Онда біз бір күннің ішінде барлық артиллериямыздан айрыламыз ғой.

—Әлбетте, біразынан айрылатынымыз анық, бірақ бүкіл артиллериядан мүлде айрылмаспыз. Сонымен менің резервімнен басқа артиллерия бірі қалмай жекпе-жекке шықсын.

—Құп болады, жолдас генерал!

—Біз үшін ұтымды нәрсе, ертең оның сілесін катыра соккы беріп, сыртындағы күшін олардың белгілеген мерзімінен бұрын соғысқа ендіруге мәжбүр ету. Жау кейін тұрған екі полкін соғысқа салғанша дамыл бермей шайқаса беруіміз керек. Әзірше жақын арада сақтаулы тық күші жоқ кезде, осы шепте оның шоқтығын жауыр қылып жаралайық, одан әрі көре жатармыз. Артымыздан жаралы қасқырдай қалай сүйретілер екен. Түсінді-ңіздер ме?

—Түсіндім, жолдас геыерал.

—Түсінікті, жолдас генерал.

—Сіз осында қалыңыз, жолдас Курганов, ал мен Елин мен Шехтманға барайын. Олар да қатты қысылып жатса керек, әсіресе, Елин. Бүгін неміс күні бойы Ядровоны, Мыконино мен Ченцыны артиллериямен де, авиациямен де үсті-үстіне соққылап, әйтеуір тас жолға шығуға тыпыршып, тынбай жан таласуда.

Буырқана тұман басқан сұрғылт таң. Дәл кешегідей әлем күңіренткен артиллерия атыстары азынап тұр. Дәл кешегідей от шарпыған, жалын атқан, жанталасқан қызу ұрыс... Сәске түсте тұман сейіліп, күн кезі сығалап еді, аспанда жүрген самолеттер көрінді. Айнала орағытып ұшып, жем іздеп, тіміскілеп, шүйіле түсіп бомба тастайды.

...Лейтенант Березин окоптан окопқа жүгіріп жүр. Көпірдің алдында бірнеше мотоцикл дөңгелектері аспанға карап серейіп, қирап жатыр. Тышқан терісіндей сұр шинельді өліктер ана жерден де, мына жерден де көрінеді... Карбаласқан немістер тізбегі... Бәрі де дәл Осташоводағыдай.

— Оқты беталды боратпай, нысанаға, нысанаға атыңдар, бос жіберме, түгі, әйтпесе жау сенің шекеңді шұрық тесік қылады. Қимылдаңдар! Иванов, сен неге айдаланы атып жатырсың? Дәлдеп ат, неге құла дүзге себелеп жатырсың... Дәлдеп ат! — лейтенант Березин жауынгерлерді бірінен соң бірін жағалай окоптан окопқа өтіп күйбендеп жүгіріп жүр.

Саперлердің шебіне ірі снарядты артиллерия дивизионының оғы жай түскендей сарт-сұрт гүрсілдеп, айналаны жаңғыртып жіберді. Жүз жын-шайтан қосылып, секеңдесіп, ұлып, аңырап тұрма дерсің.. Адам көрмеген альш барабан дүңкілдеп ондаған отты кара орасан діңгек көкке шаншыла атылды... жылан бауырлары шықырлап-шықылдап, моторлары парылдап-гүрілдеп, төбедей дүңкиген үлкен тасбақалардай танктер өріп келеді.

— Гранат дайындаңдар, білтелер орындарында ма екен, тексеріңдер!.— деп бұйырды лейтенант Бере-зин.— Менің ишаратымды бақылап тұрыңдар!..

Әне, алдыңғы танк көпірге жақындап келіп, тоқтай қалып, зеңбіректен, пулеметтен үш қайтара лоқси жалын құсып, ок бүрікті де, іркілместен көпірдің үстіне шықты. Оның артынан тағы үш танк ілесті... Саперлер көпірдің астына лезде жүгіріп түсіп кетті. Көпір үстінде үш танк сумаңдап, сусып тым асығып, кымсына сақтанып келеді. Алдыңғы танк міне, міне көпірдін, арғы шетін «аттап» өтіп, шықырлап, шиқылдап сояудай темір тырнақты жылан бауырмен тас жолды жаншып, илеп келе жатыр еді... Қан мен топырақ араласып, баттасқан беті сіресіп, құшырлана тістеніп екі көзі ыстық шоқтай уыттана жалындап, басынан қан сорғалаған Березин орнынан ұшып тұра келді де, оң қолын жалма-жан тез көтеріп, сілтеп жіберді. Қасқағым арасында бірнәрсе жарқ етті де, гүрс ете калды. Жердің тынысынан танауын тарылтып жібергендей болып, қошқыл сұр орасан түтін түйдегі кепірді айқара қамтып, орап алды. Жер үстіне табан астында сол түтіннен будақ-будақ. атан шудалы қара бүлт пайда болғандай, сол бұлттың ішінен көпір де көрінбейді, танктер де көрінбейді, жауынгерлер де көрінбейді, лейтенант Иван Березин де керінбейді...— бәрін де күнірене құсаланған тажал дауысты сұрқия сүр бұлт жұтып жібергендей зым-зия....Лейтенант Угрюмов пен политрук Георгиев траншеяның қабырғасына сүйеніп қатар тұр. Угрюмов аяғы ның ұшына көтеріліп, мойнын созып қарап, Георгиевтен:

—Не көріп тұрсыз; жолдас политрук? -деп сұ райды.

—Не көруші ем? Өнмеңдей түсіп, өрмелеп қысып келеді, Петя, кысып келеді нәлетілер. Баудай түсіп, құрымдай болып кайта кетеріледі... Әне, ана жақтан танктері де көрінеді.

—Мына қырсық траншеяның тереңін қарашы, менің бойыма шақ. емес екен,— дейді Угрюмов екіне сөйлеп тұрып, патроннан босаған екі жәшікті бірінің үстіне бірін қойып, солардың үстіне шығып.— Кешеден бері осы-ларды сүйретіп жүрмін, әй қайран шешем-ай, мені мұнша неге мыртық қып тудың?

—Уайым жеме, Петя, бой деген өсетін нәрсе ғой. Сен өзің кішкентай тапал болсаң да, алғыр жігітсің ғой.

—Ха, ха! Бәрекелде! «Бой дейтін есетін нәрсе ғой» деуін. Айтқаныңа болайын, ә!

—Шын айтам, Петя, осыдан қарап тұршы,— деп міңгірледі Георгиев ойланбай айтып қалғанына өзі қысылып.— Бір жыл, екі жылдан кейін, ең құрығанда екі сүйем есесін, сен әлі жап-жас жігітсің ғой, қайда әлі ескен үстіне өсе бересің...

Осы кезде олардың үстінен ұяласа ұшқан оқтар зу-зу етіп өте шығады. Екеуі де еріксіз бұғып қалады.

—Бері қараңызшы, жолдас политрук, менің не ойлап тұрғанымды білесіз бе?

—Білмеймін. Сен командирсің мыңды.

—Айтсам, жолдас политрук, осы жолы ерлік көрсетейік.

—Қалайша?

—Әне, көріп тұрсыз, ана жиырма танк тура біздін окопқа карай ентелеп келеді. Біздің әркайсымыздын бір-бір бума танк жарғыш гранаттарымыз бар. Бірақ олар тым ауыр, бес-алты метрден асырып лақтыра алмайсын. Ендеше біз біраз күте тұрайық ал, танктердін жылан бауыры біздің окоптың бетін тырнай бергенде, гранаталарды дәл астына тастап жіберсек сөз жоқ ұрып ғой. Құдай біледі, күлін көкке ұшырамыз, ішек-қарнын ақтарамыз.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 214 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...