Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 9 страница



Мен Марковтың тапсырмасын орындамақ болып, командирлерді шақырып алдым да, тиісті бұйрықтар бердім. Бозжанов Краевка, Рахимов Филимоновқа кетті. Танков Горюны аймағындағы тапсырмаларды тындыр-мақ болып о да шығып кетті. Мен штабта тағы да жападан жалғыз, күзетші байланысшылардың арасында қалдым.

* * *

... Қасында адъютанты бар, полковник Капров кіріп келді. Үстінде балшыққа былғанған шолақ тоны, аяғында екі жерінен снарядтың жаңқасы жырып кеткен пимасы бар. Үлкенірек бір жыртығынан ақ шүлғаудын шеті көрініп түр. Өзі бұрыннан арық кісі, біржолата қырым еттен айрылып, сақал-шашы үрпие өскен, қара-қатпа болыпты да қалыпты. Мен оған сәлем беріп, орындық ұсынғанымда оған отырмастан теңселіп барып, ілгектерін ағытып, «басым меңзең, аяғым сырқырап барады» деп бір күрсініп, еденге сұлқ түсіп, шалқасынан жата кеіті. Жанында тұрған байланысшы жауынгер оның басына жастық орнына өзінің противогазын қоя койды.

—Рахмет, шырағым!..— деп полковниктің даусы әлсіреп әрең шықты.

—Сіз жарадарсыз ба, жолдас полковник? — дедім.

—Жоқ қарағым, шаршадым, болдырдым... Өте қажыдым. Менің мұнда келгенімді бес минуттан кейін генералға хабарлаңыз... Мен азырақ дәрмен шақырайын... Менің атқосшым Николай Сйнченко көрпе-жастық, матрас алып келген сон, полковниктің қарсылығына қарамастан төсекке жатқызып, ыстық-ыстык шай бердік. Полк штабьнан үсті-басы оқ-дәрі сасыған офицерлер бірінен соң бірі келіп, жай-жапсарды қысқаша баяндап, тапсырма алып кетіп жатты. Бір уақытта полк комиссары Ахметжан Мүхамедияров кслді. Шолақ тонының етегі қанға боялған.

—Саған не болды, Мадия?— деи Қапров шошынып сұрады.

—Жәй, Илья Васильевич, торы атқа оқ тиіп, мен соның астында үш минуттай тырбаңдап жаттым... Мені телефонға шақырды. Генерал екен, маған труб-каны Капровқа бер деп бұйырды.

—Мен тыңдап тұрмын, жолдас, иә, сіздін, бұйрығыңыз бойынша... Иә, иә, артымызға қалқан тастап кеттік... Оны да миналадық... Иә, солай еттік... Кәзір Мүхамедияровтан сұрайын... Генералмен әңгімесін бітіріп болып, Капров комиссарға:

—Генерал жаралылар үшін тағы алты машина жібермекші,— деді.

—Бауыржан, жаралылар үшін сенін үш асханаңнан тамақ бөліп алдым,— деді Мүхамедияров достық пейілмен.

—Е, бұлар езі қайтеді? Оның не? — деді Капров.

—Ештеңе етпейді, дұрыс істепсіз, жолдас комиссар,— дедім мен.— Біздің жігіттер қазір тың отыр ғой. Капров өз картасын жайып салды. Маған өзі қалқан қалдырып кеткен, миналап кеткен жерлерді, бөреннен үйінді тосқауыл жасалып жатқан орындарды көрсетіп, полктың шегінісін қалай қамтамасыз ету керек екенін бастан-аяқ түсіндірді. Генерал маған полктың қалқанда қалған белімшелеріне басшылық етуді тапсырыпты, ал Капролъш. өзіне полктың негізгі күшін жана шепке жеткізуді бұйырыпты... Қараңғы түн. Жауынгерлер рота-ротасымен, батальон-батальонымен Горюны арқылы шегініп етіп барады... Олардық командирлері полковникке келіп жайды баян-дап, қысқа-қысқа тапсырма алып кетіп жатты. Саптағы жауынгерлер болса, полковник пен комиссардың даусын естіп, қатар түзеп, біркелкі нық басуға тырысқан сияқты.. Мен ләм демепен, үн шығармастан Капров пен Мұ-хамедияровтың қасында тұрмын. Түн қараңғысын жамылып, кетіп бара жатқан жауынгерлердің қараңдаған тұлғаларын көріп, оларды шығарып салып тұрмын......Кәзір осы әңгімені жазып отырғанымда 1812 жылғы Отан соғысының атақты батыры Денис Давыдовтың сөзі есіме тусе берді. Оның сөзінің терең мағынасын бұлжытпау үшін Денистік өз тілімен келтірейін: «... отступление сие названо только славным. А сие прилагательной от частых употреблений обесславилось... Я помню какими глазами мы увидели эту дивизию, подходившую к нам в облаках пыли и мына, покрытую потом трудов и кровью честь... Каждый штык ее горел лучем бессмертия!»

Олар кетіп, біз қалдық. Штаб бастығы Рахимов өте пысық жігіт еді. Оны жақсы көргендіктен үлкеніміз еркелетіп Қаби, кішіміз сыйлап Қабеке дейтінбіз. Қабидың өзіне етене болып кеткен серіктері барды. Бірі — бұрын радиотехник болып істеген, кәзір біздің байланысшылар взводының командирі, әдепті, тұнық көзді, сұңғақ бойлы, кертпеш мұрындау келген кіші лейтенант Леонид Степанов. Екіншісі — бұрын кооператив қызметінде болған, кәзір біздің шаруашылықты — азық-түлік, оқ-жарақ, ат-арбаларымызды тап-тұйнақтай етіп жайғастыратын қызыл шырайлы, тапал бойлы, кекшіл көзді, жұқа ерінді жиырма бестен жаңа ғана асқан кіші лейтенант Василий Борисов. Екеуі де Кабидың айтқандарын бұлжытпай орындап, аяқтарынан тік тұратын. Рахимовтың Степанов пен Борисовтей сенімді көмекшілері болғандықтан олардың шаруасына көп араласа қоймайтын едім. «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма» дегендейін, жігіттердің өздері-ақ бәрін тындырып жүрсе, беталды кимелеп нем бар. Рахимов мені ешуақытта жалғызсыраткан емес. «Шаршадыныз ғой, демалсаңызшы, өзініз жүгіре бергенше, бізді жұмсасаңызшы...» деп шырқ үйірілетін. Бірақ, мұны жағымпаздықпен сияқты емес, нағыз адамдық қамқорлықпен, менің туған інімдей кішілік ізеттікпен жасаушы еді. Өзінің қолы тимей жұмыс болып қалса, қарамағындағы жігіттерге: «сен комбаттың қасында болғын, мүмкін керек болып қаларсың», деп тапсырып кету оның әдеті еді. Бұл жолы менін, касыма Степановты жіберіпті... Капров пен Мұхамедияровты қол алысып қоштасып, шығарып салдық та, Степанов екеуміз штабқа қайтып келдік. Келе сала генералмен сөйлестім, Капровтың Горюныдан полктың негізгі күшімен аман-есен аттанғанын хабарладым. Генерал телефонмен бірқатар нәрсеге жөн сілтеп, ақылын айтты. Сөздің соңында: «Ал ерім, тоқтам солай болсьш, жағдай түсінікті ғой», деді де трубканы қоймастан: «есңізде болсын, жолдас Момышұлы, Капровтың қалған адамдарын мен сіздің қарамағыңызға уақытша ғана қалдырып отырмын, тапсырманы орындағаннан кейін Капровтын, өзіне қайтарыңыз, қайырғанда түп-түгел қайырыныз. Оларды жамау-жасқауыма, ұңғыл-шұнғылыма тығам деп жүрменіз. Онда ренжимін сізге, есіңізде болсын», деген соқғы сөзі нық естілді.

—Олар ез міндетін орындаса мен сізді алдамаймын, сеніңіз, жолдас генерал.

—Дұрыс, солай келіселік. Ұмытып барады екенмін, әлгі Георгий Федорович сізге келді ме? Жауап бергенімше болған жоқ, байланыс үзілді де қалды. Ызамның келгені соншама, қолымдағы телефонның трубкасын лақтырып жіберіп, қасымдағы Степановқа айқай саппын:

—Бұ не деген тірлік?!

—Ғапу етіңіз, жолдас комбат, снарядтын, каңғырған бір жаңқышағы үзіп кеткен болар. Дұшпан тағы да зеңбіректен атқылай бастады ғой. Амал қанша...

—Егер бес минутта телефон қайта сейлемесе, мен Рахимов екеуіңді де...— дей бергенімде сөзімді аяқтатпай біреу иығымнан тартты. Жалт қарасам подполковник Курганов тесіле қарап тұр екен. Жүзінде талай ұйқысыз түндердің табы. Өзі қара қатпа еді, оның үстіне тотығып, тіптен қарайып ке-

тіпті.

— Айқайлаудын, орны бар, жолдас аға лейтенант!

Телефоннын, түтқасын лақтырып, көз алдыңыздағынын бәрін асамын, шабамын деп жазыксыздан жазықсыз қүр үрса бермес болар, жолдас аға лейтенант! Ашуын,-мен емес, ақылынмен билеген жен болар!

Менің де сол тұрғандағы ұсқыным адам күлерлік болу керек,подплоковник бетіме қарап езу тартты да жұмсара сөйледі.

—Отырыңыз, жолдас аға лейтепант! Соғыста командирдің сабырлы болғаны жақсы. Қызбалыққа салының күйіп-шесеңіз сабырдан тез айрыласыз, бекем ше: сергек байлау табуға болмай қалады. Өйткеннен кейін командир алды-артын қамтымаған ақылды бұйрық бере алмайды.

Бұл сөздерімен подполковник мені қатты ұялтты. Қазақтың «сабыр түбі сары алтын, сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», деген мақалы есіме түсті. Мен бұл мақалды орысшаға аударғанымда Георгий Федорович қарқ-қарқ күлді де:

—Халық дана деген осы ғой,— деп біраз ойланып қалды.— Қарамағыңыздағы адамдардан байланыстың үздіксіз болуын талап еткеніңіз дүрыс. Үздіксіз байланыс керек. Үзілсе тез түзелуі керек. Бірақ та снарядтың қаңғырған жаңқашағы сіздің бұйрыққа бағына ма, ол телефонның сымытұргай адамның өзін де өлтіріп кетеді ғой. Соғыста жазатайым көп кездеседі.

— Генерал сізді сұрап еді, жолдас подпалковник.

—Тап сол кезде үзілді ме?

—Иә! Тап сол кезде. Генералдың Сізге нендей тапсырма бергісі келгенін ести алмай қалдым. Үзілді де кетті.

—Оқасы жоқ, жігіттер кәзір байланысты түзер, сосын қайта хабарласармыз... Діңкем - құрып, қалжырап отырмын. Бар болса, маған бір кесе шәй алдырыңызшы.

Мен далаға шығып қайтып келсем, Курганов телефонмен сөйлесіп жатыр екен.

—Әзірге бәрі орынша... Жоқ, немістер әлі көрінбейді... Олардың да сілесі қатқанға ұқсайды... Мүмкін күш жаңартып, орын ауыстырып жатқан болар. Егер олай етіп жатса, түс қайта атой салуы мүмкін... Біздің оқ-дәріміз аздау. Йә, мен тиісті бұйрықты бердім... Олар кәзір Момышұлының ту сыртында орналасып жатыр... Солай еткеніңіз дұрыс болар еді. Бұл жаққа кемінде бір мыңы керек... Оның қандайларын Макаров біледі...-Жарайды, білгенімді аямаспын... Иә, біздер біраз әңгімелестік... Қолдан келсе сөз жоқ орындаймыз ғой... Сау болыңыз... Подполковник сөйлеп болып трубканы телефонистке бере бергенде, Синченко тамақ алып жетіп келді. Ет араластыра куырылған картошка. Оның артынан бір қолына көк шәйнек, бір қолына жарты стакан арақ ұстап Степанов жетті. Подполковник ашығып қалған екен, алдындағы асқа бүркітше шүйілді. Арақты көрер емес.

— Мынаны жұтып жіберсеңіз болмай ма, асты сосын жесеніз,— дедім мен.

— Жәй уақыт болса, бұл шіркіннін, екі-үшеуін де тастап жіберер едім. Өзім шаршап, қалжыраған адаммын, оның үстіне аш қарынға түссе ұйқымды келтіріп, маужыратып мазамды алады. Сондықтан ішпей-ақ қояйын,— деп стаканды дастарханның шетіне ысырды да, Синченкоға: — шәйіңді құя бер, қарағым,— деп кесесін ұсынды. Біраздан кейін мандайынан шып-шып тер шықты. Оны орамалымен сүртті де Степанов пен Синченкоға рахмет айтып, маған бұрылды:

— Ал, енді іске кіріселік, жолдас аға лейтенант,— жақа ғана тұтатқан темекісін екі-үш рет құмарта сорды,— генерал жаңа сізге біраз жайды айтуға бұйырды. Картаңызды әкеліңіз! Мен үлкендігі дастархандай картаны әкеп алдына жайдым. Көзімен бір шолып етті де, кей жеріне шүйіліп қарай қалды. Сірә, біраз белгілер дәл түсірілмеген болу керек, жақтырмағандай қабағын шытты. Карта тануға келгенде алдына жан салмайтын тәжірибелі командир-діқ бірі еді. Алдындағы қағазға қарап-ақ осы маңның ұнғыл шұңғылынын, бәрін керіп отыр. Күміс сырын зергер, кілем сырын тоқушы біледі деген емес пе. Курганов та өз ісінін. сырына қанық адам. Ол отыр, мен оның алдында тікемнен тік тұрмын. — Отырыңыз, отырып аспай-саспай сейлесейік,— деді. Түрлі-түсті қарындаштармен картаға белгілер соғып, сызғылай бастады. Сүйрік саусақтары сып-сып етеді. Күші басым жаумен біздін, дивизияның өткен үш күнгі ай-қасын баяндайтын белгілер тасқа танба басқандай сайрап шыға келді. Көріп тұрмын, мен де оқып үғып түрмын... Подполковник қарындашын қойды да, орындыққа шалкая беріп нығая отырды да:

— Генералдың айт дегенін картаңызға түсірдім. Келіңіз, екеулеп, енді егжей-тегжейді талдап көрейік. Бер, мен, жақынырақ отырыңыз. Сөйтті де картадағы майдан шебін сұқ саусағымен бір нұскап:

— Жанталасып жүріп жау біздің қорғаныс шебіміздің Н. және Т. участоктерінен жарып, итермелей, 4—5 километр ішке кірді. К. Ц. Д. У. Ж. Ф. шептеріне жетті. Осы арада дұшпан шабуылы тойтарыла тоқтатылды. Үш күн бойы арпалыста жеткен жері осы. Бірақ, одан әрі ішке кіріп, ілгерілей алмады. Бұл төңіректе тың күші байқалмайды. Кәзіргі халімен ол шабуылға шыға алмас. Күш жинақтап, орын ауыстырып топтану үшін кемінде 6—8 сағат уақыт керек. Яғни ендігі шабуылды 12-00-ден ерте бастай алмайды деген сөз. Жау соққысын кай маңнан күтуге болады. Меніңше олар күшті Ядрово, Горюны, Покровское бағытына төгер. Ал, қосалқы шабуылды Дубосеково, 151,0 биіктігі Матренино; Рождественское, Шишкино, Гусеново тұстарынан жасар. Мен осылай болар-ау деп болжаймын, жолдас аға лейтенант. Мұнан әрі подполковник біздің жағдайымызға талдау жасады. Дивизияның полктары біртіндеп-біртіндеп алдыңғы шептен кейін қарай жылжып жатыр. Өзінің артиллерия полкы Капров полкының кейін шегінуіне қалқан болып көмектесуде. Оқ-дәрі тапшы, генерал алдыңғы шепке мыңнан аса снаряд жеткізіп бермекші, екі дивизион Горюны маңына шығарылды, олар те-мір жол будкасының сол жағындағы орманға орналаспақ.

— Жау негізгі күшін Ядрово, Горюны, Покровское тас жолының бағытына, бойына төгуде. Біздің саперлер де қамсыз емес. Бірнеше тосқауылдар мен бөгеттер жа-салынып, жолға ағаштар қүлатылып, миналар көмілді. Бүл жұмысты Капровтан қалған бөлімшелер істеп бітірмек. Капровтың адамдары және менің полқым жау біздер жасаған тосқауылға, миналы алаңға кедгенше сіздерге көмектеседі. Жау тосқауылға келгеннен кейін екі-үш дүркін оқ жаудырамын да, сіздердің ездеріңізді қалқалап, дивизияның негізгі күштеріне қарай шегінемін. Маған берілген бұйрық осындай. Ал, генерал сіз өзі еркін қимылдасын, пәлендей деп оның ісіне араласушы болма деді. Яғни біз сізбен алғашқы кезде ғана келісіп отырып, бір-бірімізге көмектесе қимыл жасаймыз... іІодполковник генералдың айтқанын, өзінің ақыл кеңесін баяндап болғаннан кейін өз қосына кетті. Мен Рахимовты, Бозжановты, Танков пен Степановты шақырып алдым. Барлық жай-жағдайды түсіндіріп, картадан тосқауылдар мен миналар көмілген алаңды көрсеттім деп бұйрық бердім:

—- Степанов! Сіз дереу байланыс сымын тарту қамына кірісіңіз. Бозжанов! Сіз Филимоновқа менің бұйрығымды жеткізіңіз. Лейтенант Бурнаевскийдің взводы манына барып, тосқауыл мен мина көмілген алаңды қорғайтындай болып бекінсін. Ал, сіз, Танков жолдас, екі взвод пен станковой пулеметті алыңыз да Н. және Т. маңына бекініңіз.

—Жолдас комбат, сонда Горюныны тастап кеткеніміз бе? — деп таңырқай сұрады.

—Жоқ, тастамаймыз. Жауды еқ алдымен тосқауылдар мен миналар көмілген алақ мақында қарсы аламыз да, содан кейін Горюиыға қайта келіп бекінеміз. Бізге Кургановтың екі дивизионы көмектеспек. Біздің үш взвод — бір рота, капровшылар екі ротадай. Осының бәрін қосқанда бір батальон емес пе? Алдымызда берік тосқауылдар мен мина көмілген алақ бар. Кешке дейін жауды ілгері аттап бастырмай біраз әурелеуге болады.. Егер подполковник Кургановтың екі дивизионымен көмектесем деген уәдесі болмағанда біз жауды Горюныдаі отырып-ақ тосып алатын едік. Оның үстіне генерал мыңға жуық снаряд жібермек болыпты.

—Онда дұрыс екен,— деп Бозжанов жайылып салаі берді.— Тоқайласып көрейік.

—Орманды паналамастан, жауынгерлерді взвод-взводымен сап құрып темір жол будкасының бер жағындағы тас жолмен ертіп осы жерден өтіңдер.

—Онда, өзімізді көрсетіп қоямыз ғой, — деді Танков.

—Осы маңда күш бар екенін көрсін. Біз мұнда жасырынбақ ойнағалы қалғанымыз жоқ. Бозжанов ешнәрсе түсінбегендей: — Онда не болғаны...— деп таңырқады.

—Не болғаны дейтін не бар, тас жол оған даңғыл жол емес, зымырап өте шыға алмайтынын білсін...

—Енді ғана түсіндім! — деп Бозжанов мәз боп күлді.— Немістер енді я айналып өтуді, немесе тура қарсы маңдайдан баса-көктеп ұрудың қамын ойлайды, Рахимов «неменеге мәз боп тұрсың» дегендей Бозжановка ажырая бір қарады.

— Қаби, сен Гусеновоға тез жет те, бәрін генералға баянда. Ал, жолдастар, сұрақтарың жоқ болса, іске кірісіңдер. "

Рахимов схемасыз қарыс аттап баспайтын офицерді Басқа командирлер жөн-жөнімен бұйрықты орындауға кеткенде Рахимов отыра қалып схема сызуға кірісті.

—Схеманың керегі не? Ана картада бәрі көрсетілген ғой, ал да жүре бер.

—Жолдас комбат, шынымды айтсам сіздің шешіміңізді анық-қанығына жетіп түсіне алмай калдым. Гейералға бәрін жеткізу үшін егжей-тегжейіне дейін біліп алу керек қой. Өзім кағазға түсіріп қарамасам болар емес.

—Е... онда сыза бергін.

Синченко Рахимовқа аттың әзір тұрғанын хабарлады. Рахимов өзі сызған схемаға қарап тұрып, барлығын дәлме-дәл айтып берді.

—Генералға тура осылай баяндаңыз. Генерал капровшыларды көп кідіртпей жібер деген. Егер тосқауылдар мен мина кемілген алаңды бөгет ете ұстап, жауды біраз әурелеп, алдыңғы карқынын басып алғымыз келгенін мақұлдаса, капровшыларды қараңғы түскенше қайтармайтыныңызды айт.

Қаби қағаздарын жинап шығып кетті. Борисов кіріп келді. Ол біраз үңдемей тұрды да:

—Жолдас комбат, жұрттың бәрі кетіп жатыр, біз ие істейміз,— деп күмілжіді.

—Бәрі кетіп жатыр дейсіз бе?

—Танков өз адамдарын әкетіп барады. Бозжанов Матрениноға шауып кетті. Рахимов та бір жаққа кетіп барады.

—Олар кетсе кете берсін, ал біз осында қаламыз. Мұнда Танковтың бір взводы, байланысшылар взводының жартысына жуығы, медпункт және сіздің взводыңыз қалады. Мұның бәрі сіздің көзіңізге көрінбей ме? Сам-саған үлкен бір кол емес пе. Борисов жымиып күлді.

—Мен сізді алғашқы шешіміңізді өзгертті ме екен деп қалып едім.

—Борисов! Біз бұл жерден ешқайда кетпейміз. Кеткендер де алысқа қанша ұзай қояр деп едің. Тізгін менің қолымда. Азық-түлік, киім, оқ-дәрі, тағы баска дүние жиһаздың бәрі сіздін қолда, сонда олар кайда барады. Біраз шайқасып, бой жазғаннан кейін осында қайтып келеді.

—Жолдас комбат, адамдарды қалай тамақтандырамыз,— деп күле сұрады, менің әзілдей сөйлегеніме көнілденген Борисов.

—Бұл мәселені рота старшиналарымен ақылдасып өзініз шешіңіз. Дәрігерлік пункттің, асханалардың жұмысы титтей де кідіріп қалмасын. Өзіңіз қадағалаңыз. Ен әуелі капровшыларды тамақтандырыңыздар. Стар-шиналарын шақырып алып, керегінің бәрін беріңіздер....Телефон зың ете қалды.

—Күніне сан қилы шешім қабылдап жүрген сіз бе, жолдас Момышұлы?

—Шешімді өзгертейін деп өзгерткен жоқпын, жағдай солай болды, жолдас генерал. Неміс Капровты өкшелеп қумай, тоқтап қалды. Шебін ауыстырып, күшін жинақтап жатыр. Біздің қарап отырғанымыз жөн болар ма?

—Сізге бұл ойды салған Георгий Федорович-ау!

—Иә, жолдас генерал, ол кісі біраз маған кеңес берді.

—Егер Курганов екеуіңіздің ойлағаныңыздай болса мен мақұлдаймын.

—Құп, жолдас генерал! Біз жауапкерміз.

—Жарайды! Мен сіздерге біраз жәрдемдесермін, аспаннан да көмектесуді сұрайын. Ал, сіз, жолдас Момышұлы, тым қызыл тұмсыққа дейін салынып жүрмеңіз. Генералдың соңғы сөзі маған қатты батты. Горюныдағы жұрттың жартысынан көбін орнынан козғап, ілгері жіберіп қойғанымды аса ойланып істелген шаруа демесе керек. Ашып айтпаса да жақтырмай қалды-ау деймін. «Ойлағандарындай болса... макұлдаймын» дегені не дегені. Адамдар барар жеріне барып қойды, бекінді, енді қайта кайырып әурелемейін» дегені болу керек. Осы ойлар иығыма бір тонна артып қойғандай зілдей басып, қатты қапаландырды. Қасымда да ешкім жок. Жалғызбын. Өз ашуыма өзім булығып, құсаланып отырмын. Бұрын осындай әрі-сәрі кезінде жолдастардың біреуі болмаса біреуі медеу боп керінетін. Әсіресе, полктың саяси нұскаушысы Федор Дмитриевич Толстунов өз алдына бір төбе еді. Алатауды жайлаған, қырғыз елінің арасында өскен орыс жігіті. Кейде екеуміз қырғызша сейлесіп, қалжыңдасып тіпті ұрсып та қалатын едік. Жібектен жұмсақ байсал-ды мінезі жауынгерлерге де ұнайтын. Биязы, ақылшы тіпті қысылыс-таяң кезде қатар тұра қалып бірге оқ ататын. Батальондағы кейбір ақаулы істер жөнінде менімен әңгімелескенде қорқытпай-ақ, үркітпей-ақ ақырын, шынайы сырлас жолдастай сөйлесетін. Сөздері ылғи «сіз қалай ойлайсыз, жолдас комбат», деп келуші еді. Егер әлдекім кимелеп, жол-жөнекей қосанжарлап, болмаса «комбат айтты ғой, саған не жоқ? Комбаттың бұйрығын бұлжытпай орындауға міндеттіміз» деп тұратын... Міне, сондай досты көрмегелі жарты айдан асты. Дәл кәзір керек боп отырғанын кәрдің бе. Амал не, жоқ қасымда, жоқ бұл маңда....Өстіп ой ұйығына белшемнен кіріп отырғанымда Рахимов жетіп келді. Орнымнан қалай ұшып тұрғанымды да білмеймін.

—Қаби, генерал не деді?—деппін.

—Өзіңізбен сөйлесті ғой, жолдас комбат! — деп планшетін жайлап аша бастады ол.

—Саған не деді?

Рахимов картамы стол үстіне қойды да:

—Сізге ұрысты, жолдас комбат! Негізгі позицияны жалаңаштап ілгері кетіп қалғансыңдар деді. Бәрін бүлдірген әлгі подполковник Курганов осы...

—Ол сонда барып қалып па?

—Менен бұрын барыпты. Генерал оныц да көкесін көзіне көрсеткен болу керек. Менің көзімше: «Георгий Федорович, сіз де батальон үшін жауап бересіз» деді. Генералдың бұл сезі менің шымбайыма қатты батты, жолдас комбат. Тағат тауып түра алмадым: «Өлсек те, жолдас генерал, тапсырманы орындаймыз», деп лақ еткізгенім бар емес пе. «Өлмеу керек, тапсырманы орындау керек, аз шығынмен күшті сақтау керек, алдымызда әлі талай асулар бар» деді генерал. Содан кейін схемаға қарап тұрды да: «іс жүзінде қалай болатынын кім білсін, жалпы ойларың жаман емес. екен», деп жұмсара сейледі. Сонымен сіздің шешім мақұлданды. Енді соны орындау керек.

Мақұлдануы мақұлданды ғой. Бірақ, жау калай қарар екен оған. Кенеттен жер солқылдап, гүрсілдеген дауыс естілді. динала күңіреніп кетті. Біз отырған ағаш үйдін, сылақтары түсіп, босағалары сықырлай бастады, терезенін көздері сыңғыр етіп сынып жатыр.

— Бұл не, Хабибулла?

—Бомбалап жатыр ғой, жолдас комбат.

Сыртқа шықтық. Неміс самолеттерінін, гүрілі естіледі. Қанаттары күн сәулесіне шағылысып, тізіліп ұшып барады. Орала бұрылып алып қүлдилай жөнеледі де оқ төгеді, бомба астыңғы жағынан түйенін, құмалағындай ытқып түсіп жатыр. Жарылады да, төңірегіне от бүркіп, шынқылдап, гүрсілдеп құлақ тұндырады. Бір кезде Шишкино маңындағы орман үстінен үштен топталып истребительдер ытқып-ытқып шыға келді.

—Біздікі!!!

—Жіпттер, біздің қырандар!





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 218 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...