Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 13 страница



—Жолдас комбат, мен сенің аға адъютантың емеспін ғой,— деді ол айқайлап.— Мұндай адамдарға ендігәрі мені жіберуші болма. Анау подполковнигің соғысу үшін емес, мына орманның ішіне демалу үшін келен ку...

—Сен оның өзіне тура солай деп айттың ба?

—Айтайын деп едім, бірақ...

—Е, онда маған неге айғайлайсың. Ол Кирсанов емес. Курганов емес. Командирі келсін сонан кейін сөйлесейік...

—Гәп сонда боп түр ғой, оиың командирі келмейді, ал, подполковник келмейтін адамды күтіп, өз тарапынан ешбір әрекет жасағысы келмейді. Күндізгі сағат екіге қарай немістер бізге көңіл аударайын деді. Неге екені белгісіз башняларын қызыл матамен орап тастаған бірнеше танктері келеді. Рахимовты бригада командирінің орынбасары подполковникке жібердім. Толстунов Краевқа кетті. Мен Бозжановтың бақылау пунктінде тұрмын. Немістер аса көп емес. Бес-алты танк, екі ротадай жаяу әскер. Біздің зеңбірекшілер алдьшда келе жатқан екі танкті дәл атып тоқтатты. Сөйткенше болған жоқ, олардың снарядынан біздің бір орудия расчетімен быт-шыт болды. Жауынгерлер пулеметтен, мылтықтан оқ атып танктердің артында келе жатқан жаяу әскерлерін жер қаптырды. Міне, кәзір бригададан кемінде бір батальон шыға келеді, немістерді быт-шытын шығарып, кейін қуып тас-тайды деп күтіп отырмын. Бірақ, жүгіріп жеткен Рахи\мов ентігіп:

—Түк те көмек күтпей-ақ қойыңыз, подполковник әлі ойланып болған жоқпын деп отыр. Рахимов Краевка кетті, мен штабка келдім. Подпол-ковникке телефон соғып едім. Ол «мен әлі шешім қабылдай қойған жоқпын, әзірге өздерің соғыса тұрындар, жағдай кейін қандай болар екен, көрерміз» деді. Түкке-тусінсем бұйырмасын, подполковник әлде бригаданы мезгілсіз соғысқа салмайын дей ме, болмаса сасқалақтап, не істерін білмей отыр ма? Соншама күш өз қолымда болар ма еді,— деп зығырданым кайнады. Іләж жоқ. «Кісідегінің кілті аспанда» деген осы. Тұңғиық ойға шомып отырмын. Қанша уақыт өткенін де білмеймін, бір уақытта штаб планшетін қолтығына қыса сала Степанов мені есікке қарай сүйреді. Біздің шығар жерімізде көлденеңдеп немістің танкісі тұр. Басымызды сұғып қарап едік, бір неміс башняның қақпағын ашып жатыр. Оның басы ғана көрінеді. Степанов атып кеп жіберді. Әлгі неміс суға сүңгігендей жып беріп қайта жоқ болды. Өзіміз тұрған үйдің бұрышынан өте бергенімігде, менің артымда келе жаткан Курбатов танктың ішіне граната лақтырып жіберді. Бір уақытта гүрс еткен дауыс естілді.

—Тағы да граната бар ма? — деп сұрадым мен Курбатовтан.

—Енді біреуі бар.

—Таста оны да башняға.

Курбатов мысықша жылжып, үйдің қабырғасымен жабысып кетіп барады. Бір кезде бұрыштан бұрылып жоқ болды. Оның басы қайта көрінгенде, тағы да гүрс еткен дауыс естілді. Апай-топай сыртқа жүгіріп шықтық. Темір жол төмпешігінің жанына келсек, Рахимов, Краев, Хасенов түр екен. Сейтсек, неміс танкісі бізге басқа жақтан келіпті. Таң атқалы каңғырып бос қалған үйлерді танкімен тап-тап жүрген неміс экипажы бүл үйде біздің батальонның басқару пунктінің бар екенін қайдан білсін. Білсе ғой... Осы үйді қалқалап тұрып, бір бұзылған жерін жөндеп алуды ойлағанға ұқсайды. Білсе ғой... зеңбіректен бір-екі снаряд жіберіп, біраз оқ атса болды, бітіп жатырмыз. Танктен ешбір дыбыс жоқ. Осыдан 20 минут бұрын өлердей қорқып қашқан үйге қайта оралдық. Келсек, аспазшы Жан Файзиев ыңылдап өзбекше елең айтып, үлкен бұхар пышағымен ұсақтап ет турап отыр. Оны алғаш көрген Степапов:

—Джан, сен мұнда неғып отырсын? — Файзиев орысша жаксы сөйлей алмайтын. Атып тұрып, сіресіп қатып қалды:

—Я, товарищ командыр, обед делаед, обед хороши, мостава буйдет.

—Сен бұл арада қалай қалып қойдың.

—Я сидит работает, вдруг стреляет, все бижал, Я ножик забывал, абратна бижал. Надо ножик,. мясо, рис возми. Я взял бижал. Тут танк стаял. Большой бзрыб полушился. Я бижал назад, карават лижит. Я все лижит лижит, нишево нету. Вставал пошел, танк стаял, окно смотрит все командыр идет, я сидимся работаем, обед мостово бұйдет. Джан осы сөздердін өзін қиналып ұзақ уақыт айтты. Рахимов кіріп келгенде ол колын кеудесіне қусырып, өз-

өзбекше отыра қалды да:

—Ва, акажан! Бүлар немә деп тұрыпты ю?

—Санға не булди ишләй бәр аухатларинни!

—Хуп, акажан!

Рахимовты жан піріндей санаушы еді. Біздің ешқайсымыз өзбек тілін білмейтінбіз. Ал, Рахимов өзбекше судай ағып тұр, әсіресе, бұл халықтың тамақтарының аттарын, оны жасаудын жолдарын бүге-шігесіне дейін білетін еді. Жанмен ол тек өзбек тілінде ғана сөйлесіп, «түз салу, бұрыштау», «ет турау» жөніндегі нұсқауларды тек өзбек тілінде ғана беретін. Біз Жан әзірлеген тамақты жер-кекке сиғызбай мақтайтынбыз. Ал, Рахимов одан әрдайым бірдеңе тауып отыратын. Жан кажетті заттардың бәрінің сайма-сай еместігін айтып, онын алдында ақталғысы келуші еді. Ұрыс жок кезде Рахимов казанның касында кақиып Жаннын, баскан-түрғанынын, бәрін-калт жібермеуші еді. Кейде езі от жағып отыратын. Ал, Жан терлеп-тепшіп оның айтқандарын шып-ширғасын шығармай орындап жүреді. Біздің қазақтарда еркектердің көбі қазан-ошаққа араласуға арланады. Оны әйелдін, жұмысы деп есептейді. Әйелдердін, өзі де соған үйреніп кеткен. Елде жүргенде бір күні менің қазан-ошаққа үйірлеу бір жолдасым тезірек тамақ ішкісі келген соқ, ықыласымен көмектесейін-ақ деп асханаға барса «бұл үйде қатын мен бе, сең бе», деп әйелі оны қуып шығыпты, «кім шақырды сені мұнда, өзім-ақ жайғастырам», деп ұрсыпты. Әлгі «байғүстың» ұялғанынан сөлпиіп қайтып келгені әлі есімде Ал, Рахимов бізде мүлде басқаша еді. Кәдімгі тәжрибелі аспазшыдай тамақтың барлық жайын білетін. Бозжанов оған біздің батальонның «байсалды бәйбішесі» деп қалжыңдайтын. «Мен қыз болсам өлсемде Хабиға бармас едім. «Егер Хаби, Хаби болмай Хабиба болса, мен қалың малға тоқсан түйе салсам да үйленер едім», деп те күлетіні барды. Шынына келсек, ондай өнері бар өз жолдасымызды мысқылдау, әрине, дұрыс емес еді. Күндізгі сағат екіге қарай немістер Горюныға шабуылды қайта бастады. Неміс батальонныц қимылын артиллериясы мен танктері қолдады. Ұрыс екі сағатқа созылды. Жау бізді барған сайын қысып келеді. Толстунов әлгі бригаданыың штабынан тағы да кеңілсіз оралды. Подполковник «әзірге шыдай тұрыңдар, күн батып қалды ғой, мен кешке қарай шешім қабылдаймын» депті. Біздің қанға боялып жатқанымыз мынау, ал, под-полковник әлі шешім қабылдаған жоқ. Аса ұзаққа шыдай алмайтынымыз белгілі. Жау тағы бір-екі рет шүйіліп берсе, Горюныға карай тайып отыруға мәжбүрміз. Мұны қабырғама батса да Толстунов пен Рахимовқа айттым. Толстунов жаны түршігіп артқа қарады да:

—Рас, халіміз нашарлап барады. Мен тағы да барып келейінші,— деді.

—Барыңыз, айтыңыз. Біз енді бір сағаттан артыққа, әрі кеткенде бір жарым сағаттан артық шыдай алмаймыз. Ол ең болмаса сақтанып өзін-өзі қорғасын.

Толстунов тағы кетті. Орман жиегіне жақын деревняның шетінен немістің танктері және әскерлер көрінді.

—Жолдас комбат,— деді Бозжанов сыбырлап маған,— көріп тұрсыз ба?

—Көріп тұрмын.

—Не істейміз енді?

—Әзірге үндемеңдер. Шабуылға шыққан кезде сен оң жағынан, Краев сол жағынан оқпен қапсыра шабақтаңдар. Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді. Гүрс-гурс жарылып әр-әр жерден қара құйын көтерілді. Немістер Горюныға сұқсырдай қадалып, үсті-үстіне ұрып жатыр, Көл аткан жоқ, бірақ есті шығарып жіберді. Снарядтардың түтіні басылмастан шиқылдап, ауық-ауық оқ атып моторлары гүрілдеп танктер жылжып берді. Тас жолдың бойымен шабуыл жасап келеді. Болат тасбақалар зеңбіректерінен жалын құсып, пулеметтерінен оқ нөсерлетіп апшыны қуырды. Олар қаз-қатар тізіліп, ақырын жылжып келеді. Өздеріне-өздері сенімді маңғаздана, алдын-да қандай күш болса да утюгтей басып өтетін кейіппен қозғалып келеді. Біздің танкке оқ ататын екі орудиямыз аузын ашып та үлгірмеді, оларды скарядпен тұншықтырып салды. Бұл жолы жаудың жаяу әскері танктердің артына ілескен жоқ, олар орманда калды.

—Яғни, жау ең алдымен бізді біраз танктердің болат бауырымен үтіктеп алғысы келген екен. Ал, содан кейін...

— Ол дұрыс шешкен,— деген арт жақтан Толстуновтың үнін естідім,— ал, сен қалай шештің,— деп сұрады ол менен жалт бұрылғанда.

—Горюныны тастап, орманға қарай шагіну керек. — Онда неғып тұрсың?

—Рахимов! Краев пен Бозжановқа айт, орманға қарай шегініп, бекінсін сонда. Тас жолдан Горюныға жаудың жаяу әскерін өткізбесін деп бұйырыңыз. Ал,- мен ана бригадаға барам,— дедім де жүріп кеттім. Көңіл-сізбін. Біз ақырын жүріп келеміз. Үн жоқ, тым-тырыспыз. Сыртқа еш сыр шығармай ауыр қайғыда жүретін аналар сияқты командир де соғыста ез қайғысын сыртқа шығара алмай тұншығады.

—Жолдас- комбат, сен аса қайғырма,— деді жұмсақ даусымен Толстунов.— Жігіттер ешнәрсе аяған жоқ қой. Тырысып-ақ жатыр, қайтсын енді.

—Бүгін он сегізі ме өзі!

—Жок, он тоғызы. Батальон генералдың приказын орындады. Тас жолды екі тәулікке жуық ұстады....Орман шетіне орналасқан бригадаға жете бергені-мізде ашаңдау келген капитан байбалам салып, айқайлап жүр екен. «Бекініңдер, машинаны от алдырыңдар, тездетіңдер!» Экипаждар машиналарына қарай тұра-тұра жүгірді. Бірақ от алдырып болған соң тағы да нұсқау күтіп, қарап тұр. Горюнының шетіне неміс танктері жылжып жетіп қалды, тұра қалды да бірнеше снарядты бригада орналасқан орман жаққа атып-атып жіберді. Снарядтың бір жарықшағы безек қағып жүрген капитанды сол қолынан жарақаттандырды. Машинадаң машинаға безектеп жүрген капитан: «Бекініңдер! мен жаралымын» деп айқайлайды. Біреулерді балағаттап та жүр. Біздің ауыр «КВ» танкісі оқ ата тұра алға ұмтылды. Оның дәл тиген снарядынан Горюнының шет жағына тоқтаған неміс танкісі лап етіп жана бастады. «ҚВ» бар екпінімен артына бауырынан астына кесек бұрқыратып, ілгері қарай зымырап барады. Горюныдың шеткі бір үйінен өтіп, көрінбей кетті. Бірақ, «КВ»ның соңынан еш машина ермеді.

—Жолдас капитан, бірнеше машина жіберсеңізші, «КВ»ға көмектессін,— деді Толстунов.

—Маған қорғану керек деп бұйырылған, қарсы шабуылға шық деген жоқ,— деді капитан.

—Әй, мына жүгенсіз кеткен иттің баласын-ай, ә... (Жаңағы танкке айтып тұр.) «КВ» қайта бар пәрменімен зытып келеді. Неміс снаряды «КВ-ның» башнясына қиғаш тиді де жарқ етіп рикошеттеді. Бозжановтың айтуына қарағанда әлгі батыл «КВ» бір үйді паналап тұрып, немістің төрт танкісін жайратыпты да қайта зытыпты. Біз бригаданың штабына келсек подполковник жиналыс өткізіп жатыр екен. Мен подполковниктен қарсы ша-буылға шығып, Горюныды алуды сұрадым. Біздің екі ротаның жау танкісінің шабуылынан бөлініп жолдың екі жағында калғандығын айттым. Бірақ олардың тас жолға оқ атып, жаудың жаяу әскерін жібермей бөліп тастағандығы да баяндалды.

—Қарсы шабуылға шығып асығудың қажеті жоқ,— деді подполковник алдында жаюлы жаткан картаға ка-рап.— Мен әлі шешім қабылдаған жоқпын...

—Менің танкім деревняға шабуыл жасап барып еді, онда ешкім де жоқ екен,— деді подполковниктің сөзін бөліп капитан.— Бұлар деревняны тастап кетіпті. Жынымнын келгені сонша, әлгі капитанға әйтеуір аузыма түскен қатты сездерді айттым.

—Аға лейтенант күні бойы соғыстан қажығансын ашынып тұр ғой,— деп подполковник маған басу айтқандай болды.— Ал, капитан болса соғыста жараланды,— деп онын да көңлін жықпады.

—Капитан сіздің тұңғыш «батырыңыз» және тұнғыш «құрбаныңыз да»,— деді Толстунов ызалана.— Оны наградаға-ұсынуыңызға болады,-жолдас подполковник. Толстуновтың бұл сөзін естігендер шыдай алмай күліп жіберді. Капитан не дерін білмей сасып қалды.

—Сіздер бара беріңіздер. Мен мына жиналысты бітіремін. Содан кейін шешім қабылдаймын, шақырармын,— деп бұйырды подполковник. Біз кеттік. Күн батып барады. Горюныдан орманға, орманнан Горюныға қарай атыс. Бірақ, бұл атыс қаншаға созылар дейсің. Қараңғымен бірге саябырсыр.

Екі сағаттан кейін мені бригаданың штабына шақырып байланысшы келді. Түн ішінде сүрініп, жығылып бес адам келе жатырмыз: мен, Толстунов, Рахимов және екі байланысшы жауынгер. Біз штабқа кіргенде электр лам-пасының жарығы көзімізді ұялтты. Келгендігімізді баяндағаннан кейін подполковник орнынан тұрып, екі қолымен столдың екі жағынан сүйеніп картаға қарады да былай деп бастады:

—Менін. бұйрығымды тыңдаңдар! — Барлық командирлер орнынан тұрды.— Отырып тыңдаңдар,— деді подполковник картадан көзін айырмай.— Қомандирлер отырды. Мен Горюныды үш жағынан шабуылдап қарсы алдымыздағы жауды жойып, Горюныды алу Н. батальоны — дегенде — сол батальонның командирі ұзын бойлы, ашаң жүзді майор орнынан тұрды.— Машинасыз тас жолдың ар жағына өтіп, орман ішінен шабуылға шығатын мына жерден орын әзірлеп,— деп сұқ қолымен картаны шұқыды. Майор өз командирінің бұйрығын қалай болса солай тыңдап тұр.— Үш қызыл ракетамен белгі берілсін. Сол белгі бойынша еналдымен Н батальоны шабуылға шығып, мына аймақты алсын,— деп картаны тағы да нұсқады. Мен орнымнан тұрдым, үн қатпадым.— Ол үш ақ ракетамен белгі берсін. Содан кейін танк батальоны шабуылға шығып, деревняның калған жағын алсын. Ал, Н. мотобатальоны менің резервімде болсын. Бүл сөзді айтқан кезде тапалтақ капитан орнынан тұрды. Горюныды алғаннан кейін мен тағы да қосымша шешім қабылдаймын.

—Н. мотобатальонның командирі бұйрықты қайталаңыз.— Майор орнынан тұрып подполковниктің айтқанын сөзбе-сөз қайталады. Маған кезек келгенде орнымнан тұрдым да:

—Мен сіздің бұйрығыңызды түсінген жоқпын, жолдас подполковник. Сондықтан оны қайталамай өз ойымды айтуға рұқсат етіңіз.

—Айтыңыз.

—Менің батальоным бұған дейін ұзақ соғысып, әбден калжыраған батальон. Бір рота тас жолдың ар жағында, екі рота бер жағында. Мен адамдарды таңға қарай ғана жинай аламын. Осыны ескеруіңізді сұраймын, жолдас подполковник... Менің ойьшша Горюныға ең алдымен танк батальонынын, кіргені дұрыс болар еді.

—Талқылап жатудың қажеті жоқ!—деп подполковник қызарақтап қоя берді.— Мен айттым, болды.

—Кешіріңіз! —деп Толстунов сөзге араласты.— Мен полктың өкілі ретінде сөйлегім келеді, мені мұнда біздің тенерал жіберді. Батальон екі тәулік бойы қиянкескі ұрыстан әбден қалжырады. Не істемексіз енді оны? Сіз қайта бұл батальонңың ес жинауына көмектесіңіз. Егер сіз бұл тілегімізді орындамасаңыз мен кәзір бұл жерден кетемін, армияның әскери советіне баяндауға мұқтаж болам... Мен бұрынды-соңды Толстуновтың дәл сондағыдай өжеттілігін көрген емеспін. Подполковник қысылып қалды, әлгі жерде тұрған әскери адамдар «үндемей жүретін жуастыд» жаңағыдай сөзіне еріксіз таңырқады.

—Жақсы!.. Сіз батальонның орнына барасыз,— деді подполковник тапалтақ капитанға.

—Баруға әзірміз,—деп ол бұйрықты құптады....Таңғы сағат 5-ке қарай мені бригада штабына қайта шақыртты.

—Әлгі шекарашы майор бізді тақыр жерге отырғызды,— деді подполковник басыңқы, қынжылған үнмен.— Батальонды алып кетіпті. Қоршауда қалдық. Мен қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлшіп шығуға бел байладым. Сізге де, жолдас аға лейтенант, өз құрамдарыңызға жетуді ұсынамын. «Қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шығу» сол кезде Қызыл Армияның кейбір командирлері үшін бір салт болған еді. Немістер ішке кіргеннен бері олар шегінудің осы бір түрін қолданып келеді. Мүндай шегіністі кімнің заңдандырып, кімнің бекіткенін білмеймін. Шын мәнінде жеке-жеке, белішп-бөлініп шегінуөте ыңғайсыз еді. Галицкий, Доватор жаудың сонау түкпірінен дивизияны да ұйымдасқан түрде бастап, қамауды бұзып шықты. Галицкий де, Доватор да аспаннан түскен ғажап адамдар емес-ті. Бар болғаны өз тізгінін өзі берік ұстай білген беделді командирлер еді. Онын, ешқайсысы да» «қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-белініп шығуды» қолданған жоқ.

Кейбіреулер «мен пәлен деревняны тастап шықтым», «мен шегіндім» дейді. -Ешкім ешуақытта өздігінен шегініп, өздігінен тастап шықпайды. Жау солай етуге мәжбүр етеді. Сопдықтан да ең дұрысы «мен бергім келмеп еді, бірақ, жау ырқыма қоймады — куып шықты» деген дұрыс. Бос мақтанып не керек.

Рахимов біздін, жауынгерлерді Матрениноньщ маңына шоғырландыруға кетті. Мен Толстунов екеуміз бір ашық алаңқы жерде қарап тұрмыз. Шеті ойылмаған тың бригада барлық техниканы тастап, жауға қарсы бір оқ атпастан 1941 жылдын, 20 ноябрінің ертесінде, дәрменсіз подполковниктің бұйрығымен көз алдымызда «қоршаудан жеке-жеке, белшіп-бөлініп шықпақ болып» ағаш-ағашты паналап тарап кетті. Тізгінді босатып, әскери ұйымшылдықты әлсіретсен, кейбір адамдар табан астында бұзылады. Көз алдымызда бір топ адам аспазшыны таяқтап, военторгтін, магазині-автобустағыны тонап, төбелес шығарып, өздеріне керектісін алды да кетіп отырды. «Бір нәрсеге керек боларсың» деп Рахимов Степановты жіберген екен. Жаңағы жағдайды өз көзімен кергендігіне Степанов булығып кемсеңдеп тұр.

—Ей, саған не болды? — деп оған зекірді Толстунов.— Мұнда жылауға келіппе ең, шығарма әрі, жоқ сұмдықты.

—¥ят қой, тіпті, жолдас аға политрук,— деді Степанов көзінің жасын сүртіп, бірақ әлі ызаға булыққан күйі. Біз Матрениноіа кеттік. Жолда келе жатып өткен 20 октябрьде біздің батальонның бұдан бұрын жау тылынан қалай жарып өткені есіме түсті. Біз Сталин атындағы совхоздың іргесінде тұрдық. Түнгі ұзақ жүрістен және таңертеңгі ұрыстан кейін орман ішінде жауынгер-лерге біраз тыныстауға, тамақтануға рұқсат берілді. Бұдан кейін қайта жүру керек, тағы да соғысу керек. Солдатты жақсылап киіндір, жақсылап тойғыз. Егер ол шаршаса екі сағат демалыс бер де, қайтадан отқа сал. Орыс солдаты міне сонда шаршамайды да, күймейді де, қайта ол шыныға түседі. Отаны үшін бұрынғыдан да құшырлана күреседі. Егер солдатты күтсең — жеңіске жеткенің. Майданда солдат қара жұмысшы сияқты қарыны тоқ болса, дүниені қопарады. Солдатты сыйлау керек, сүю керек, сырын білу керек, қамқорлық жасау керек. Міне, сонда одан ұялмай, жасқанбай талап ете ала-сың. Ол бәрін де орындай алады. Сонымен біз Сталин атындағы совхоздың іргесіндё орманда жорықтағы демалыста тұрмыз. Маған Борисов жүгіріп келді де орманнан ішінде генералы бар бір топ адам келді деді. Мен батальонның тамақ әзірлейтін жеріне келдім. Егде тартқан генералды және бір топ адамды көрдім. Генералдың үстінде шинел, басында пилотка, жуан таяққа сүйеніп түр екен. Оның қасында жас, полк комиссары, бірнеше офицерлер және көнетоз киінген екі-үш жай азамат бар. Генералға әскери ізет көрсеттім.

—Менің фамилиям Старков. Мына кісі дивизия комиссары. Ал, ана қалғандары дивизия штабының командирлері. Мен Борисовке стол жабдықтауға бұйрык бердім.

—Стол жабдықтап қайтесіңдер? Сол столда жасайтын дүниелеріңді -қолымызға ұстатыңдар, біз жылжи берейік,— деді генерал. Борисов берілген тапсырманы орындағанға дейін генерал менен біраз жайларды сұрады. Біздің осы арада, жаудың тылында екі тәулік бойы жүргенімізді білді.

—Бұдан былай да батальон болып мына көліктеріңізбен, пушкаларыңызбен жылжығалы отырсыздар ма?

—Бәріміз топтана, бытырамай шығуға бел байлап отырмыз, жолдас генерал, қажет болған кезде соғысып, жарып шықсақ па деген ойымыз да бар.

—Дұрыс істегелі отыр екенсіздер,— деді комиссар.— Біз бүкіл дивизияны тоздырып жібердік. Міне, көрдіңіз бе, енді езіміз де бишара болып келе жатырмыз. Борисов әлгілерге бір килограмнан ақ нан, 200—300 грамнан суық ет берді.

—Біз үшін мыналарыңыз тым мол сыйлық,— деді генерал, азық-түліктерді алып жатып. Адамдар аш екен, тарпа бассалып жей бастады. Борисов екі қорап махорқа алып келгенде генерал: — Өздерің мырзасыңдар ғой, жақсылық қылсаң, жарыта деген, бізге газет және бір қорап сереңке беріңдер ендеше...— Олар сыйымызға алғыс айтты да, орман арасымен жүріп кетті.

Мен сол сәтте комиссардың «біз бүкіл бір дивизияны тоздырып жібердік» деген сөзін түсінбеп едім. Енді, міне, көз алдымызда бір оқ атпаған бүкіл бір бригада «жеке-жеке, бөлініп-бөлінш» кеткеннен кейін ғана, ол сөздін мәііін түсіндім. Жаудың қатты соққысына тап болған әскери бөлімдер мен құрамдардың қоршаудан ұйымдасып шығып, жаңа шепке орналасып, өздерінің беделді командирлерінін, баскаруымен қайта ұрыс жүргізгендері аз болған жоқ. Міне, олар құрметтеуге, сыйлауға тұратындар. Соғыстың ауыртпалығын сол табанды құрамдар мен бөлімдер көп көтерді. Олар соңғы адамы мен соңғы оғы қалғанша жаудың жолын бөгеді. Егер де жағдайға байланысты қамалын бұзып шыға алмаған, бірақ оған қатты қарсылық көрсетіп қалжыратқан, майдан даласында намыстана соғысып ерлікпен құрбан болған әскери бөлімдер де аз болған жоқ. Ондай бөлімдер жаудың жүрегін шайлыктырды, әрбір солдаты жау солдатынын, екі-үшеуін ала кетті.

Генерал Панфиловтың бір майорға айткан сөзі әлі есімде. Ол майор генералға: «Жау талқандаған батальонның командирімін» дегенде, Панфилов: «Бүкіл батальон құрып кетіп, онын. командирі тірі қалды дегенге кім сенеді», деп еді. Майор оған бүкіл полк, бүкіл дивизия талқандалды, олар қоршауға түсіп қалды, содан кейін жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шығуға рұқсат берілді,— деді. «Одан да солай деңіз, жау талқандаған жоқ, өзімізді-өзіміз тараттық, тоздырып қоя бердік демейсіз бе». қандай да болмасын талқандалған заттың сынығы қалады, ал, талқандалған дивизияның ең болмаса сынығы қайда? Сіздін, дивизияны, құрметтім, талқандаған жоқ, өздерің бытыратып қоя бердіңдер». Біздің кез алдымызда жеке-жеке, бөлініп, бет-бетімен кеткен әлгі бригада да міне тап сондай болды.

* * *

Біздің батальонның екінші ротасы — Краевтың ротасы тас жолдың ар жағында қалған. Ал, Бозжанов пен Филимоновтың ротасы бер жақта. Кеше кешке қарай Горюныды алғаи жау бұл роталардың арасын бөліп жатыр.

Матренинога келдік. Рахимов, Бозжанов адамдарының темір жолдың аржағында орман ішінде жиналып жатқандығын, ал, Филимоновтын, адамдары Матренинода жиналып жатқандығын айтты. Краев байланысшы жіберіп темір жол будкасының солтүстік батыс жағында екенін, бұйрық күтіп отырғанын хабарлапты. Ал, Борисовтың асханасында таңертегі ас әзірленіп жатыр.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 283 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...