Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 10 страница



—Салыңдар ойранды, сұңқарларым! — дегеи қуанышты дауыстар ордан да, үйден де естіледі. Біздін, истребительдер орманнан зымырап шығып көкке тік өрлеп көтерілді. Дүшпан бомбардировщиктерінің үстінен қонжия шүйіліп кеп оқ төкті. Бомбардировщиктер қолбандап сасып жан-жаққа тым-тырақай қашты. Бомібаларды беталды тастап барады. Біздің истребительдер үйрек қуған тұйғындай соңынан қалар емес. Бір бомбардировщик қалбалақтап барып, бір жағына қарай ауды да, сол қанатын астына ала қисая, құлдилай жөнелді де әп-сәтте тұмсығымен жер қауып тоңқалай құлады. Қою қара түтін аспанға будақтала көтерілді. Тағы да самолрттердің гүрілі естілді. Дос па, дұшпан ба деп күмәндана мойнымызды созып аспанға карасақ өзіміздін, бомбардировщиктер екен. Олар үш-үштен, алты-алтыдан топтанып Шишкино, Матренино, біз түр-ған Горюнынын. үстінен үшып өтіп барады. Рождественское, Ядрово мен Дубосековаға жеткенде құйыла дәлдеп гүрсілдетіп бомба тастай бастады. Тастап-тастап оңтүстік шығыс жаққа қарай аспанды сүзе өрлей ұшып, тайып берді. Бомбардировщиктердін, соқынан оқ себелеп штурмовщиктер өтті... Осынық бәрі 3—4 минуттің ішінде болған оқиға өшімізді бір алды. Екі көзіміз төрт болып бірнеше сағат бойы жау қи-мылын күтудеміз.

— Бізге де кезек келген шығар, жолдас аға лейтенант,— деді подполковник Курганов аттан түсе беріп... Аузын жиғанша болған жоқ дәл осы сөзді күтіп тұрғандай алыстан артиллерия гүрсілдеп зікір салды. Аспанда мың албасты қосылып боздағандай снарядтар ысқырып, зуылдап, ыңылдап жақындап келеді. Біз секіріп-секіріп траншеяға түсіп бүға қалдық. Жан-жақ гүр-сілдеп, тарсылдап, ың-жың болды да кетті. Жер солқылдап, көкке қою қара құйындар көтерілді. Үстімізден қар аралас тоңған кесек атқылап, топырақ борап бас көтертер емес.

— Дәл соғуын кердің бе имансыздардың,— деп Курганов орнынан тұрып үстін қаға бастап еді, ордың ернеуіне таяу жерге түсіп, жарылған снарядтың ауа екпіні оны қалпақтай ұшырды.— Жау дәл көздеп атып жатқан жоқ, құр жобалап ұрып тұр. Мынау сол каңғыған снарядтардың бір жолғы дүркіні болу керек,— деп қайта тұрып үстін қақты да,— дәл көздейтіндей бұл маңға олардың барлаушылары жете алған жоқ,— деді подполковник.

«Бір жолғы қаңғып келген оғы мынау болса, тағы бес дүркін қаңғып осылай темпештесе бүғатын адам қалмас» деп айта жаздадым да, подполковниктін тік мінезінен сескеніп үн қатпадым. Талай үйлер шытырлай жанып, өртенін жатыр.

Көшемен жүріп келе жатырмыз. Борисов бір топ адаммен снаряд түскен үйлердегі өртті сөндіруге кірісті.

—Жарақаттанғандар көп пе? — деп сұрадым мен.

—Төрт адам жеңіл жарақаттаныпты.

—Мына шұңқырларды қазып алғанымыз абырой бопты. Бас сауғалар панаға жарап тұр. Қыстақ тұрғындарын көшіріп жібергеніміз мұндай жақсы болар ма,— деді Рахимов.

— Ал, мен зеңбіректердің қасына барайын. Біздің бақылаушылар жаңағы оқ құсқан маңды байқап қалған болса ондағы батареялардың үнін өшіру керек шығар,— деп Курганов біздің қасымыздан кетті.

!..Жау шабуылға шықты. Біздің жігіттер оқ нөсерімен оларды қарсы алды.Орман іші бытырлап атылған мылтық безілдеген пулемет үнімен күңіреніп кетті. Қара құрым боп лап қойған немістерді жан-жақтан бүріп әкеп жер құштырды да, біздің әскерлер екінші шепке ціегінді. Бас көтере алмай қалған немістердін, жаяу әскерлерін бір рота танктер қуып жетті де, бізді мылжалап ұра бастады, шыдатпай астан-кестенімізді шығарып барады. Оқ бүркіп келе жатқан түсі суық болат танктерді көргенде «қап, еш болмаса, екі-үш зеңбіректі алдыға қойдырмаған екенмін» деп бармағымды тістедім.

Немістер күнібұрын әзірленген тосқауыл мен мина көмілген алаңға келіп тірелді. Аяғына тұсау түскендей кібіртіктеп жьшжи алмай калды. Дәл астына мина жарылған екі танк оңқаласа шоңқиып тұрып калды. Жаяулар тырмысып-тырбанып алға ұмтылады. Осы сәт Кургановтың оншақты зеңбіректері дыбыс шығарды. Дәл ұрды. Жау мүлде кідіріп қалды. Бірақ ұрыс әлі тынар емес. Өлексесін сүйретіп ұмтылған жау екі шепті басып өтті, біздің артымызда бірақ шеп бар. Подполковник Курганов атысты үдетіп, немістер тағы да жер қапқан сәтте:

— Жау ес жиғанцда Горюны мен Матрениноға қарай тездеп шегініңдёр,— деген бұйрық бердім... Шегініп, екі тосқауыл шебін қалдырдық. Одан кейін-гі ну орманнан да өту онай емес, біраз кедергі болуға жарайды. Саперлар жолдық орманнан шыға берістегі екі жиегіне екі үлкен фугас көміп кетті. Жанына снаряд, мина түссе болды, бітіп жатыр. Жауға кедергі болар деген екінші медетіміз сол екі фугас. Дұшпан жуырмаңда бойын жия алмады. Діңкесі құрып, екшелей қууға дәрмені болмай қалды-ау деймін. Біздің адамдар сол бетімен Горюны мен Матрениноға келіп бекінді.

...Горюныға келсем штабта Толстунов пен Рахимов шәй ішіп отыр екен.

— Федор Дмитриевич, сізді де көретін күн болады екен ғой. Бірақ, той тарқағанда келгеніңізге жол болсын,— дедім. Толстунов шырт ете қалды:

— Жолдас комбат, сіз осы кекетіп сөйлеуіңізді қашаң қоясыз?

—Сізді генерал телефонға шақырады. Мен көрші бөлмеге кеттім.

—Сіз орын алмастыруға кірісті дей ме?

—Иә, жолдас генерал!

—Түгел шегініп үлгере алар ма екенсіңдер?

—Үлгердік, жолдас генерал. Алдымызда екі тосқауыл бар. Курганов аянып жатқан жоқ. Бекініп те үлгіреміз.

—Онда, дұрыс екен. Толстунов сізде ме?

—Осында, жаңа екеуміз тіктесіп қалдық.

—Оқасы жоқ, ренжіспесеңдер болғаны. Ол сізге өте қажып барды. Шырт ете қалғаны да сондыктан болар. Сізге ол біраз жайларды айтып берер. Қажып келген адамды орынсыз кекеткеніме өзімнен-өзім ұялып келе жатыр едім, Толстунов жымиып алдымнан шықты.

—Кел, жендеп амандасайық, Бауыржан,— деді. Кінәлі кейіппен:

—Аманбысың, Федя,— деп оған қолымды бердім.

* * *

Толстунов мені жалпы жағдаймен таныстырып, генералдың тапсырмаларын айтты. Дұшпанның салмағы біздің сол жақтағы көршіде. Елиннің полкы қиын жағдайда қалды. Жау оны қақ жарып өтіп, ту сыртына шығып кеткен, штабка кеп тиісті. Командир адамдарынан адасып калыпты, штаб бастығы ауыр жаралы, тоз-тоз болған әскерлерді полк комиссары әрең жинап, түнделетіп отырып дивизияиың негізгі күшіне әкеп қосты.

— Қатты шаршап, ұйқыдан қалжыраған адам мас кісіше теңселіп, аяғын баса алмайды екен. Титтей аялдасақ болды, жауьшгерлердің жартысынан көбі отырған жерлерінде «қор етіп» ұйқтап кетеді. Бірін оятып, екіншісіне барғаныңша, алғашқы оятқаның қайтадан ұйқтап қалады. Әбден титықтадық. Қозғалта алмасына көзі жеткенкомиссар командирлер мен саяси жетекшілерді шақырып алды да: «Жігіттер, қармен бет-ауыздарыңды ысқылап жіберіңдерші»- деді оның айтқанын істедік.— Ал, енді бойларың сергіп, ұйқыларың сәл де болса ашылған болар. Мен өзім де кешелі берлі сөйтіп келе жатырмын. Жерге отырмаңдар. Отырсаңдар бойларың ауырлап, үйқы басады. Сөйтіп түрғанның өзінде жауынгерлердің көбі ұйқтап қалды. «Болмайды екен, біраз демалсын, сақ болыңыздар» деп таратты. Комиссар екеуміз жусап жаткан қолды екі-үш рет аралап шықтық. Суыққа қарамастан отырған-отырған. жерінде бүктүсіп ұйқтап жатыр. Біржарым сағаттай уақыт өткен соң біреулері қозғалып, біреулері тонған қолын жеңіне тығып, біреулері етегімен тізесін бүркеп тіріле бастайын деді. «Жан кіре бастады. Енді бұларды оятуға болады» деп бұйырды комиссар. Таң ата Шишкиноға. келіп, өз тобымызға қосылдық. Ал, енді генералдың айтқаны «бүгін мен ертең шыдап берсін, әсіресе, тас жолдың бойындағы Горюныны қолдан шығармай мықты ұстасын» деді. Осы кезде Рахимов келді.

—Жұрт орын-орнына жайғасып, бекіне бастады деп баяндады.

—Капровшыларды подполковник Кургановтың қарамағына жіберіңіз!.. Біраз демалсын. Егер неміс бізді тықсыра қалғандай болса артиллериялық позицияны қорғайтын болады. Қараңғы түсісімен артиллеристермен бірге кетеді. Ән,гімеге Толстунов араласты.

—Генерал оларды дереу қайыру керек деп бұйырып еді ғой! — деді ел.

—Менің ойымды ұқпай тұрсың ғой, немістер бізге өте жақын, егер автоматшылардын, бір ортасы ту сыртымызға шыға қалса артиллеристерді быт-шыт қылмай ма?

—Иә, солайы солай-ау,— деп келісе кетті Толстунов. Рахимов менің шешім-імді құптағандай болды да:

—Мен оларды өзім ертіп барайын, жолдас комбат,— деп шығып кетті. Қурганов телефон соқты.

— Сіз капровшыларды шынымен маған бергелі отырсыз ба?

—Иә, шынымен, жолдас подполковник. Егер әлде қандай жағдай болып артымызға шыға қалса, сізді корғауға менің мұршам келмейді.

- Рахмет, достым, мен сізді ұғып тұрмын. Менің бақылаушыларым рота, взвод командирлерімен бірлесе отырып, жау жақты торуда. Қай жерге оқ атуды қай жерге ненің қажет екенін бірінен соң бірі хабарлап тұр қысылмаңдар. Иван Васильевич тағы да «қиярлар» жіберіпті. Подполковник Курганов полк командирлерінің ішіңдегі ең бір жинақы, әділ де қатал, табанды командир еді. Біз кіші офицерлер одан сескенетінбіз. Бірақ, әділдігі үшін сыйлайтын да едік. Оның «рахмет, достым» деген сөзін естігенде, шынын айтайын, төбем көкке жеткендей болып қалдым. Әсіресе, оның «қысылмаңдар» деген сөзі үлкен медеу болды.

— «Қияр» келді, «қиярлар» болады,— деп мен трубканы кезекші телефонистке беріп жатып айқайлап жіберіппін.

Бозжанов пен Толстунов «мұны бірдеңе ұрып кетті» ме дегендей маған таңдана қарады.

—Қайдағы «қиярлар», неғылған «қияр», жолдас комбат?

—Иван Васильевич жіберіпті.

—Иван Васильевич жіберіпті дейді, қай Иван Васильевич?

—Генерал Панфилов бізге көптеген снарядтар жіберіпті, соны айтып тұрмын. Енді Горюны алдына от шашып, тосқауылдаймыз. Енді тұмсығын сұғып көрсін. Аң-таң болып тұрған Бозжановқа:

—Дереу маған Танковты, Рахимовты, Степановты шақырып кел,— дедім.

...Толстунов лейтенант Танковты жетік білмейтін еді. Бір сөзімде оны «астаналык лейтенант» деп атағаньш бар-ды. Мен Толстуновқа Танков туралы қыска ғана айттым. Бүгін ұрыс шебінде онымен қалай танысқанымыз да баяндалды. Ұрыс шебіндегі Танковтың бұл күні көрсеткен қайратын айтпауға дәтім шыдамады....Рахимов, Танков, Степанов және Борисов келді.

—Степанов! Дереу өзіңдегі және артиллеристердегі байланыс жабдығын тексер. Барлық бақылау пункттерімен байланыс жаса!

—Орындауға әзірмін; жолдас комбат!

—Барыңыз, іске кірісіңіз!

—Борисов, сізде көлік қанша?

—Жиырма, жолдас комбат, 108

—Он арбаға жақсы аттарды жек те, үстіне шөп, сабан сал. Жаралыларды алып кетуге дайын тұрсын.

—Құп болады, жолдас комбат, бәрі де орындалады.

—Барыңыз, орындаңыз! -— Лейтенант Танков!

Басқа офицерлер сияқты ол да қарсы алдымда тіптіке тұра қалды.

—Сіздің ротаңыз Горюныдағы горнизоннық негізгі күші. Горюны үшін ең алдымен сіз жауап бересіз. Біз сізге бөгет жасамаймыз. Штаб темір жол будкасына қарай көшеді. Менің бақылау пунктім орнында қалады. Сіздің барлық бақылау пункттеріңізге артиллеристердің бақылаушылары келіп қосылады. Ақылдасып, қай жерге зеңбірек оғын ату керектігін подполковник Кургановқа мегзеп отырыңдар. Қараңғы түскенше снарядтар жеткілікті. Горюнының төңірегіндегі барлық күшті сіздің карамағыңызға бағындырдым. Именбей, жалтақтамай мықты командирше басқарып, қимыл жасаңыз.

— Құп болады, жолдас комбат! — деп жауап катып, Танков бір күмілжіп тұрып:— тек сізден кеңес сұрап стыруға рұқсат етіңіз,— деді.

—Ақылдан да, зекіруден де кенде болмассыз, жолдас лейтенант,— деп мен үшін Толстунов күле жауап берді. Танков кетті. Оған ілесе Бозжанов та шықты. Мұны көріп қалған Толстунов: '

—Шыдай алмады білем, бірінші ақылшының өзі кетті ғой,— деді.

Осы сәтте Курганов өзінін, барлық зеңбіректерінен немісті атқылай бастаған еді, ал немістер Горюныды төмпештеп жатыр.

—Бұл ненің шарапаты болар екен?

—Артиллерияның әдеттегі әні ғой,— деп жауап берді сабырлы Рахимов.— Аттаныс алдында айылын тартып жатқан болар.

Біз тұрған үйге тақау келіп бірнеше снарядтар жарылды. Жер сілкініп, үй төбесінен сылақтар түсіп жатыр.

—Оңай жау көрінбейді. Мынасы ойыншық емес қой,— деп Толстунов үйдің тебесіне қарады.

—Құдайдың салғанын көрерміз.

Одан кейін үшеуміз картадан НЗО және ПЗО участкелерін белгіледік. Рахимов біздің ойымызды айтуға Кургановқа кетті. Біз Толстунов екеуміз көшеге шықтық. Үйлер бірінен соң бірі жанып жатыр. Жанған үйдің бәріндегі өртті сөндіреміз деп Борисов және бірнеше. жауынгерлер аласұрып жүгіріп жүр.

—Борисов! 'Кетіңдер, бұл арадан,—дегенімде, ол жанып жатқан үйлерді қолымен көрсетіп, «мыналарды қайтеміз» дегендей аңырайып тұрып қалды.

—Жана берсін! Кетіңдер, дереу бұл арадан. Бәрің де орманға барыңдар.

Олар орманға қарай жөнелді. Біз бақылау пунктіне бара жатырмыз.

—Тұрғын халықты алдын-ала көшіріп жібергеніміз жақсы болды-ау,— деді Толстунов. Біз бақылау пунктінде, селоның ең шетіндеғі төбешіктің үстінде тұрмыз. Зор денелі біреу қорбаңдап окоптың ішінде дүрбімен алдыңғы жақты дәміл-дәміл шолады. Малақайы желкесіне түсіп кетіпті. Үстіндегі шинелі қожалақ-қожалақ. Зор денесі осы бір апатты соғыска ырық бере қоймайтын сияқты боп көрінеді. Оның қасында қысық көзді біреу жерге жабысып, те-лефонмен бірдеңені былдырлап айтып жатыр. Иә қырғыз, иә қазақ, екеуінің біреуі. Күңіренген соғыс дүбірінің үстінде даусы еміс-еміс құлағыма келеді. Орыстың сөзін ортасынан опырып соғып жатыр.

— Огнебая!.. Штә... Попраблай присел... уробен... нол, нол дбанасат... Што?... огон... зашем болтаеш, тебя мой передает приказ, я команду даеш лейтенанта Андрееп... Ну, што выполнай пожалуста... Лейтенант Андреевті мен бұрыннан, Волоколамскідегі ұрыстардан білуші едім. Онда Андреев Кургановтың артиллерия полкындағы батареяны басқарды. Үш күн ұдайы біздің батальонды сүйемелеп тұрды. Өте адал, сауатты, батыл офицер. Подполковник Кургановтың оны мұнда бақылау пунктіне неге жібергені де түсінікті енді маған. Шын мәнінде Андреев кәзір бүкіл бір дивизионға жөн сілтеп отыр. Дивизионнын оғының қалай түскенін байқай қойып, дереу дәл нысананы түзетті. Оқушылардыд есіне сала кететін бір нәрсе: артиллерияда «атушы» деп зеңбіректерді атып тұрғандарды айтпайды, соларға бақылау пунктінен есеппен жөн сілтеп, басқарып отырған офицерді «атушы» деп атайды.

—Андреев! Сіз осындамысыз,— дедім мен. Ол стереотрубаның акуляторынан көзін ала беріп, бізге карап «бұлар қайдан кеп қалды» дегендей таңданьш үнсіз жымиды.

_ Саламатсыз ба, жолдас аға лейтенант. Не айтасыз?

_Орманды түгел, ондағы жау шоғырын тым-тырақай тарамдап таратыңыз.

—Құп болады, жолдас комбат!— Андреев телефон хрубкасын өзі алып команда бере бастады.— Атыс ұялары! Бұрынғы белгілерді жазып алыңдар... Енді шрапнельмен Прицел... Уровень... Трубка... Атыңдар!

Орманның үстінен найза бойы биікке бұрқ еткен бір шүйке шудадай бұлт көрінді, бүл жарылған шрапнельдің түтіні еді. Андреев прицельді кейін тартып, трубканы қосты. Шрапнель тура орман үстін құша жарылды.

—Тым төмендеу,— деп Толстунов күңк етті. Андреев трубканы кейін тартты, биік қарағайдың, құс қанатын қағып ұшар басынан түтін бұрқ ете қалды.

—Тағы да төмендеу болды,— деді Андреев.

—Дұрыс!—дедім мен оған,— солай атыңыз. Орман жанын қара түтін қаптады. Жарылған шрапнельдер жау үстіне қорғасыннан еселеп-еселеп «бұршақ» бүріккендей нөсерлетті. Орман ішінде шабуылға дайындалып, топтанған фашистер бет-бетімен баспана іздеп ыдыраған болар.. Кенет гүрс етіп жарылған қатты дауыс естілді ' де, орман шеті лап ете түсіп, жолдың орман жиегінен шыға берісін қап-қара түтін қаптады.

—Бұл не?— деп сұрады менен Толстунов.

—Біздің фугас қой,— деді біреу. Мен жалт қарасам, артымда Степанов тұр.

—Сен неғып жүрсің мұнда?

—Байланысты байқап жүрмін, жолдас комбат,— деді ол баяғы ұялшақтығымен,—штабты будканың жаньшдағы үйге көшірдік. Подполковник пен Рахимов генералмен сөйлесті.

—Бұл арада не болып жатқанын көрдің бе?

—Неге көрмейін, менің мұнда тұрғаныма 15 минуттей болды.

Кенет біздің жақ атысты қоя қойды.

—Андреев, не боп қалды?

—Подполковник ендігі оқты тек бұйрық бодған кезде ғана жұмсаңдар деді.

—Біздің атымыздан подполковникке де және қаһарман артиллеристерге де алғыс айтыңыз,— деді оның сөзін бөліп Толстунов.— Сүйемелдеу осындай-ақ болар,— деді ол маған қарап. Степановты жағдайдың бәрін подполковникке баянда деп кейін жібердім де, Рахимовқа алға барлаушылар жіберуге бұйрық бердім. Осы кезде Толстунов:

—Ал, комбат, мен жігіттерге кеттім, хал-жайлары қалай екен білейін,— деді де Танковтерге қарап бет алды. Орман үстіндегі тутін бірте-бірте ыдырай бастады. Орманның шет жағы алба-жұлба, сынып, қирап қапты. Синченко екі котелокты толтырып, ет косып пісірген ботқа және жарты буханка нан алып келді. Траншеяның еденіне газет «дастархан» төсеп, нанды турай бастады.

—Әлгі кісілер қайда?—деп сұрады ол.

—Әлгің кім?

— Аға политрук пен лейтенант Степановты айтам. Мен ол кісілердің де сыбағаларын әкеліп едім.

—Олар кетіп қалды, сол жақтан тамақтанар. Бір котелогің мен наныңның көбірегін байланысшыларға, қалғанын лейтенант Андреев екеумізге бергін.

—О не дегеніңіз, жолдас аға лейтенант, тамақтана беріңіз өзіңіз, бізге кәзір әкелер,— деді Андреев.

—Келіңіз, бұйырғанынан бас тартпаңыз.

—Болмас енді,— деді де Андреев «дастархан» басына келді. Қазақша малдас құрмақ болып еді, зор денесі мен келідей аяқтары икемге келмеді. Оған қасық ұсынған Синченко (ол қазақ болып кеткен украинец еді) мырс етіп күліп жіберді. Андреев ашуланған жоқ қайта күле сөйледі де:

—Жолдас аға лейтенант, "мен тіпті малдас құрып отыра алатын емеспін, тізерлеп отыруға рұқсат етіңіз.— Сөйтті де траншеяның бүкіл бір кенересін ысырып жіберетіндей жантая барып, өңкие тізерлеп отырды.

Дәл осы кезде «сақалын өсіріп, шашын өткен ғасырдағы шаруалардың шашьшдай етіп қойса, үстіне қызыл көйлек, аяғына жекеден тоқыған шапата кигізсе Тургеневтін атақты «Мумуындағы» тура Герасимдей болар еді-ау» деп ойладым.

— Біздің «ас үйіміз» тарлау болды, өзіңізге калай отыру ыңғайлы болса, солай отыра беріңіз,— дедім мен Андреевке. Кең жауырынды Андреевтің артында тұрған Синченко флягты нұсқап, «100 грамм» құйып жіберсем қайтеді деп ым қақты. Рұқсат алғаннан кейін Николай Митрофанович қал-тасынан қырлы стаканын алып, үрлеп жіберді де, ішін беторамалымен сүртті, флягадан стаканнын, жартысына келтіре құйды да, «тағы кұяйын ба» дегендей маған қарады. Мен оған Кирсановша «шүлпілдете құй» дедім. Николай стаканды толтырып, енді «азғантай-ақ қалды» дегендей фляганын, түбін керсетті. Мен Николайдын, бұл ымын аңғармағандай отыра бердім.

Арақты ешуакытта жұрттан бұрын кетермейтінімді білетін Николай стаканды алдымен Андреевке ұсынды. Андреев қипалақтап, стаканды ұстаған бойы маған ұсынды.

—Ең алдымен Сіз ішіңіз, Андреев, менін, сыбағам онда бар көрінеді ғой.

—Өзіңіздің рұқсатыңызбен, сіздің денсаулығыңыз үшін, жолдас аға лейтенант! — деп Андреев стаканды бірақ төңкерді де, қайтадан Николайға берді. Ал, Николай болса тамақ үстінде өткен-кеткенді айтып отыр. Өзінін, жаралыларға қалай көмектескені туралы әнгіме айтты. Әсіресе, қарт фельдшер Киреевтін, еңбегіне, жаралыларға деген мейірбандығына қатты сүйсініп отыр, медсанбаттан екі машина келіп, ауыр жаралыларды әкетпекші болады, ол машиналардын. біреуі жүк машинасы, оған лейтенант Борисов қалың ғып шөп тесегенше ешкімді отырғызбағанын сөз етіп болып:

— Әлгі машинаның шофері бір есерсоқ жігіт екен,—деді. Дәл тойға келген адамша үсті бұрқырап иіс су сасиды, кигені жаңа комбинзон. Беркін шекесіне қоқырайта киіп: «Мен асығыспын, жаралыларды тезірек тиеңдер» деп тықыраңдап болмайды. Лейтенант Борисов «тұра тұрыңыз, жаралылардың жарасын тадып, жинап кейбіреулерін көтеріп әкелу керек», деп жай жапсарды түсіндірсе, ол ендеше кетіп калам дегенді шығарды. «Мен сізге бұйырып тұрмын», деді оның қылығына шыдамы таусылған лейтенант. Әлгі «менің өз командирім бар» деп дүрсе қояберді. Жаралыларды әбден жинап болған соң, әлгі шофер «бұл отқа хауіпті» деп машинаға шөп салғызбай қойды. «Сен отын емес, адам альш бара жатырсың ғой» деп түсіндірсек: «Маған отын не адам не, бәрібір» дегені. Осы кезде лейтенант шоферді жақтан салып кеп жіберді.

—Борисов шоферді ұрды ма?—дедім мен таңырқап.

—Иә, лейтенант Борисов әлгі куды періп-періп жіберді. Қім болса да ол жерде сөйтер еді. Ондайға сол керек.

—Мен оны ол, жерде атып тастар ем,— деді Андреев гужілдеп.

—Шофер лейтенантқа тұра ұмтылғаны барма! Бетсізін көрдің бе оңбағанның. Курбатов деген сержант екеуміз әлгі қуды тырп еткізбей жұдырықтың астына алдық-ау. Курбатов бұрың жүк тасушы болып істеген денелі жігіт ғой, тапжылдырмады. Дальмандардың оншақтысын бірден илеуге оның шамасы келеді.

—Дальман дегенің кім?

—Әлгі шофердің фамилиясы Дальман екен, біз оның әскери кітапшасын тартып алдық.

—Өзі орыс па?—деп сұрады Андреев. — Әрине орыс, жолдас лейтенант.

—Сонан соң?

—Курбатовтан гөрі мен оны аз ұрдым. Курбатов жерге салып қойып тұрып соқты, бірақ ол да «сау сиырдың боғы емес екен», сытылып бір жағымыздан шығып кетті де, мені жақтан салып кеп қалып еді, терт аяғым көкке кетеріліп серең ете түстім.

— Байқаймын, өзің бір бар сыры сыртына шығып тұратын адал жігіт екенсін,— деп Андреев ішек-сілесі қатып күлді.

—Енді қайтейін, жолдас лейтенант, болған істің жайы солай өзі. Жасырып-жабатын...

—Сонан соң не болды,— дедім мен Николайдың сөзін бөліп.

—Сонан соң ол Курбатовқа шап берді, Курбатов уйғырларша оны баспен иек астынан ұрып, тізесімен іштен тепті де құлатты, Дальман есінен танып сілейді де қалды. Фельдшер оған дәрі искетіп, есін жиғызды. Шофер есін жиғанша жаралылар теселген шөптің үстіне тиеліп те болды. Лейтенант Борисов Курбатовтық винтовкасын өзі алып, оған өзінің наганын берді де, оны шофердің қасына отырғызып:





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 306 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...