Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 15 страница



—Бір тәуір тамақтың исі шығып тұр ғой, не әзірлеп жатырсыңдар?—деп сұрады.

—Бұрынғы тамақтардан жалығып кеткен сон, жолдас генерал, бүгін палау пісірсек пе деп едік,— деді Рахимов жуылмаған қолын қоярға жер таппай апыл-құпыл сүртіп.

—Палау жасауға қажеттінің бэрі бар ма сендерде?

—Бәрі де бар, жолдас генерал.

—Е, онда жасаңдар,— деді орындыққа отыра беріп,— көптен палау жегем жоқ. Шығыстың тамағын сағындым. Егер шынымен палау пісіріп жатсаңдар, онда мен сендерге қонақ боламын,— деп генерал не дер екен дегендей екеумізге де қарады.

—Е, болыңыз, болыңыз, жолдас генерал. Рахимов шығып бара жатыр еді:

—Маған бола асықпаңыз, Рахимов жолдас. Кәдімгі өзбекше болсын, жақсылап жасаңыздар. Генерал менімен біраз әңгімелескеннен кейін план- шетінен картасын алды да, алға жайып салды. Тесіле қарап отырды да мені жағдаймен таныстырды. Бағанағы сыртқа шығып кеткен шал келіп еді гене-рал орнынан тұрып, қол беріп амандасты. — Иә, Иван Тимофеевич, ден саулығыңыз қалай?

—Рахмет, жолдас генерал, әзірше тірі жүрмін ғой. Ал, өз денсаулығыңыз ше?

— Мені Иван Васильевич-ақ десеңізші, Иван Тимофеевич. Екеуміз аттас екенбіз ғой. Мен генералдан рұқсат алып, шаруамен кеттім.- Қайтып келсем Жан қазанды қақпақпен жауып үстінен қалың орап тастапты. Ең сыртынан өзінің сырмалы кеудешесін бастырыпты.

Өзбекшілеп ол маған бу шығармаса күріштің майды бойына тартатындығын, содан кейін ылбырап пісетінін түсіндірді. 20-30 минут осылай жауып қоям, содан кейін алдарыңызға әкелем, жолдас комбат,— деді. Синченко самауырға тамызыққа ағаш ұсақтап отыр. Ал, Рахимов қиярдан, жуадан, шалғамнан салат жасап отыр.

—Бұл арадан кеткін, келмей ме, Иван Тимофеевич, бір қаңғырған мина кеп тебеңнен түссе қайтесін —деді генерал.

—Ата мекенімнен кайда барамын,— деп күрсінді әлгі шал.— Мен өмір бойы осы үйде тұрдым, ұжмақтың төрінде болғыр Матрена Михайловнам осы үйде бес бала тапты, мен де осы үйде елгім келеді. Бәрі бет-бетімен басы ауған жаққа кетті: екі ұлым Қызыл Армия қатарында, ұрыста, бір кіші қызым институттан дәрігер болып тура майданға кетті. Ал, үлкен ұлым мен қызым немерелерімді алып, немістер Волоколамскіні алғаннан кейін Москвадан әрі көшіп кетті. Мен осы үйді күзетіп қалдым. Сіздер немісті ықсырып қуғаннан кейін мүмкін семья боп ата мекенге олар да оралар.

—Менің үлкен қызым да оқуын бітіре алмады. ол да ұрыста медсестра болып істеп жүр,— деді генерал

—Ол не болғаның, бауырым, қызыңды тіпті оқуың бітіртпей майданға жібергенің не. Өзегіңді жарып шыққан өз балаңды отқа айдап, генерал боп... '

—Қызымның езі кетті. Соғыс біздің бәрімізге бір дей ғой, ақсақал. Отан соғысы ғой, Иван Тимофеевич.

—Иә... Осы араға сіз екінші рет келіп отырсыз, жалпы қызық адам екенсіз, Иван Васильевич. Бәріне жұмсақ айтасыз, даусыңыздың қанқылдап шыққанын бір естімедім, «мынаны былай ету керек, сіздің былай етуіңізді сұраймын», дейсің де жүресің. Сенің бұйрығыңның өзі де бір түрлі жұмсақ бұйрық. Бірақ, жұрттың бәрі айрандай ұйып тыңдайды, орындайды. Жан буын бұрқыратып палауды алдымызға әкеп қойды. Рахимов Николай екеуі шыны табақшаларға салынған салатты қасықтарды әкеле жатыр. Генерал орнынан тұрып колын жууға кетті. Әлгі шал кеткісі келіп еді, бірак, генерал оны жібермеді.

—Екеуміз жақсы әңгімелестік, енді бірге отырып тамақ желік. Шал кепке дейін көнбеп еді, генерал да қоймады оны. Қоярда коймай столға әкеліп отырғызды. Бәріміз де ізет сактап генералдың алуын күтіп отырмыз.

—Палауды қасықпен жеген кімді көрдің,— деді ол қасық ұсынып жатқан Рахимовқа,— кәне ортақ табақтан колмен өзбекшелеп алайық — Қожайынға өарады да,— мұны палау деп атайды, Иван Тимофеевич, міне, былай қолмен жейді деп, генерал табақтың шетінен оң қолының ұшымен палауды алды да, бір күрішті шашау шығармай, кәдімгі палау жеп кәнігі болған өзбекше ау-зына апарды.— Қолмен жегенге не жетсін, қасықпен алсандәмі тіпті басқа көрінеді. Есік жакта тұрған Синченко арақты көрсетіп Рахимовке ым қақты.

—Жолдас генерал, «Наркомовскаяны» ұсынуға рұқсат етіңіз,— деп Рахимов қипық қақты.

—Бағанадан бері не карап отырсың, тіпті ас алдында осының өзінен бастағанымыз жақсы болатын еді ғой. Кәне, бар болса құйғын.

Синченко флягадан арақты құйды да, отырғандардың алдарына қойды. Генерал сол қолымен рюмканы алып, біздің жеңісіміз үшін тост кетерді.

—Құдай қолдасын, құдай колдасын,— деп шал күбірлеп естілер-естілмес бірдеңелерді айтып, қолындағы арақты жерге қоя салды да, апың-құпың. шоқынып алды. Сөйтті де,— Иван Васильевич, сіздің денсаулығыңыз үшін,— деп рюмканы қайта көтерді... Тамақ сонынан шәй келді. Күн еңкейді. Кеш батты.

—Ал, ішерімізді- ішіп, жерімізді жедік, дәмді палауға тойдық. Нысап керек шығар енді. Рахмет, жолдастар.— Генерал бәрімізбен қол алысып қоштасты. Әсіресе, қожайын карт пен Жанға ерекше ылтипан керсетті. Жанға дәмді палау жасағаны үшін мақтау сөздер айтып әзілдеді. Мүндай дәмді тағам жеу үшін тағы да бір рет қонаққа келетінін өзбекшелеп қалжың араластыра айтты. Жан генералдың мұншама жайдары мінезіне қатты риза болып, сол сәтте езінің қызыләскер екенін де ұмытып, ез ұлтының салтынша кеудесіне қолын қусырып, басын изеп, тағзым етіп шығарып салды. Сыртқа шыққан соң, генерал Рахимовпен тағы да қоштасты да маған:

—Сіз мені шығарып салмайсыз ба, жолдас Момышұлы. Сізбен әңгімеміз әлі аяқталған жоқ керінеді. Сігдің шанамен жүруді жактырмайтыныңызды білемін, сонда да келіңіз, менің қасыма отырыңыз, ал, атқосшыңыз бен менің адъютантым артымыздан еріп отырсын деді. Біз орманға жеткенше генерал тіс(жарып сөз қатпады. Ағаш арасындағы қараңғы аллеямен тартып келеміз. Қос торынық тұяқтарынық дүбірінен, шана табанының ызғыған сыбысынан басқа ешнәрсе естілмейді.

—Әлі есімде. Алматыда бір кездескенімізде сіз үшінші июльден кейін ғана өзімді шын офицер деп санадым дегеніңіз. Ұмытқан жоқсыз ба?

—Иә, ұмытқан жоқпын. Есімде, жолдас генерал.

—Менің сол бір сәттегі түсінуімше сіз Сталин жолдастын, сөзінен соң ғана өзіңіздін. командирлік жауапкершілігіңізді ұққандай едіңіз. Біздің командирлердің көпшілігінің дәл сізше ұққандығына кәміл сенемін. Сталин жолдас мұндай жауапты сөзді партияның атынан, Орталық Комитеттін, атынан айтты ғой. Мен сіздең жолдас Момышұлы, кептен бері бір жәйді сұрағым келіп, сұрай алмай жүр едім. Енді сұрамай болмайтын шығар.

—Сұраңыз, жолдас генерал.

—Сіз осы уақытқа дейін партияға неге өтпей жүрсіз?— деп ол сұрақты тіке қойды. Комбаттардың ішіндегі партияда жоғы мен ғана едім, бұған, әсіресе біздің полктың комиссары Логвиненко тіптен риза еместі. Сондықтай да генералдың бұл сұрағы маған аса жәйлі сұрақ болған жоқ. Мен де бірден жауап бере алмай үндемей қалдым.

—Сіздің патриоттық, азаматтық, шынайы таза қасиеттеріңізге мен ешбір шек келтірмеймін. Сіз женінде, жолдас Момышұлы, менің ешбір күдігім жоқ. Бірақ, партия қатарына өтуге сізге не бөгет болды? Сіз 1924 1936 жылға дейін комсомол қатарында болыпсыз. «Оһо, мұны да біліп қойған екен ғой», деген ой сап ете түсті. Парлап жеккен ат бірде осқырып, бірде пысқырып, желе жортып келеді. Жеңіл шана шоқалақ жерлерге келгенде толқындағы қайықша тецселеді. Біз қараңғы тескен тау ішінде келе жатқандаймыз. Генералдың адъютанты мен Синченко бізді біресе қуып жетіп, біресе артта ұзап қалып қойып келе жатты. Қараңғы орман мүлгіп тұр. Мен генералға 1936 жылы Қиыр-Шығыста ұзақ жорықта жүрген кезде комсомол билетімді жоғалтып алғанымды айттым. Қиыр-Шығыстың бір шалғайынан екінші шалғайына ауа кешіп жүрген әскерлік өмірде бұрынғы есепте тұрған жерімнен қанша байланыс жасасам да еш хабар ала алмай, ақыры комсомолдан өз-өзімнен шығып қалдым. Одан әрі генералға партияға өтуге өзім-ді әзір емеспін деп санайтындығымды айттым.

— Мен сонау 1916 жылғы империалистік соғыстан бері майдандамын, ескі армияның қатарында фельдфебель шеніне дейін көтерілгенім бар. Одан кейін 1929 жылға дейін Азамат соғысында мен барлық майдандарда да болған шығармын. Міне, енді өздеріңмен бірге Ұлы Отан соғысында жүрмін. Бір жағынан сіздің асықпағаныңыз да теріс емес, партияға өтуге мен де асыққан жоқпын, Азамат соғысынын аяқ кезінде, 1923 жылы өттім. Партия жолының артық, адалдығына көзім жетіп барып еттім. Сіз өзіңізді әзір емеспін деп санайтын көрінесіз. Соғыс бүгін болмаса ертең біте қалмайды. Сізді соғыстьщ өзі әзірлейді. Тағдыр жаманшылыққа жазбасын, аманшылық болса сіз нағыз коммунист-командир боласыз деп сенемін. Шананы айдап келе жатқан қызыл әскерге генерал аттарды тоқтатуды бұйырды. — Бұдан әрі ұзамай-ақ қойыңыз, онсыз да мен сізді біраз жерге дейін алып кеттім.— Менің қолымды алған бойы біраз ұстап тұрды да:— Біздід Отанға шабуыл жасап отырған фашизм. Біз қайткен күнде де Октябрьдің ұлы жеңісін қорғап қалуымыз керек. Мен атқосшы Синченкомен бірге штабқа қайтып келе жатырмын. Астымдағы касқа ат аяқтарын алшаң тастап келеді, біресе пысқырады,- біресе қаршылдатып ауыздығын шайиайды. Қаншама қиын жолдан өткен, талай соғысты бастан кешірген, ащы да ауыз Азамат со-ғысының азабын да көрген, революцияның женістерін қорқаулардан қорғауға қатысқан, жаужүрек үлкен адамның менімен өз түстарындай жарқын да жайлы сөйлесуі, ақылгөйсімей, насихатшысымай еркін де жолдасша сөй-лесуі қандай ғажап. Ол сөзінің аяғын әрдайым «айтқаныма түсіндіңіз бе», «жақсылап ойланып көріңіз» деп бітіруші еді. Сол күндері ол «Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қорғап қалу керек» деген сөзді пәлендей жиі қайталамайтын.

Біз қараңғы аллеямен үнсіз аяңдап келеміз. Көкейімде коммунист Иван Васильевич Панфиловтың: «Ұлы Октябрьдің жеңістерін қайткен күнде де қорғап қалу керек», деген сезі ұялаған.

... Бір күні мен генералға мынандай жайды айттым: Сталин атындағы совхоздын, маңында неміс барлаушыларыньщ бір взводы біздің батальонның үшінші ротасының қым-қиғаш оғынын, астьшда қалды. Немістер арлы-берлі жан таласып, қашуға тырысты, жан ұшырды. Бірақ, пулеметчиктер оларды өткізбеді. Бірде неміс кете алмады. Ауыр жараланған бір сержант қана тірі болып шықты. Оны батальон штабына носилкаға салып алып келді. Жылы одеялмен жақсылап оралған, қолында әдемі қолғабы бар. Неміс қалшылдап, дірілдеп жатыр. Барлық сұраққа да, ештеңе білмеймін,— деп жауагі беруде. Ол су сұраған кезде мен өзіміздің фельдшер қарт Киреевтең сержантқа су беруге бола ма деп сұрадым. Ол менің құлағыма келіп сыбырлады:

—Оның бірнеше жерден омыртқасы үзілген, ішін де оқ тесіп кеткен.

— Неміс суды қағып салды да, ауыр күрсініп былай деді:

—Рақмет, большевиктер мұндай мейірімді деп ойламаушы едім. Біз сержантқа одан әрі сұрақ қойғанымыз жоқ. Киреев оның қасынан қарыс аттап шыққан жоқ. Неміс екі иығынан демалып жатыр. Басын көтеруді сұрады да:

—Өліп барам. Көмерсіздер,-—деп Киреевтің қолында жан тапсырды. Киреев оның кезін жұмды да басын жайлап жастыққа салды. Жау солдатының өлімі қай-қайсымызға болса да батып тұрғандай. Сейтсек алғаш айбат щеккенде жаралы сорлының қолы тоңған екен. Мұны білген лейтенант Василий Попов оған өзінің қолғабын кигізіпті. Генерал сәл ойланып тұрып:

—Ұрыс даласында басқаша, онда соғыстың өз заңы бар, онда ешкімді ешкім аямайды — өлтіру, тұтқындау... Ал, дұшпан қолға тускен кезде әсіресе жараланып түскен кезде оған адамша мейірімді көзқарас болғаны дұрыс. Мұны бізден әскери этика талап етеді. Міне, біздің генерал осындай болған еді. Тағы бір есімде қалғаны бізде олжа радиокабылдағыш бар болатын. Степанов оның маңына ешкімді жуытпай, өзі ғана ұстайтын еді. Бір күні белмеге кіріп келсем, ол радиокабылдағышын айналдырып жатыр екен. Қасында Бозжанов, Краев, Рахимов тұр. Алғашқы сәтте түңкіл. деген үзік-үзік дыбыстар естілді, тырылдаған үн құлаққа түрпідей тиді. Бір уақытта немістердің бакылдағаны жетті құлағымызға. Содан кейін «уралаған» дауыстар естілді. Телефонист маған трубканы ұсынып еді, Рахимов Степановқа «тырылдатпай қоя тұр» дегендей ыңғай білдірді.

—Жолдас Момышұлы! — деген генералдың үні естілді.— Сіздерде радиоқабылдағыш бар ма?

—Бар, жолдас генерал

—Онда Москваны тыңдай қойыңыздар! Степанов ары-бері бұрап Москваны ұстауға тырысты. Отырғандардың бәрі де отқа төнген балалардай ра-диокабылдағыштың төңірегіне жүпірлей қалыпты. Тағы да айқай-шу, құлақ жейтін тырыл, үздік-үздік гуіл, немістердің бажылы.

—Бүгін айдың неше жанасы? — деп сұрады Краев. Бозжанов саусақтарын санап-санап тұрды да:

—6-шы ноябрь екен ғой,— деді.

Бір уақытта радиоқабылдағыш ышкынып барып үн қатты. Бәріміз де тұна қалдық. Әрқайсымызға таныс, сабырлы, сездері салмақты үн естілді. «... Жау Украинаның көбін, Белоруссияны, Молдавияны, Литваны, Латвияны, Эстонияны, басқа бірсыпыра облыстарды жаулап алды, Донбасқа өтті, Ленинградтык үстіне қара бұлт болып төнді, біздің данқты астанамыз— Москваға хауіп туғызып отыр». «... Біздің армиямыз бен флотымыздың жауынгерлері Отанымыздың намысы мен бостандық сақтап, құтырған жаудың шабуылдарын ерлікпен тойтара отырып, жүректілік пен батырлықтың үлгілерін көрсете отырып, жаудың қанын судай ағызды. Бірак, жау қырғынға ұшырағанына қарамай, ол өзінін солдаттарынын қанын титтей де бағаламайды, ол қатардан шығып қалған адамдарының орнына майданға үсті-үстіне жау отрядтарын айдап салуда, қыс түскенге дейін Ленинград пен Москваны алу үшін ол барлық күшін аямай жұмсауда, өйткені қыстан оған ешбір жақсылық күтуге -болмайтынын ол біледі». «... Алайда, фактылар «қауырт» жоспардың барынша саяз ойдан шыккандығын жәңе негізсіздігін көрсетті. «...Батыс Европада жолы болған «қауырт соғыстың» шығыста жолы болмай, іске аспауынын, себебі не?» «... Москва мен Ленинградты қорғау майданында біздің дивизиялардың жақын арада немістердін, отыз шамалы шынықкан дивизияларын құртып жіберуі Отан соғысының өрті ішінде жаңа совет жауынгерлері мен командирлері, летчиктері, артиллеристөрі, минометчиктері, танкистері, жаяу әскерлері, моряктары шыңдалып шығатынын және кәзірдің өэінде шыңдалып шығып жатқаньш, ертеңгі күні олар неміс армиясының зәресін алатын зор күшке айналатынын көрсетеді.

Осы жағдайлардың бәрінқосқанда «қауырт соғыстың» шығыста қалай да іске аспайтындығын күнілгерішешкендігінде ешбір күмән жоқ».... Гитлершілерді ұлтшылдар деп есептеуге бола ма? Жоқ, болмайды. Шынында гитлершілдер кәзір ұлтшылдар емес, олар империалистер». «... Гитлершілдер партиясы империалистердің, империалист болғанда, дүние жузінің барлық империалистері ішіндегі ең жыртқыш жәңе қарақшы империалистердің партиясы». Гитлершілдерді социалистер деп есептеуге бола ма? Жоқ болмайды». «... Гитлершілдер партиясы — демократиялық бостандықтардың дұшпандарының партиясы, ортағасырлық реакцияның және қаражүректік погромдардың парти-ясы». «... Қандай шарамен болса, дейді Гитлер, немістердін дүние жүзін жаулап алуы керек. Егер біз еңалдымен славян халықтарын, орыстарды, поляктарды, чехтарды, словактарды, болгарларды, украиндарды, белорустарды ығыстырып құртып жіберуіміз керек. Мұны істемеуімізге ешқандай себеп жоқ». «...Адам, дейді Гитлер, туғаннан күнәлі болып туады, оларды тек күш арқылы ғана басқаруға болады. Олармен айналысқанда қандай әдіс қолданудың да артықшылығы жоқ. Саясат талап еткен уақытта, өтірік те айту керек, сатып кету де керек, тіпті өлтіру де керек». «...Өлтіре беріңдер, дейді Геринг, бізге қарсы болған әрбір адамды өлтіре беріңдер, өлтіре беріңдер, бұған сіз жауапты емессіз, мен жауаптымын, сондықтан өлтіре беріңдер». «...Мен адамды, дейді Гитлер, өждан деп аталатын қорлаушы бәледен азат етемін. Білім сияқты, ождан да адамды жарымжан қылады. Менің артықшылығым сол, ешбір реолиялық немесе моральдық ар-ұят дегендер мені тоқтата алмайды». Неміс командованиесінің 25 сентябрьде 489 жаяу әскер полкына берген, немістің өлген унтер офицерден табылған бір бұйрығында былай делінген: «600 метр жерге келген әрбір орысқа оқ атуға бұйырамын. Орыс өзіне батыл жау қарсы келіп отырғанын, одан ешбір мейірім күтуге болмайтынын білуі керек. Майдандағы франкфуртта туған лейтенант Густав Цигельден табылған неміс командованиесінің солдаттарға арнаған бір үндеуінде былай делінген: «Сенде жүрек те, жүйке де болмасын, соғыста олардың керегі жоқ. Есіркеушілік, аяушылық дегендерді атымен жой, кезкелген орысты, совет адамын өлтіре бер, мейлі ол қарт болсын, немесе әйел болсын, қыз, иә бала болсын, тоқталма — өлтіре бер, бұл арқылы сен өзіңді апаттан қорғайсың, өзіңнің семьяңньщ болашағын қам-тамасыз етесің және дандын, мәңгіге қалады». Гитлерпартиясы мен Гитлер командованиесі лидерлерінің программасы мен нұсқаулары, адамдық бейнесін жойып, жабайы аңдар дәрежесіне дейін төмендеген адамдардың программасы мен нұсқаулары міне осындай. Міне, осындай ождан мен абыройдан айырылған айуандық моральді адамдар шімірікпестен үлы орыс ұлтын, Плеханов пен Лениннің, Белинский мен Чернышев-скийдің, Пушкин мен Толстойдың, Глинка мен Чайков-скийдің, Горький мен Чеховтың, Сеченев пен Павловтыц, Репин мен Суриковтың, Суворов пен Кутузовтық ұлтын құртуға шақырады! Неміс басқыншылары СССР халықтарына қарсы қырғын соғыс жасағысы келеді. Бола қойсын, егер немістер қырғын соғысты қаласа оны өздері де көреді. «Ленин соғыстың екі түрі барлығын айырды, басқыншылық соғыстар, демек, әділетсіз соғыстар және азаттық жолындағы, әділетті соғыстар. Немістер кәзір басқыншылық, әділетсіздік соғыс, басқаның жерін тартып алуды, басқа халықтарды бағындырып алуды көздеген соғыстар жүргізіп отыр. Сондықтан да адал адамдардын, неміс басқыншыларын жау деп біліп, оған қарсы аттануға тиіс. Гитлершіл Германияға қарағанда, Совет Одағы мен оның одақтастары азаттық, әділеттік жолында, Европа мен СССР Одағынын, қүлданылған халықтарын Гитлердің құлдығынан азат ету жолында соғыс жүргізіп отыр. Сондықтан да барлық адал адамдар СССР, Великобритания, тағы басқа одақтастар армиясы азат етуші армия деп біліп, оған болысулары керек. Әңгіме Европаның халықтары мен территориялары туралы болсын, немесе Азияның, оның ішінде Иранның халықтары мен территориялары туралы болсын, бәрінде де, басқалардың территориясын жаулап алуды, басқа халықтарды бағындыруды көздеу бізде болмайды, соғыста ондай мақсат көздеуіміз мүмкін емес. Біздің бірінші көздейтін мақсатымыз өзіміздің территориямыз бен өзіміздің халқымызды неміс фашист тепкісінен азат ету болып отыр. Бізден көмек күткен славян халықтарына, Европаның құлдықтағы баска халықтарына өзіміздің талабымызды, өзіміздің режимімізді ұсыну бізде болмайды, соғыста ондай мақсат көздеуіміз мүмкін емес. Біздің мақсатымыз бұл халықтардың Гитлер кұлдығына қарсы азаттық куресіне көмектесу, осыдан кейін олардың өз жерінде аз қалауынша тіршілік етуіне толық бостандық беру. Басқа халықтардың ішкі істеріне ешбір қол сұғу болмайды. Бірақ, бұл мақсаттарды іске асыру үшін біздің Отанымызды құлдануға келіп отырған неміс басқыншыларының соғыстық қуатын қирату керек, неміс оккупантарын бірін қалдырмай құрту керек. Бірақ бұл үшін біздің армиямызға, біздің флотымызға бүкіл еліміз шын мәнісінде, белсене көмехтесетін болуы қажет, біздің жұмысшыларымыз бен қызметшілеріміз, еркектеріміз бен әйелдеріміз кәсіпорындарында тынбай істеп, майданға танктарды, танкка карсы ататын мылтықтар мен зеңбіректерді, пулеметтерді, винтовкаларды, ұрыс жабдықтарын барған сайын молайтьга беретін болуы қажет, біздің колхозшыларымыз, еркектеріміз бен әйелдеріміз өздерінің егіс жерінде тынбай істеп, маданға және елімізге астықты, етті, өнеркәсібіне шикізатты бұрынғыдан да еселеп мол беретін болуы қажет, бүкіл біздін еліміз, СССР-дың барлық халқы біздің армия-мызбен, флотымызбен бірге Отанымыздың намысы мен бостандығы үшін, неміс армияларын қирату жолында алып бостандық соғысын жүргізіп отырған бірыңғай жауынгерлік лагерь болып ұйымдасуы қажет. Біздің ендігі міндетіміз осы. Біз бұл міндетті орындай аламыз және орындауға тиіспіз.

Осы міндетті орындағанда ғана, неміс басқыншыларын талкандағанда ғана біз ұзақ және әділетті бейбітшілікке жетеміз,

—Жолдастар, әрқайсын, өз роталарына барыңдар да естіп-білгендеріңді солдаттарға айтықдар,— деп тарқаттым мен тыңдағандарды.

* * *

Тыныштық. Алдымызда орлармен, окоптармен, жырым-жырым болған Москва өлкесінің жері. Қыскы аяз көгере буланып тұр... Кешегі сияқты бүгін де Қызыл алаңнан Сталиннін, сөзін тыңдадық. Кешегідей бүгін де командирлер мен саяси қызметкерлер роталарға радиодан тыңдағандарын айтуға кетті. Мен Краевпен бірге сол ірге жаққа қарай келе жатырмын.

—Жолдас комбат, бір-екі сөздер айтуға болар ма екен?

—Айта ғой, Семен.

— Кім білсін, Москвада Қызыл алаңда әскерлер салтанатпен сапта тұрған шығар... Сіз қалай ойлайсыз, немістер Қызыл алақға да самолеттерін қаптатарма екен? Әлде онда да бұлыңғыр тұман ба екен. Біздіқ естігенімізді неміс естімеді дейсіз бе, олар да қарап отырмас...— деп хауіптене сөйледі Краев.

—Түман бөгет емес, Краев. Демек, Қызыл алақда парад жүргізіліп жатқанына қарағанда Москва кегінің мықты сенімді қорғаныста болғаны...

Жауынгерлер орман жағасында отыр. Біз келген сон, олар орнынан тұрды.Отырып темекі тартуларына рұксат еттім де Краевқа әңгіме өткіз дедім. Ол алшақтай басып ортаға келді де жөтеліп алды. Қолғабын шешіп қойнына тықты да:





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 331 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...