Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси элита: құрылымы мен қызметтері туралы не айтасыз?



Саяси элита саясат сферасында барынша саяси белсенділік танытатын әлеу/к топ. Саясат сферасындағы іс-әрекеттерін әрдайым жүзеге асыру нәтижесінде саяси элита кәсіби саясаткерлерге ж/е олардың жақтаушыларына бөлінеді. Саяси элитаның өзіне тән ерекшеліктері: 1)әл/к-саяси белсенділік; 2)саяси мәдениеттің жоғары деңгейі, саяси тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру; 3)саяси элита мүшелерінің әл/к-саяси ынтымақтастығы. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі – саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2313 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...