Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси режим түсінігі және оның типтері



Саяси режим түсінігі саяси жүйенің де, қоғамның да, мемлекеттің, тұлғаның мәнді сипаттамасы. Саяси режим белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан, саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық ж/е демократияға қарсы деп үлкен 2 топқа бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпке азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық ж/е авторитарлық болып бөлінеді. Тоталитарлық тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Тотаритарлық тәртіпке жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен ж/е демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында құрылады. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адам билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпке бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2793 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...