Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси процестегі мүдделестер топтары және ықпал топтары



Саяси процеске қатысу түрлері
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.
Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.
Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1446 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...