Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси қақтығыстарды басқарудың негізгі үлгілері қандай?



"Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады. Дағдарыс саяси қатынас субъектілерін белсендіре түсіп, олардың текетірестеріне әкеліп соқтырып, қақтығысты тудырды. Сондықтан да қақтығыстың өткірлігі дағдарыстың дамуына, оның пісіп-жетілу дәрежесімен тікелей байланысты.
Дағдарыстар тәрізді қақтығыстарды да көріну сфералары бойынша жіктеуге болады: экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникааралық және т.б. Дегенмен осылардың барлығы әлеуметтік қақтығыстардың әрқилы формалары болып табылады, өйткені қақтығыстарда әрекет етуші, қақтығысушы субъектілер өздерінің экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникалық және басқа да мүдделерін түсінетін және олардың үстемдігі мен жүзеге асуына ұмтылатын адамдар. Қақтығыстар саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттері нәтижесінде шешіледі.
Осы ретте қақтығысқа қатысушы күштердің іс-қызметтерінің шынайы түрткілерін айқындау аса маңызды саясаттанулық проблема. Өйткені шынайы түрткілерде қақтығыстың себептері, өзіндік "құпиясы" бар. Саясаттану ғылымы оны қақтығысушы субъектілердің мүдделерінің иерархиялық принципінен шыға отырып анықтайды. Мүдделердің иерархиялық жүйесінде материалдық, экономикалық мүдделер негізгі мәнге ие. Алайда олар саяси қатынастарда таза күйінде көрінбейді, себебі олар қажетті идеологиялық тартымдыққа ие емес. Осы мүдделер қоғамдық өмірдің әрқилы сфераларында белгілі бір өзгерістерге ұшырайды және осының нәтижесінде саяси қызметтің мотивациясы жеткілікті тұрғыда күрделі мазмұнға ие болады.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2081 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...