Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси сана: деңгейлері, қызметтері, формылары



Саяси мәдениет мазмұнын толық ашу үшін, оның негізгі компоненттерін бөліп қана қоймай, олардың мазмұнын ашу керек. Саяси мәдениеттің айырылмас бөлшегі, оның қалыптасуының негізі – саяси сана. Саяси сана - әлеуметтік субъектілер (индивид, группа, қоғам)-ның саясат сферасын түсінуі. Ол бірін-бірі толықтырушы 2 негізгі функция атқарады: танымдық (саясат туралы білімді байыта түсу) ж/е реттеуші (әлеуметтік субъектілердің саяси маңызды мінез-құлқына әсер ету). Саяси сана құрылысында диалектикалық байланысқан 2 деңгей бөлінеді: теоретикалық ж/е импирикалық. Саяси сананың теоретикалық деңгейі қоғам өмірін ретеейтін заңдарды ашуға бағытталған. Бұл деңгей идеологтарға тән. Саяси сананың импирикалық деңгейі адамдардың күнделікті практикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Саяси мәдениет мазмұнын ашу саяси сананың элементтік құрамын анықтауды болжау. Бұл белгілі бір қоғамда ж/е әр түрлі әлеуметтік топтарға үстемдік етіп тұрған қоғамның саяси өмірінің әр түрлі аспектілері жайлы ойлар: саясат туралы, саяси жүйе, оның институттары мен саяси режим туралы, билік ж/е басшылық ету механизмдері туралы. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылар жиынтығы. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2564 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...