Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси партия: анықтамасы, түрлері, саяси билік механизміндегі ролі



Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Институтционалдық тәсіл партияларды топтастырғанда үйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады. М.Дюверже ХХ ғ 50 жж сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты паритяларды кадрлық және бұқаралық деп бөледі. 60 жж аяғында Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөледі. Саяси жүйедегі рөлі мен мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама); сайлаушылар партиясы; парламенттік партия; қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды бес түрге бөледі: социал демок.партия; буржуазиялық демократ.; консервативтік; фашистік партиялар. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрайды. Саяси Билік үшін күресте қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық, бірпаритялық болады. Мемлкеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латын «бірлестік») құруы мүмкін, коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін атады. Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 4789 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...