Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алғы сөз



Рed 2202 «Педагогика» пәнінің оқу - әдістемелік кешені 5В010000 – «Білім» тобы мамандығына арналған.

Педагогика пәнінің мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Педагогика пәнінің міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

2. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

3. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

5. Түйінді құзыреттіктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.

6.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

1.Тақырыбы. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы.

Жоспары:

1.Ғылым және оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының пәні, міндеттері мен әдістері.

2. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия, мәдениеттану, филология т.б.).

3. Педагогика тарихының әдіснамасы, педагогика тарихы мен қазіргі заман.

Мақсаты: Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау жүйесінде педагогика тарихының алатын орны, мақсаты мен міндеттері, педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы, әдіснамасы туралы түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогика ғылымының саласы ретінде педагогика тарихы қандай мәселелерді зерттейді?

2. Педагогика тарихының пәні, мақсаты мен міндеттерін атаңыз?

3. Педагогика тарихының болашақ маман даярлаудағы рөлі мен маңызы қандай?

4. Педагогика тарихы қандай ғылымдармен тығыз байланысады?

5. Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қандай әдістер кеңінен қолданылады?

Глоссарий:

Педагогика тарихы - ғылыми пән; объектісі білім берудің және педагогикалық ойдың және тәрбиелеудің қазіргі мәселелерімен бірлікте және өзара байланыстағы тарихи дамудың процесі; пәні - тарихи-педагогикалық процестің фактілері, қарама-қайшылықтары, заңдылықтары, оларды талдау педагогикалық теория мен практиканың саласындағы саясатты жүзеге асыруды, болжауды және жоспарлауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Әдіс (гр. metohodos – танып білудің немесе зерттеудің жолы, теория, ілім) - танып білу жолы; іс- әрекеттің, істің тәсілі, шындықты меңгерудің практикалық және теориялық тәсілдер мен операциялардың жиынтығы.

Зерттеу әдістері– құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс, тәсілдердің жиынтығы. Педагоикалық процестерді талдау әдістері: сауал-сұрақ жүргізу, әңгіме, рейтинг, бақылау, эксперимент т.б.; теориялық көздерді зерттеу әдістері: монографиялық, документациялық, салыстырмалы тарихи т.б.; мәліметтерді өңдеу және талдау әдістері: статистикалық, статистикалық емес өңдеу т.б.

Тәжірибені зерттеу – педагогикалық зерттеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістерінің бірі.

Блиц-тест:





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1111 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...