Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақыл-ой тәрбиесіне қандай ұғым кіреді?



А) Таным. В) Салыстыру. С) Зер салып ойлау, ақыл-ой күштері.

D) Дүниетаным. Е) Мораль, гуманизм.

3. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бірі:

А) Дүниетанымды қалыптастыру. В) Тұлғаны жан-жақты дамыту. С) Оқушы іс-әрекеттерін дамыту. D) Оқушыға қоршаған ортаның ықпалын анықтату.

Е) Оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

4. Негізгі ойлау тәсілдері:

А) Анализ, синтез, салыстыру, жіктеу. В) Ой, түйсіну, қабылдау, елестету.

С) Алгоритімдік ойлау, теориялық ойлау, логикалық ойлау. D) Дүниетаным.

Е) Үйрету, жаттықтыру.

5. Ақыл-ой тәрбиесі оқушылардың қандай қасиетін қалыптастырады:

А) Оқу іскерлігін. В) Білімін. С) Ойлауын. D) Ғылыми дүниетанымын.

Е) Іскерлігін.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

11. Тақырыбы: Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері.

Жоспары:

1. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің міңдеттері

2. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары

3. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттары.

4. Толеранттылыққа тәрбиелеу бағыттары

Мақсаты: Рухани-адамгершілік тәрбиесі, мазмұны, міндеттері мен құралдары туралы білім қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Мораль, оның мәні және қоғамдық өмір саласында алатын орны

2. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны

3. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына нелер жатады?

Глоссарий:

Мораль (лат. moralis - адамгершілік) – адамгершілік, адамның қоғамға және өзінен басқа кісілерге қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады.

Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет.

Адамгаршілік тәрбиесі – жасөспірімдердің, оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген көзқарасын, пікірін анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі.

Мәнжазба тақырыбы: Толық емес отбасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері.

Блиц-тест:

1. Адамгершілік тәрбиесі – бұл:

А) Моральдік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жүріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі. В) Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу. С) Моральдік принциптер жүйесімен таныстыру.

D) Мамандықты таңдауға дайындау. Е) Мораль туралы білімдер беру процесі.

2. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері:

А) Тәрбие моделі. В) Тәрбие жүйесі. С) Тәрбие құралдары. D) Тәрбие бағыттары. Е) Тәрбие мақсаты.

3. Тұлғаның өзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді қалыптастыруға ағытталған саналы іс-әрекет:

А) Өз бетімен білім алу. В) Өзін тәрбиелеу. С) Өзін жетілдіру. D ) Өзін дамыту. Е) Өзін басқару.

4. Оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру:

А) Азаматтық тәрбиесі міндеті. В) Экологиялық тәрбиесі міндеті.

С) Экономикалық тәрбиесі міндеті. D) Еңбек тәрбиесі міндеті.

Е) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.

5. Адамгершілік мінез-құлық дегеніміз -

А) Қоғамдық, тұлғалық қарым-қатынасқа сыйымсыз іс-әрекет ету.

В) Қайырымсыздық, рахымсыздық және ұятсыздық. С) Адамдарға жағымды мінез көрсету, мейірімділік, рахымдылық білдіру. D) Мінездің түрі. Е) Дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай білу.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

12.Тақырыбы: Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық.

Жоспары:

1. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде

2. Педагогтың іс-әрекетіндегі мақсаттың құрылымы, функциялары

Мақсаты: Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық ұғымын түсіндіру, сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мақсат» ұғымын қалай түсінесіз?

2. Неге мақсатты педагогикалық іс-әрекеттің компоненті дейміз?

3. Педагогикадағы мақсат қою ұғымының мәні қандай?

Глоссарий:

Мақсат – іс-әрекет нәтижесінің алдын ала бейнеленуі.

Мақсат тұжырымдау – балалар мен ересектерді тәрбиелеу мақсатын іздеу, байланыстыру, анықтау, қалыптастыру.

Педагогикадағы мақсат қою – педагогикалық іс-әрекет мақсаттары мен міндеттерін анықтау және қою үдерісі.

Мәнжазба тақырыбы: Дидактика, оқыту технологиялары мен әдістері және олардың бір-бірімен байланысы.

Блиц-тест:

1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері:

А) Психологиялық, физиологиялық сипаты. В) Бақылаушылық, басқарушылық, бағалаушылық сипаты. С) Саяси, қоғамдық,әлеуметтік сипаты. D) Гуманистік, шығармашылық, ғылыми сипаты. Е) Тарихи, философиялық сипаты

2. Педагогикадағы мақсат қою:

А) Нормативті педагогикалық құжаттардың мазмұнын білу. В) Педагогтың жеке тұлғалық, психикалық, интеллектуальдық күштері мен қабілеттіліктерінің көрсеткіші. С) Педагогтың пәндік білімі. D) Педагогикалық іс-әрекет мақсаттары мен міндеттерін анықтау және қою үдерісі. Е) Алдыңғы қатарлы жаңашыл-педагогтардың іс-тәжірибесін зерттеу және оны мектеп тәжірибесіне ендіру

3. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:

А) Өзінің кәсіби-маңызды сапаларын дамыту бойынша саналы жұмысы.

В) Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық теориясын білуі.

С) Мектептің білім беру процесін технологияландыру. D) Педагогтің кәсіби педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған тұлғааралық қасиеттерінің жиынтығы. Е) Оқу-тәрбие процесін талдау жасау

4. Мақсат:

А) Мектептің негізгі міндеттері мен жұмыстың формалары. В) Әрекет түрлері мен жұмыстың формалары. С) Іс-әрекет нәтижесінің алдын ала бейнеленуі.

D) Жұмыстың орындалу мерзімі мен бірізділігі алдын ала жобаланып көрсетілген іс-шаралардың жүйесі.Е) Оқу-тәрбие жұмысы мен оның түрлеріне талдау жасау.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

13. Тақырыбы: Тұлғаның функционалды сауаттылығы.

Жоспары:

1.Функционалдық сауаттылық түсінігі

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын

қалыптастыру және дамыту жолдары

3.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті

Мақсаты: Функционалдық сауаттылық, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдары туралы түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Функционалдық сауаттылық» түсінігінің мәні?

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс - әрекеттің негізгі басым бағыттары қандай?

3. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу бағыттары?

4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы құрылымының компонеттері

Глоссарий:

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі.

Функционалды сауатты оқушы – бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.

Мәнжазба тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау оқу процесін белсендірудің факторы.

Блиц-тест:

1. «Функционалдық сауаттылық» ұғымының мәні:

А) Педагогтың жеке бас сапалары мен теориялық білімі. В) Ұжымды басқару және оның қызметін ұйымдастыру. С) Өзара жарыс, біреуден озу мақсаты көзделген талас. D) Адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті. Е) Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс - әрекеттің негізгі басым бағыттарының бірі:

А) Оқытудың сабақтастығы. В) Әрбір оқыту сатысының даралығы. С) Нәтижелердің жетістіктерге бағыттылығы. D) Бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу. Е) Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.

3. Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері:

А) Дәстүрлі психологиялық әдістер. В) Ата-аналармен әңгіме, қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау, аяқталмаған тезис, педагогикалық консилиум. С) Статистикалық әдістер. D) Эксперимент, теориялық әдістер. Е) Эмперикалық әдістер.

4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:

А) Педагогикалық ринг, бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. В) Құқықтық лекториялар.

С) Пән бірлестіктерінің жұмысы. D) Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.

Е) Педагогикалық-психологиялық семинар.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

14. Тақырыбы: Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі – оқытудың нәтижесі.

Жоспары:

1.«Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәні

2.Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары

3. Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілері

Мақсаты: Оқытудағы құзыреттілік тәсіл ұғымының мәнін түсіндіру, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру аспектілеріне сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәні, өзіндік айырмашылықтары қандай?

2. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл дегеніміз не?

3. Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілері қандай?

Глоссарий:

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Оқытудағы құзіреттілік тәсіл – білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.

Ақпараттық құзыреттілік – оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.

Мәнжазба тақырыбы: Қазіргі мектепті басқару мәселелері.

Блиц-тест:





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3552 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...