Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен қандай жағдай?



А) Ересектердің баланың болашағы жөніндегі қамқорлығы; В) Адамды өмірге, еңбекке даярлауға деген объективтік қажеттілік; С) Ұрпақ сабақтастығын сақтауға деген әлеуметтік қамқорлық; D) Ғылыми-техникалық прогресс;

Е) Мәдени өркендеу.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

7. Тақырыбы: Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытуының негізі.

Жоспары:

1. Жеке тұлға туралы түсінік.

2. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуына ықпал ететін факторлар.

3. Тұлғаның іс-әрекеті, белсенділігі – оның өзін-өзі дамытуының негізі ретінде.

Мақсаты: Жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Жеке тұлға» ұғымының және оның құрылымдық компоненттерінің мағынасын ашып көрсетіңіз

2. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз

3. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз

4. Субъектінің іс-әрекеті жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенін дәлелдеңіз

Глоссарий:

Тұлға (личность) – 1)дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі. Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзін болу қабілетінде ашылады; 2)адамдар арасындағы өзінің ұстаным -орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғалылық – тұлғаның ықпалдастық қасиеті оны қайталанбайтын, ерекшелендіретін жеке писхикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Индивид (лат. individiuum - бөлінбейтін) – 1) адам бірліктегі табиғи жан ретінде, homosapiens түрінің өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, туа біткеннің және ие болғанның бірлігі, оны басқа адамдардан өзгешелендіретін жекелік ерекше белгілердің алып жүрушісі; 2) адамзат қауымының жеке өкілі.

Даму – жетілудің нәтижесі болып табылатын, құрылымның қайта өзгеруіне байланысты және мұрат тұтатын объектілер қалыптастыруға заңды түбегейлі сандық, сапалық бағытталған өзгерістер болып табылады.

Қалыптасу - тұқым қуалаушылықтың, ортаның мақсатты бағытталған тәрбиенің және жеке адамның өзінің белсенділігінің объективті әсерінің нәтижесіндегі жеке адамның құрылуының процесі.

Тұқым қуалаушылық – ұрпақтардың биологиялық сабақтастығын, олардың морфологиялық, физиологиялық және т.б. ерекшеліктерінің сақталуын қамтамасыз етуші жеке тұлғаның қалыптасу факторы.

Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы.

Блиц-тест:





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3341 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...