Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді?



А) Тұқымқуалаушылық; В) Географиялық орта; С) Отбасы; D) Тәрбие;

Е) Мектептегі орта.

5. Даму дегеніміз:

А) Баланың бойы мен салмағының артуы; В) Тұлға қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістері; С) Адам еркінен тыс стихиялық үрдісі; D) Өмірге бейімделуі; Е) Нерв жүйесінің жетілуі.

6. Педагогикада «тұқымқуалаушылық теориясын» ұстанған бағыт:

А) Преформистер; В) Әлеуметтік; С) Гуманистік; D) Прагматистік;

Е) Биологиялық.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

8. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

Жоспары:

1.Педагогикалық процестің тұтастығы.

2. Тұтас педагогикалық процестің принциптері және заңдылықтары.

3. Қозғаушы күштері.

Мақсаты: Тұтас педагогикалық процесс, оның ерекшеліктері, тұлғаның біртұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылымда объект және пән деген ұғым нені білдіреді? Бұлардың мұғалімнің практикалық іс-әрекеті үшін қандай маңызы бар?

2. «Тұтас педагогикалық процесс» ұғымына анықтама бер

3. Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген «педагогикалық процесс» ұғымының мазмұнын салыстыра отырып өз көзқарасыңды білдір.

4. Педагогикалық процестің негізгі қозғаушы күші не?

5. Педагогикалық процесс үшін қандай қайшылықтар тобы тән?

Глоссарий:

Тұтастық – объектің ішкі тәртіптілігі, объектің бөліктері арасында тәртіптенген байланыстың және бағыныштылықтардың болуы.

Тұтас педагогикалық процесс – қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, белгілі бір тәрбиелік жүйе аясында және уақыттық дамудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекеті.

Қарама-қайшылық – қарама-қарсылықтардың бірлігі.

Мәнжазба тақырыбы: Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасын құрал ретінде пайдалану.

Блиц-тест:

1.Педагогикалық процесс дегеніміз –

А) Оқу сабағы, класс, мектеп, халыққа білім беру жүйесі. В) Ұйымдастыруды және басқаруды жақсартудың проблемасы. С) Бұл ерік-жігер, мінез-құлық қалыптасуының, қабілет, түсіну, ойлау жүйелерінің ерекшеліктері. D) Дамыту, тәрбиелеу, оқыту процестерін өзіне біріктіретін жүйе. Е) Тәрбиелеуді, ұйымдастыруды және басқаруды жақсартудың проблемасы.

2. Педагогикалық процестің біртұтастығы –

А) Оны құрайтын барлық компоненттерінің бір-біріне бағыныштылығы.

В) Педагогикалық процесті құрайтын процестердің бір-біріне жалпы ұқсастығы. С) Барлық процестердің методологиялық негізінің бірлігі, ортақтығы. D) Барлық процестердің бір жағдайда өтуі. Е) Барлық процестердің методологиялық негіздерінің әртүрлілігі.

3. Педагогикалық үрдістің қозғаушы күші–

А) «Ұстаздар - оқушылар» жүйесінің бірлігі; В) Инновациялық фактор;

С) Қарама-қайшылық; D) Шығармашылық ізденіс; Е) Әдістемелік көмек.

4. Педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктері –

А) Бір жүйелілігі; В) Мақсаты, заңы, қағидасы; С) Заңдылығы, мақсаты, міндеті; D) Қағидасы, мазмұны, заңы; Е) Мақсаты, міндеттері, мазмұны.

5. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері:

А) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту; В) Педагогикалық құбылыстың заңдылықтарын ашу; С) Білім беру орындарының жұмысын реттеу; D) Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату; Е) Оқу үрдісін басқару.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

9. Тақырыбы: Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі.

Жоспары:

1.Педагогикалық процесс-күрделі дамушы жүйе.

2.Педагогикалық процестің бөліктері..

3.Педагогикалық процестегі тұлғалар арасындағы қатынастар.

Мақсаты: Біртұтас педагогикалық процестің компоненттері бөліктерінің арасындағы байланыстар, педагогикалық процестегі тұлғалар арасындағы қатынастар туралы түсініктерін кеңейту.

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық үдерістің қандай маңызды белгілері бар?

2. Педагогикалық процестің негізгі бөліктері қандай?

3. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір-бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктерге нелер жатады?

4. Педагогикалық үдерістегі тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің объектілік және субъектілік мәндері қалай сипатталады?

Глоссарий:

Процесс (латынның processus - қозғалыс) – алға басу, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігі.

Педагогикалық процестің әдістемелік құрылымы – педагог пен оқушы әрекеттерінің бірізділік кезеңдерінің бейнеленуі. Бұған ұйымдастыру кезеңдері, жаңа білімді қалыптастыру, білім, білік, дағдыны бекіту жатады.

Блиц-тест:

1. Педагогикалық процесс жүйе ретінде -

А) Педагогикалық процесс – барлығын біріктіретін негізгі жүйе.

В) Педагогикалық процесті талдаудағы критерийлер мен элементтер. С) Жалпы алғандағы халыққа білім беру жүйесі: мектеп, сынып, оқу сабағы. D) Қол жеткізілген нәтижелердің жүру барысы. Е) Педагогикалық жүйенің интенсивті және экстенсивті даму жолдарын біріктіру мүмкіндігі.

2. Педагогикалық процестің этаптары:

А) Қолайлы жағдай жасау, педагогикалық процестің байланысуын қамтамасыз ету. В) Мақсатты көздеу, диагностикалау, болжау. С) Дайындық, негізгі, қорытынды. D) Процестің дамуын жобалау және жоспарлау.

Е) Диагностикалау, қорытынды, әзірлік.

3. Педагогикалық процестің компоненттеріне жататындар:

А) Мақсат, мазмұн, іс-әрекет, нәтиже. В) Педагог тәжірибесі, оның білімі, жеке әсер етуі. С) Жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру. D) Технологиялық, нәтижелік, үнемділік деңгейі. Е) Ұйымдастыру, басқару.

4. Педагогикалық процесс мына жүйеге жатады:

А) Адам – табиғат. В) Адам – көркем бейне. С) Адам – техника. D) Адам – Адам. Е) Адам – белгі.

5. Педагогикалық процестің әлеуметтік бөліктеріне жатады:

А) Мақсат, мазмұн. В) Ұстаздар және оқушылар. С) Мазмұн, форма, құрал. D) Әдіс-тәсілдер, нәтиже. Е) Қарама-қайшылық, оқушылар ұжымы.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

10. Тақырыбы: Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту.

Жоспары:

1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері.

2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

3. Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.

Мақсаты: Ақыл-ой тәрбиесінің білім берудің негізгі құралы болып табылатындығы, оның мақсат, міндеттері, құралдары туралы түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы сіздің түсінігіңіз?

2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз?

3. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарына нелер жатады?

4. Оқу еңбегінің мәдениетіне үйретудің тәсілдері мен әдістері қандай?

Глоссарий:

Ақыл-ой тәрбиесі - ғылыми білімдер жүйесін, интелектуалдық іскерлік пен дағдыларды, ғылыми-материалистік көзқарасты, шығармашылық ойлауды, танымдылық қызметті, қабілетті, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға арналған мақсатта бағытталған процесс.

Диалектикалық ойлау – құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау – білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактылы ойлау – адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Дедуктивтік ойлау – ойдың жалпыдан-жекеге, қорытындыдан-фактілерге қарай қозғалысы.

Индуктивтік ойлау – ойдың жекеден-жалпыға, фактілерден-қорытындыға қарай қозғалысы.

Мәнжазба тақырыбы: Оқушылар ұжымындағы педагогикалық басшылық және өзін-өзі басқару.

Блиц-тест:





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3678 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...