Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ы.Алтынсариннің көмегімен алғаш мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі қай қалада ашылды?



A) Орынбор. B) Торғай. C) Омбы. D) Ырғыз. E) Ақтөбе.

5. Қазақ даласында жаңа білім беру реформасының қажеттілігін айтып, этностық психология мәелесін сөз еткен ғалым, ағартушы:

А) А.Құнанбаев. В) Ш.Уәлиханов. С) Ы.Алтынсарин. D) М. Дулатов. Е) Жәңгір хан.

Әдебиеттер:

1. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008. – 416 б.

2. История педагогики. Часть І. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины ХVІІ века: Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. – М.: ТЦ «Сфера», 1997. – 192 с.

3. Джуринский А.Н. История педагогики: Учеб. пособие для студентов педвузов. М.: ВЛАДОС, 1999. – 432 с.

4. Латышина Д.И. История педагогики: история образования и педагогической мысли: Учеб. пособие. М.: Гардарики, 2002.– 603 с.

5. Под редакцией академика РАО А.И.Пискунова. История педагогики и образования. – 2-е изд., испр. и дополн. – М.: ТЦ “Сфера”, 2001. – 512 с.

6. Тақырыбы: Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі.

Жоспары:

1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.

2. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары

3. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымының міндеттері

4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Мақсаты: Педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Педагогика» ұғымына анықтама, түсініктеме беріңіз

2. Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның саласында дамыды?

3. Педагогика категорияларының ғылым мен практика үшін маңыздылығын түсіндіріңіз

Глоссарий:

Педагогика (pais – бала, ago - жетектеймін) – тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым. Педагогикалық ой алғашында философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды. Ф.Бэкон (1561-1626) ағылшын жаратылыстанушысы және философы педагогиканы ерекше ғылым ретінде 1623 жылы (XVII ғ.) философилық білімдер жүйесінен болды. Я.А.Коменский (1592-1670) іргелі теориялық еңбектерімен оның ғылыми тұрғысын одан әрі мәнді бекітті.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Тәрбие – адамның рухани дамуы мен оны қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған үдерісі.

Педагогикалық зерттеу пәні – зерттеу объектісінің нақты бөлігі не ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.

Категория – өте кең ұғым, онда жалпы және нақты қасиеттер, белгілер, байланыстар, заттардың қатынасы, құбылыстар мен танымдар анықталады.

Жалпы педагогика – базалық ғылыми пән. Ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді, тәрбиелік мекемелердің барлық типтерінің оқу процесінің жалпы негіздерін жасайды. Жалпы педагогика төрт үлкен бөлімнен тұрады: оқыту – тәрбие прцесінің негіздері, дидактика, тәрбиелеу теориясы, мектептану.

Мектепке дейінгі педагогика – мектепке дейінгі жастағы балалардың даму заңдылықтары, тұлғасының қалыптасуы туралы ғылым.

Мектеп педагогикасы әртүрлі оқу мекемелерінде (бастауыш және орта, лицей, гимназия т.б.) оқушыларды тәрбиелеудің және оқытудың заңдылықтары туралы бай ғылыми мәлімет жинаған педагогика ғылымының саласы.

Емдеу педагогикасы (валеология) - интеграцияланған медициналық- педагогикалық ғылым, оның негізгі пәні ауыратын, нашар күйдегі, сырқаттанатын балалармен педагогтың білім берушілік, тәрбиелеушілік іс-әрекетінің жүйесі болып табылады.

Этнопедагогика -теориялық ойлаудың, ғылымның үрдісіне қатынасты. Ол халық бұқарасының өсіп келе жатқан ұрпағын тәрбиелеу тәжірибесі, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмыстық, педагогика, отбасылық, рудың, тайпаның, халықтың және ұлттық педагогика туралы ғылым.

Салыстырмалы педагогика – ғылыми пән; объектісі – әртүрлі елдердегі тәрбиелеушілік және білім берушілік жүйелер; пәні – сол жүйелердің іс атқаруының және дамуының заңдылықтары. Әртүрлі халықтардың тәрбиелеушілік- білім берушілік жүйлерін салыстырып талдау, ұлттық педагогиканы мәдениетті байытады.

Блиц-тест:

1. Педагогика ғылымы алғашқыда қандай ғылым саласында дамыды:

А) Психология; В) Философия; С) Антропология; D) Этика; Е) Эстетика.

2. Педагогика ғылымының салалары:

А) Әлеуметтік педагогика, салыстырмалы педагогика, музей педагогикасы, этика; В) Педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану; С) Мектептану, педагогика тарихы; D) Мектепке дейінгі педагогика, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі;

Е) Жалпы педагогика, заң педагогикасы, саяси педагогика, халық педагогикасы.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2017 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...