Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпараттық құзыреттілік арқылы оқушыларда қандай біліктер қалыптасады?



А) Өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу. В) Қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап алу, ұйымдастыру, түрлендіру, беру. С) Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. D) Өзінің әрекетін талдау және қорытынды жасау. Е) Қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білу.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

15. Тақырыбы: 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту.

Жоспары:

1. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

2. 12 жылдық білім беру сатылары, ерешеліктері

3. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі, жүйесі

Мақсаты: 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымы, білім беру процесін ұйымдастыру, басқару туралы жан-жақты түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін факторларды ата?

2. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты қандай?

3. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық ерекшеліктерін көрсет және әр сатының негізгі мақсатын түсіндір

Глоссарий:

Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру.

Мәнжазба, презентация тақырыптары:

Блиц-тест:

1. Оқушының 12 жылдық жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал ететін құзіреттіліктердің бірін көрсет:

А) Тұлғалық өзін-өзі дамыту. В) Білім беру. С) Арнайы. D) Өркениеттік. Е) Жалпы.

2. ҚР-ғы 12-жылдық білім беруге көшу қарастырады:

А) үш деңгейді. В) бес деңгейді. С) бір деңгейді. D) төрт деңгейді.

Е) екі деңгейді.

3. 12 жылдық жалпы орта білім берудің 1-сатысында оқуды бастау жасы:

А) 5. В) 7. С) 6. D) 10. Е) 12.

4. 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыруда жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар бірнеше ұстанымдар жүзеге асырылады, солардың бірін көрсет:

А) Күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы. В) Оқытудың репродуктивтілігі. С) Жүйелілік және бірізділік. D) Білім беру мазмұнын ізгілендіру. Е) Оқу процесін жобалау.

Әдебиеттер:

1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

3. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

4. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

5. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1308 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...