Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Syllabus



Пән Педагогика (3 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс тел. email
Сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша Жусупова Ж.А.   Отарбаева Ш.С. 8-705-820-04-22 8-701-612-26-98 [email protected] [email protected]
Сейсенбі (пр.саб) 9.30-10.20 ауд. 3а Сейсенбі 13.40-14.30 14.40-15.30 ауд. 207    

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Дәрістік және практикалық сабақтар, сонымен қатар ағымдық және аралық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Педагогика пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен өзара байланысы оқытылады. Модуль кешенді сипатта болады: онда дәріс және практикалық сабақтар тізімі, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары берілген.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

2. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

3. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

5. Түйінді құзыреттіктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.

6.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі оның тек экономикалық саласын ғана қамтып отырған жоқ, сонымен бірге әлеуметтік сала да өзгеріске ұшырауда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау, соның айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру жоғары педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде «Педагогика» курсының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, осы аталған оқу курсы студенттерді болашақ мұғалімдік кәсіби мамандыққа даярлау жүйесінің негізгі бір саласы болып есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің мазмұны әрі көтеретін мәселесі тұрғысында адамтану ғылымдарының ішінде маңызды курс болып саналады.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

- мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б.

Істей білу: педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік

тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;

- сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;

- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау;

- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б.

Дағдысының болуы: ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;

- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;

- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

- білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;

- мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;

- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу;

- кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді (ұтқыр) болу.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер «Қазақстан тарихы», «Психология және адамның дамуы», «Әлеуметтану», сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеруі қажет.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: «Этнопедагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Философия», «Оқыту әдістемесі» (мамандықтар бойынша).

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Дәріс (сағат) Практикалық сабақ (сағат) СӨЖ (сағ)
  Модуль 1 Тәрбиенің пайда болуы, Шетел педагогикасының тарихы      
  Модуль 2 Ресей, Кеңестік, Қазақ педагогикасының тарихы      
  Модуль 3 Педагогиканың жалпы мәселелері      
  Модуль 4 Тәрбиенің теориялық және әдіснамалық негіздері      
  Модуль 5 Оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері      
  Модуль 6 Мектептану негіздері      
Барлығы:      

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...