Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақылау жұмысы



1.Тақырыбы. «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

Тапсырма: Ежелгі Қытайда тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен үлес қосқан Конфуцийдің (біздің заманымызға дейінгі 551 - 479) ілімдерін негізге ала отырып, «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайында.

2. Тақырыбы. Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау.

Тапсырма: Ежелгі Шығыс мемлекеттері, ежелгі Грециядағы тәрбиелеу мен оқытудың спартандық және афиналық жүйелеріне сипаттама беріп, олардың тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтап, салыстырып кесте түрінде беріңіз.

3.Тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыру.

Тапсырма: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқу-тәрбие жұмысының теориялық және әдістемелік мәселелері, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге мән берілуі, ғылыми-зерттеу жұмысы, 1943 жылы үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының академиясының құрылуы сияқты мәселелерді қамти отырып, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыр.

4. Тақырыбы. ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

Тапсырма: ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар тізімін құрастыра отырып, олардың кейбіреулеріне қысқаша талдау бер.

5.Тақырыбы. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындылған кесте бойынша өз ойыңызыды дәлелдеңіз.

Тапсырма: Педагогикалық еңбектерді пайдаланып педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін бірнеше авторлардың көзқарастарын салыстырып, кесте құрып, кесте бойынша өз ойыңды дәлелде.

6. Тақырыбы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау.

Тапсырма: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлап, бірнеше мектеп мұғалімдеріне жүргізіп, қорытындысын шығар.

7.Тақырыбы. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру.

Тапсырма: «Педагогикалық үдеріс» мәселесін зерттеген әртүрлі авторлар жұмыстарын оқи отырып, авторлардың берген анықтамаларын салыстырыңыздар.

8.Тақырыбы. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін анықтау.

Тапсырма: Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдап, социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін анықта.

9. Тақырыбы. Сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тақырыптарының үлгісін құру (сыныпты таңдау бойынша).

Тапсырма: Сыныпты таңдап (жеткіншек, жасөспірім) адамгершілік тәрбие беруге бағытталған тақырыптардың тізбегін жасай отырып, адамгершілік тәрбие беруге бағытталған бір тәрбие сағатының жоспарын құрыңдар.

10. Тақырыбы: Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына салыстырмалы сипаттама беру.

Тапсырма: Оқытудың дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына салыстырмалы сипаттама беріп, қай технологияның тиімділігін анықтаңдар.

11. Тақырыбы: Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру.

Тапсырма: Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы өз салаң бойынша бір сабақтың жоспарын, үлгісін құрастыр.

12. Тақырыбы: Әр түрлі әдебиеттер бойынша (5 әдебиеттен кем болмау) мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі анықтамасына талдау жасау.

Тапсырма: Мұғалім құзіреттілігінің түрлеріне тоқталып, әр түрлі әдебиеттер бойынша мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі анықтамасына талдау жасаңыздар.

13. Тақырыбы: Қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсету.

Тапсырма: Мұғалымдарді аттестациялау мақсатына тоқталып, қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсетіп, конспектіле.

14.Тақырыбы: Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау.

Тапсырма: Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау туралы материалдар жинап, шағын хабарлама әзірлеңдер.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2303 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...