Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлінуі қай педагог есімімен байланысты?



А) Д.Локк. В) Л.Н.Толстой. С) А.С.Макаренко. D) И.Г.Песталоцции. Е) Я.А.Коменский.

10. Оқушылар мүмкіндіктерін ескере отырып оқытуды талап ететін дидактикалық принцип: А) Шамаға лайықтық. В) Көрнекілік. С) Ғылымилығы. D) Белсенділік принципі. Е) Саналылық.

11. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесін анықтаңыз:

А) Әңгіме, лекция, демонстрациялау, үлгі. В) Педагогикалық эксперимент, сауалнама, әңгіме.

С) Репродуктивті және проблемалық–зерттеу әдістері. D) Мектеп құжаттарын зерттеу.

Е) Педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

12. Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды: А) Ата-аналар комитеті.

В) Педагогикалық кеңес. С) Мектеп кеңесі. D) Оқушылар ұжымы. Е) Мектеп директоры.

13. Ата-анадан балаға тұқымқуалушылық арқылы берілетін қасиет:

А) Ойлау қабілеті. В) Мінез-құлық белгілері. С) Әр түрлі іс-әрекетке деген қабілеті.

D) Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі.

Е) Адамдармен қарым-қатынасы.

14. Оқыту процесінің қозғаушы күштері: А) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі. В) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар. С)Дидактикалық зерттеулердің нәтижелері.

D) Мұғалімнің жігері. Е) Ғылым мен практиканың байланысы.

15. Сынып-сабақтық жүйе сақталып, бірақ оқушыларды қабілеттілігі мен интеллект деңгейіне қарай түрлі сыныптарға бөлетін жүйе: А) Трамп-жоспар. В) Белл-ланкастер.

С) Мангейм. D) Дальтон-жоспар. Е) Келлер-жоспар.

16. Жеке тұлғаға әсер ететін «Микро ортаға» қайсылары жатады? А) Әлем, планета.

В) Достары, ата-анасы. С) Жергілікті халықтың болмыс түрі. D) Саяси талдаулар. Е) Жарнама.

17. Дидактика зерттейді: А) Тәрбие үрдісін. В) Педагогикалық үрдісті.

С) Тәрбиелік шаралар жүйесін. D) Оқыту заңдылықтарын. Е) Оқу орнын ұйымдастыру ерекшеліктерін.

18. V сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен тәртібінің төмендеуінің себебі:

А) Оқушылардың сабақтан жалығуы. В) Сынып жетекшілерінің бастауыш сынып оқушылар тәрбиесіне аз көңіл бөлуі. С) Жаңа талаптарға, оқу жағдайының өзгеруіне оқушының дайындығының болмауы. D) Бастауыш мектепте 5-сыныпта оқуға қажетті дағдылардың берілмеуі. Е) Отбасы жағдайының нашарлауы.

19. Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз: А) Тақырыптық кештер, конкурстар, олимпиадалар, КВН (КТК). В) Музыка мектептері. С) Үйірмелік жұмыс. D) Балалар спорт мектептері. Е) Жас натуралистер мен техниктер станциясының жұмысы.

20. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері: А) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

В) Педагогикалық құбылыстың заңдылықтарын ашу. С) Білім беру орындарының жұмысын реттеу. D) Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату. Е) Оқу үрдісін басқару.

21. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор: А) Мемлекет идеологиясы, саясат.

В) Ата-аналар. С) Педагогтар. D) Педагогикалық үрдістің мүмкіндіктері. Е) Оқушылардың қажеттіліктері.

22. Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар:

А) Бақылау түрлері. В) Оқыту кезеңдері. С) Диагностика. D) Бақылау әдістері. Е) Тексеру кұралдары.

23. Қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашқан ағартушы-педагог:

А) Ы.Алтынсарин. В) Ш.Уәлиханов. С) А.Құнанбаев. D) М. Жұмабаев. Е) А. Байтұрсынов.

24.Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:

А) Семинар. В) Факультатив. С) Бақылау. D) Экскурсия. Е) Конференция, дәріс.

25. Педагогика ғылымы салаларының бірі жеке пәндерді оқыту әдістемесі қандай мәселелерді зерттейді? А) Келешек мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздестіріп зерттейді. В) Саңырау, мылқау және керең балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді. С) Оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, принциптері мен мазмұнын зерттейді. D) Үйелмендегі, балалар бақшасындағы балалар тәрбиесін зерттейді. Е) Ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.

26. Дидактика категориясы: А) Тәрбие. В) Ізгілікті дамыту. С) Тәрбие мақсаты.

D) Тұлға әлеуметтенуі. Е) Оқыту процесі.

27. Педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тану зерттеу әдістерінің қайсысына тән? А) Бақылау. В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу. D) Оқушылардың жұмысын зерттеу. Е) Педагогикалық эксперимент.

28. Оқу пәні бойынша ғылыми білім негіздерін баяндайтын кітап:

А) Дидактикалық материал. В) Оқулық. С) Автореферат. D) Әдістемелік құрал. Е) Монография.

29. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді зерттеу педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінің қайсысына жатады? А) Бақылау.

В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу. D) Оқушылардың жұмысын зерттеу. Е) Педагогикалық эксперимент.

30. Сабақ, семинар: А) Дидактикалық жүйе. В) Оқыту құралдары. С) Оқыту әдістері.

D) Педагогикалық жүйе. Е) Оқытуды ұйымдастыру формалары.

31. Оқушының дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасын қандай зерттеу әдістері арқылы білуге болады? А) Бақылау. В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу.

D) Оқушылардың жұмысын зерттеу. Е) Педагогикалық эксперимент.

32. Дербес ерекшеліктерге қандай қасиеттер жатады? А) Мінез-құлық, темперамент өзгешеліктері. В) Жас ерекшеліктер. С) Бұлшық еттердің дамуы. D) Организмнің жетілуі.

Е) Тұлғаның тәрбиелілігі.

33. Оқу процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі талаптар, бастапқы ережелер:

А) Оқыту принциптері. В) Оқыту мақсаты. С) Білім беру мазмұны. D) Оқыту әдістері.

Е) Оқыту міндеттері.

34. «Процесс» ұғымының мағынасы: А) Нәтиже. В) Жылжу. С) Жүйе. D) Сфера. Е) Мақсат.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 4408 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...