Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БАҒАЛАУ МЕЖЕЛЕУІШІ



% балды баға әріптік баға дәстүрлі баға Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері
100-95 4,0 А өте жақсы Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды толық игергенін көрсеткен және қандай да бір қателіктер жібермей, дұрыс орындаған; сонымен қатар өз бетімен ойлау қабілеттілігін танытқан; коллоквиумды тапсыруда қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын толық орындаған; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиетті пайдаланып, бағдарламалық материалды өздігінен жүйелей білген жағдайда қойылады.
94-90 3,67 А-
89-85 3,33 В+ жақсы Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалды 75-%-дан кем игермесе және сонымен қатар жауап беру кезінде елеулі қателіктер жібермесе; коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс, әрі уақытында орындап, елеусіз ескертулермен тапсырған жағдайда; оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиет пайдаланып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқанда; елеулі қателіктерді студент өздігінен түзете алғанда; бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
84-80 3,0 В
79-75 2,67 В-
74-70 2,33 С+ қанағаттанарлық Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалды 50-%-дан кем игермесе; коллоквиум тапсыру кезінде жауаптары толық болмай, елеулі ескертулер болған жағдайда; зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиетпен ғана шектелгенде; материалдарды жүйелеу кезінде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
69-65 2,0 С
64-60 1,67 С-
59-55 1,33 Д+
54-50 1,0 Д
49-0   F қанағаттанарлықсыз Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалды оқуда кемшіліктері білінген; пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген; жауаптарында елеулі қателіктер жіберген; ағымдағы бақылау формаларымен қарастырылған жеке және қорытынды бақылауларды орындамаған; бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.




Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 799 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...