Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы



1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика. Мектептерді революциялық жолмен қайта құру. Халыққа білім беру бойынша Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері. «Бірегей еңбек мектептерінің» негізгі қағидалары. Тәжірибелі-көрсеткіштік оқу мекемелерінің мемлекеттік жүйесі.

Ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің ұлттық саясаты. Кеңес педагогтарының іс-әрекеттері: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко және т.б.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 жж.) кеңестік мектеп. Әскери уақыт жағдайында мектеп оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Білім берудің жетекші тұжырымдамалары:

- В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың дамыта оқыту;

- Жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин).

Ғалымдар (П.Р.Атутов, Ю.К.Бабанский, В.Е.Гмурман, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, В.В.Сухомлинский, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина және т.б.) ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.

1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.

Съездің бағдарламалық құжаттарындағы халықтық білім беру мәселелері (1981 ж.). Жалпы орта білім берудің бірдеңгей мәселесі. Жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін мектептер реформасының негізгі бағыттары (1984 ж.). Үздіксіз білім беру жүйесі (1986). Жаңашыл-мұғалімдер – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Г.И.Ильин және т.б.

Негізгі ұғымдар: халыққа білім беру, кеңестік мектеп, кеңестік педагогика, еңбек мектебі, жаңашыл-мұғалімдер, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, педагогиканың бағыттары, білім беру тұжырымдамалары, орта білім беру, кәсіптік мектеп, үздіксіз білім беру.

9-тақырып. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі)

Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері. Педагогикалық мәдениет көздері. Алтын Орда дәуірінің күйреуі. Қазақ хандығы кезіндегі білім беру. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылығына ықпалы. Жазба және ауыз әдебиетінің дамуы. Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары. Жыраулардың ағартушылық қызметтері. Билер институты және оның жастардың прогрессивті тәрбиесіне ықпалы. Медресе мен діни мектептердің ағартушылық іс-әрекеттері.

Негізгі ұғымдар: қоғамдық даму, дәуір, халықты ағарту, жазудың дамуы, ағартушылық іс-әрекет, медресе, діни мектептер, әлеуметтік институт.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2242 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...