Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түсінік хат. «Педагогика» базалық пәннің типтік бағдарламасы 5B010000 «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған



«Педагогика» базалық пәннің типтік бағдарламасы 5B010000 «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған және 12-жылдық орта білім беру мұғалімдерін даярлауға бағдарланған.

Пәнді оқытудың мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

2. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

3. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

5. Түйінді құзыреттіктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.

6. Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

Осы типтік оқу бағдарламасында жаңа ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007ж.) 2012 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасына, Болон декларациясына және білім беру саласындағы басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес қолданылады.

Оқу курсының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сәйкес жүйелілік, тұлғалық-бағдарлылық, тұлғалық-іс-әрекеттік, құзыреттілік, сонымен бірге әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тәрбиеге тарихи-педагогикалық, тарихи-жүйелілік және аксиологиялық тұрғыдағы жетекші идеялар алынады.

Типтік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны бірегей жүйе ретінде тұтас педагогикалық үдерістің логикасы мен өзара байланысты компоненттеріне сәйкес құрастырылған.

Бағдарламаның нормативті-әдістемелік базасы құзыреттілік тәсіл тұрғысынан бәсекеге қабілетті болашақ педагогты кәсіби даярлауға бағытталған «жаңа буынға» арналған жоғары кәсіптік білім берудің Мемлекеттік білім стандарты (ҚР МЖМБС 3 қараша 2010ж., №514. Өзгерістер мен толықтырулар, 8 тамыз 2011 ж.) болып табылады. Осы құжаттың талаптары негізінде оқу пәні мазмұнының құрылымында төмендегі ірі дидактикалық бірліктер (бөлімдер) бөліп көрсетіледі: адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы; педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері; тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы; тұтас педагогикалық үдерісті басқару. Бағдарламалық материалдардың ерекшеліктері тақырыптарда жаңа тұрғылар мен анықтамалар, педагогикалық теория мен практиканың әлемдік дамуының жаңа тенденцияларының ашып көрсетілуі, нәтижесінде белсенді дүниетанымдық ұстанымы бар болашақ мұғалімнің құзіретті, мобилді және креативті тұлғасына бағытталуы болып табылады.

Пән мазмұнының құзыретті-тұлғалық сипаты дәрістік және семинар сабақтарының тақырыптарынан ғана емес, СӨЖ мен СОӨЖ тапсырмаларында интербелсенді оқыту әдістерін, мультимедиялық құралдарды, интернет-ресурстарды және т.б. қолданудан; білім беру мекемелерінде типтік кәсіби міндеттерді шешу үшін жағдай жасаудан көрінеді.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1606 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...