Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағдарламаның мазмұны



Бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

Тақырып. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Педагогика тарихы ғылым ретінде. Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихы-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану ғылымдарының контексінде, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденциялары (бағыттары).

Негізгі ұғымдар: тәрбие, халықтық тәрбие, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікір, педагогикалық идея, тарихи-педагогикалық тәсіл, аксиологиялық тәсіл, тарихи-жүйелілік тәсілі, ретроспективті талдау.

Тақырып. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой арасындағы және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеттері.

Негізгі ұғымдары: тәрбие формасы, тәрбиенің пайда болуы, алғашқы қауымдық қоғам, еңбек іс-әрекеті.

Тақырып. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Таяу және Қиыр Шығыс (IV-III мың. б.э.д.) ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп. Месопотамия – адамзат мәдениетінің негізін салушы. Адамзат тарихындағы шумерлер. Шумерлердің ертедегі классикалық қалалары-мемлекеттері – Ур, Урук, Лагаш, Нипур, Умма және т.б. «Э-дубба» «кестелер Үйінің» пайда болуы. «Сеннаар жерлері» мәдениеті: ескі күнтізбелер, өлшеу құрал-жабдықтарын ойлап табу, жазу мен іс жүргізу жұмыстарының пайда болуы. Вавилон ежелгі қолжазбаларының тәрбиелік құндылығы.

Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. Израил-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Иран, Сирия мен Палестинадағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Қытайда педагогикалық ойлардың туындауы. Конфуцийдің педагогикалық ілімі.

Көшпенді өркениеттің ежелгі кезеңдегі тәрбие мен оқыту (III мың. б.э.д.). Көшпелі тайпалардың Қара теңізден Алтай тауларына дейінгі үлкен кеңістікке орналасыру есебінен этникалық атлас пен Евразияның мемлкеттік үлгісін өзгерту ерекшеліктері. Евразиялық континентте Ежелгі түркі тайпаларының көптүрлілігі (сақтар, үйсіндер, қаңлылар және т.б.). Көшпенді тайпалардың дене тәрбиесі мен әскери өнерін дамытудың ерекшеліктері.

Еңбек іс-әрекетінің алуантүрлілігінің өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне ықпалы. Отбасы тәрбиесінің негізі.

Токсарид пен Анахарсистің ғылыми еңбектеріндегі тұлға жөніндегі тұжырымдамалық идеялар. Афрасиабтың тәрбиелік идиясы. Патшайым Томиристің, Шырақ батырдың, Шу батырдың іс-әрекеттері және олардың жастардың патриоттық тәрбиесіне әсері. Оғыз ханның реформаторлық іс-әрекеті. Ғұндардың қолбасшысы Аттиланың тәрбиелік көзқарасы.

Антикалық әлімдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір (III-I ғ.б.э.д.). Ежелгі Грециядағы тәрбие мен педагогикалық ой-пікір. Спарта мен Афинадағы тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағарту (III-I ғ. б.э.д.). Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі негізгі педагогикалық идиялар. Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлардың көрнекті өкілдері Цицерон (109-43 жж. б.э.д.), Сенека (ок. 4 ж. – 65 ж. б.э.д.), Квинтилиан және т.б.

Негізгі ұғымдар: ежелгі өркениет, э-дуббы, Көшпенділер әлемі, еңбек әрекеті, дене жетілуі, әскери дайындық, Антикалық әлем, педагогикалық ой-пікірлер.

Тақырып. Орта ғасыр дәуірі. Визвнтиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядағы педагогикалық ойлар: В.Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур және т.б. Кавказ және славян халықтарының ағартуға Византиялық ықпал ету.

Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі. Индиядағы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: ағарту, Византиядағы ағарту, византиялық ықпал ету, педагогикалық ой-пікірлер.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2866 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...