Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары



«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Үдеріс ғылыми катергория ретінде. Жүйенің топтары: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-адам» және т.б. «Педаг-оқушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Оқушы – педагогикалық үдерістің субъектісі.

Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастарудың шарты.

Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық – педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесі. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізі.

Заң – құбылыстар арасындағы қажетті, нақты бар, тұрақты, қайталанатын қатынастар. Педагогикалық үдеріс қызметінің негізгі заңдары. Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама.

Оқу-тәрбие үдерісінің қағидалары – оның заңдылықтарының нақты көрінуі. Қағидалардың мәні, оларға сипаттама. Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен қағидаларды есепке алуының маңызы.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдеріс, «педагогтар - оқушылар» жүйесі, субъект-субъектілі қатынастар, қозғаушы күш, тәрбиелік механизмдер, педагогикалық үдерістің заңдары, заңдылықтары, қағидалары, болжау, кәсіби құзіреттілік.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 6280 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...