Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптары
I бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы
  Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері
  Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
  Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері
  Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие
  Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XVғ.ғ.)
  Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
  Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы
  Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы
  Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі)
  Қазақстандағы XIX-XX ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі.
II бөлім. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
  Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
  Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
  Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты
III бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
  Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПY) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
  Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
  Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
  Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
  Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
  Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі
  Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
  Отбасы тәрбиесінің негіздері
  Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту
  Қазіргі мектептегі білім мазмұны
  Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
  Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
  Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
  Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар
IV бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
  Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
  Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау
  ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзыреттілігіне қойылатын талаптарына сәйкес, студент

- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;

- әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;

- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б. түсінуге;

- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

- мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;

- педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;

- сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;

- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау;

- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б. біліктіліктерін игеруге;

- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;

- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;

- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

- білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;

- мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;

- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;

- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;

- қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;

- білім беру жүйесін басқару мәселелерінде;

- кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.

Осы оқу пәнінің бәсекеге қабілетті мамандарды (кадрларды) даярлаудағы рөлі мен маңызы «Педагогиканың» мектептегі үздіксіз педагогикалық практиканың мазмұнымен және элективті кәсіби курстардың бағыттарымен тығыз байланыста анықталады.

Пререквизиттер: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер Қазақстан тарихы, психология және адамның дамуы, әлеуметтану, сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеруі қажет.

Постреквизиттер: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, оқыту әдістемесі (мамандықтар бойынша).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...