Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуіріндегі білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы



(VI-XV ғ.ғ.)

Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің және педагогикалық ойдың дамуы. Ғалым-энциклопедистер еңбектеріндегі тұлғаны үйлесімді дамыту бағдарламасы: әл-Киндидің (801-873) жоғары интеллект тұжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн-Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, әл-Газали (1056-59-1111) іліміндегі баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) педагогикалық тұжырымдамасы. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары.

Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы Ренессанс. Әлемдік өркениет аясындағы «Қайта өрлеу» дәуірінің озық маңызы. Реснессанстық құбылыстардың алғышарттары: Орхон-Енисей жазуы. Орхон мен Таластың тасты қабырғаларында бостандықты сүю мен патриотизм идеялары. Ежелгі түркілер – сақтар мен ғұн елдерінің мұрагерлері. Тәрбиені ұйымдастыру формалары.

Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт Атаның (IX ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (XI ғ) педагогикалық көзқарастар жүйесі. Ойшылдың түркі тілінде алғаш жазылған «Құтты білік» еңбегіндегі «Толық адам» ізгілік тұжырымдамасындағы дүниетанымдық ұстанымы. Махмуд Қашғаридің «Диуани лугат-ат-турки» алғашқы филологиялық еңбектеріндегі «Жеті Ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік-сопылық ілімнің негізі.

Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус және т.б. ойшылдар шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар.

Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы.

Алтын Ордадағы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңғысханның ағартушылық іс-әрекеті. Ойшылдар Сайф Сараи мен Ахмед Иугнекидің педагогикалық идеялары. Рабгузи мен Жамал Каршидің тәрбиелік көзқарастары. Осман империясы кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер. Осман империясындағы ағартушылыққа антикалық және Ислам мәдениетінің ықпалы. Ибн Рушд, Газали философиялық ілімдеріндегі тәрбие жөніндегі тұжырымдық идеялар. Дж.Руми, Хамза, Низами әдеби ескерткіштеріндегі тәрбиелік ойлар.

Негізгі ұғымдар: Ренессанс, Орталық-Азиялық Ренессанс, педагогикалық тұжырымдама, ізгілік көзқарастары, тәрбиелік дәсүрлер, ағартушылық іс-әрекет, гуманист-ғалым, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар жүйесі.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3572 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...