Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде



Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Тәрбие – тұлғаны әлеуметтік мәдени модаль үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтендіру, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық теория мен практиканың диалектикалық өзара әрекеттестігі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық ережелер жиынтығы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары, олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдердің құбылыстар байланысындағы жалпылама бейнесі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы.

Педагогика ғылымдарының әдістері. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы.

Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық үдеріс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогика ғылымдарының әдістері, педагогиканың пәнаралық байланысы.

Тақырып. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі

Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға құрылымының көп күрделілігі, көпқырлылығы және барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) қалыптастырудың негізгі тұжырымдары. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие), олардың өзара байланысы. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде. Тұлға – тәрбиенің, өзіндік дамуының объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.

Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылықтар. Білім алушыларды дамыту, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптасу, жеке тұлғаның қалыптасу және даму факторлары, субъект және объект, жас ерекшелігі, жыныстық ерекшеліктері, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері, педагогикалық қолдау, инклюзивтік білім беру





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5675 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...