Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ркилы денгейлі ұқтыру, үйрету



Әлемдік тәжірибеде тұлғалық бағыттағы тәрбие, тәлім идеясын іске асыру әрекеті талай мәртебе болғаны белгілі. Мұндай педагогикалық қадамдар әр дәуірде өз бастауларын Жан Жак Руссо, Г.Пестолоцци, Г.Д.Хорой, М.Монтессори және басқалардың тәрбие идеяларынан алып отырған. Бұл педагогтар тұжырымдарының әрқилылығына қарамастан, олардың басын қосатын негізгі мәселе - еркін тұлға қалыптасуына ықпал жасау жолдарын ашу. Г.Песталоцци: «Менің шәкірттерім жаңалықты менің арқамда білмейді, олар бұл жаңалықты өздері ашады. Менің басты міндетім - оларға ашылысуға, меншікті ой, пікірлерінің дамуына көмектесу" - деп жазған. Нақ осы идеялар айқын мектеп немесе сыныптағы балалардың ата-анасымен байланысты дүниеге келген айқын тәлім жүйесіне негіз берді.

Айқын тәлімнің негізгі принцитері келесідей: жеке даралықты тәрбие (үйрету); жеке табыс жауапкершілігі; қызметтестік, үздіксіз тәлім бағыты. Тәрбие, тәлім орталықты басқарудан босап, даралықты бағдарламаларменен жүргізіледі. Жан Жак Руссо идеяларымен сусынданған айқын мектептер көбіне өз шәкірттерінің тар мағынадағы білімімен емес, олардың өмір жағдайларымен, көңіл-күйімен, икем-құмарлықтарымен байналысты бағаланды.

Бұл мектептердегі тәрбиеленушілердің өз жауапкершілігіне иек артқан шәкірттер белсенділігі өте жоғары дәрежеде болады.

Шәкірттердің әрбірі өздері түзген күнделік жоспарымен мұғалімнен мүғалімге өтіп, орындаған жұмыстары бойынша есеп береді, өз бетінше істелінуі қажет келесі тапсырмаларын алады немесе мұғалім басшылығымен өздері семинар дәрістерге жолдама қабылдайды. Баланың барша іс-әрекеті арнайы пәндік жұмыс парақтарында хатталады.

Мұндай технологияның теориялық негіздемесі келесідей педагогикалық үлгіні (парадигманы) арқау етеді: топ не сыныптағы шәкірттердің басым көпшілігінің денгейіндегі айырмашылық сабақ материалын ұғынуға бөлінген уақытпен айқындалады. Егер әр баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес уақыт берілсе, онда мектеп бағдарламасының өзекті қорының міндетті игеріліуіне кепілдік етуге болады (Дж Кэролл, Б.Блум, З.И.Колминова және т.б).

Денгейлі жүктемені ұстанған мектепте тәрбиеленушілер ағымы ауыспалы және салыстырмалы тұрақты, құрамы бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Әр топ бағдарлама материалын әрқилы білімдік денгейде игеріп барады: 1) ең төменгі (мемлекеттік стандарт), 2) базалық, 3) шығармашылық.

Негізгі принциптері:

жаппай таланттылық т.б.

дарынсыз адам болмайды, қалағанына кезіге алмай, өз ісімен шұғылдана алмаған адамдар бар;

өзара артықшылық - егер біреудің басқалармен салыстырғанда бір нәрсесі тәуір болса, сол нәрсенің өнімді болуы тиіс, мәселе - сол өнім беретіндей тетікті іздеу қажетгілігінде;

«үмітсіз шайтан» - өзгеріс болмауы мүмкін емес, адам жөніндегі пікірдің бірде бірін соңғы сөз деп қабылдау жөнсіздік.

Айқын мектептің үйымдасу жобасы:

1. Мектеп сыныптарының бір текті құрылымын алғашкы тәлімнен бастап нақтама негізінде тұлғаның өзгерісті сапалары мен жалпы тәлімдік ептіліктерін анықтау аркылы жасақтау.

2. Әрқилы деңгейде тәлім-білім үйретуге ынғайлы топтарды іріктеу аркылы орта буын сыныптарының ішкі жіктемесін жасау (базалық және баламалы - математика, тіл және әдебиет бойынша). Топқа қосу шәкірттердің ерікті қалауы мен танымдық қызығуына орай жүргізіледі.

3. Негізгі мектеп пен жоғарғы сыныптарда психика-дидактикалық нақтама, сараптама, бағалау, мұғалімдер мен ата-аналардың ұсыныстары және балалардың өз қалауына негізделген бір бағытты тәлім енгізу.

Мұндай тәлімдік технология идеясын іске асыруда педагогикалық ұжымдарды қызықтырып тұрғаны - базалық білімдерді игеруде барша шәкірттер бірдей кепілді нәтижеге қол жеткізеді; әр шәкірт ілгеріленген деңгейде өз бейімділіктері мен қабілеттерін өз мүмкіндіктеріне орай іске асыруға жол табады.

Айқын мектеп түсінігі оның тәлім жүйесінде қолданған бағыт-бағдарына ғана байланысты болмай, сол мектептің ұйымдасуы, жоспарлы және ішкі жабдықталу көрінісіне де орайласқан

Мұндай мектепте сынып бөлмелері болмайды, дәлірек айтсақ, олардың саны шектелген, дәрісханалар мұғалімнің бірнеше шәкіртке не бүкіл сыныпқа бір нәрсені түсіндіруі керек болған жағдайда қажетті.

Жұмыс күні қоршау бөліктері болмаған кең залда өтеді, әр пән және әр денгейлі сынып мұғалімдерінің столдары кең залдардың әр бұрышына қойылады, ал шәкірттер жоспарларымен бір мұғалімнен екіншісіне ауысып барады. Егер қайбір шәкірттің шаршағаны сезілсе не жай демалғысы келсе, оған осы бөлмеде арнайы жабдықталған бұрышта тыныс алу мүмкіндігі жасалады.

Әңгіме мәні: бір балалар таңертеңнен еңбекшіл, басқалары - күннің екінші жартысында еңбектенуді ұнатады, біреулері мұғалімің әр қадам сайын көмегіне мұқтаж және біреулері нақты сұраққа жауап бергенді ұнатса, ендігісі дарындылығына қосымша, шығармашыл тапсырмаларды алғанды қалайды.

Дәстүрлі мектеп тәрбиеленушілер тұлғасынын барша сапа - қасиеттерін ескере алмайды. Нәтижеде, материалды көзбен көре ұғуға қабілеттері бола тұрып, мұғалімнің құрғақ сөзін тыңдаумен,дереу жауап беруге мәжбүр, ал және бір шәкірттер тобы күннің екінші жартысында жұмыс істеуге ынталы келе тұрып,өзіне ыңғайсыз таңертең сабаққа қатысуға міндетті. Қазіргі заман мектептерінде тәрбиеленушілердің ыңғайына орайластырылмаған көптеген әлеуметтік, қоғамдық, мектепішілік, рухани, заттасқан кедергілер мол. Осыған дейінгі тәрбие ісін жолға қою көп қиыншылыққа кезігуде.

Қалай болғанда да дәстүрлі мектеп шарттарынан арылып, әр шәкірті даралық тәлімге тартып, белсенді іс-әрекетке баулу, кезіккен тұрмыс, білімдік мәселелерді мүмкіндігінше өзі шешуіне бағыттау, өзінің шығармашыл қабілеттерін дамытып, рухани дүниесінің қанаттануына жәрдемдесу – бүгінгі тәлімнің аса құнды міндеттері.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1141 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...