Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогикалық өнер түсінігі және педагогикалық шеберлік



Мұғалімдер мен тәрбиешілерге тән педагогикалық біліктілік, шәкірттер бойында білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру мүмкіндіктері және олардың өз бетінше іске асу жағдайларын жасау бірдей емес. Педагогикалық қызметте әртүрлі жетістік деңгейлері кездеседі. Педагогикалық әрекеттестіктің әрқилы деңгейлері мен сипатын сөзбен өрнектеуде бірнеше термин түсініктер колданылады: «педагогикалық өнер», «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық техника», «педагогикалық технология».

Педагогикалық іс-әрекет пен оқу-үйретімнің ең жоғары жетістігін педагогикалық өнер деп атау қабылданған.

Педагогикалық өнер – бұл педагогикалық үдерістің жоғары тиімділігін айқындаушы белгілі кәсіптік, іскерлік және тұлғалық сапалардың бірлігі.

Педагогикалық өнер педагогтың кәсіби қызығушылығымен, дамыған педагогикалық ойлау және сезімталдығымен ұштасқан психологиялық-педагогикалық білім, ептілік және дағдылардың барша шындығын мүлтіксіз меңгере білуінен қалыптасады.

Педагогикалық өнердің мәнді де маңызды бір қыры – педагогикалық шеберлігі. Нақтырақ айтсақ, шығармашылдығы жоқ педагогикалық еңбек болмайды, болуы да мүмкін емес, себебі шәкірттер, жағдайлар, педагогтың өзіндік тұлғасы қайталанбас құбылыстар, осыдан қалаған педагогикалық шешім қай уақытта да бірыңғай қалыпқа келмейтін осы жағдайларданбастау алады. Педагогикалық шығармашылдық бірегей де ерекше құбылыс болуымен ғалым, жазушы, әртіс қызметтерімен етене жақынкеледі.

Педагогикалық шығармашылдық мәні, көбіне өз алдына дербес, сонымен бірге қайталанбас оқу-үйретім жағдайларына сәйкес әрекетке келе білуді - өз іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық білімдер тұрғысынан пайымға салу, сондай-ақ автоматтасқан және автоматтаспаған бірліктердің ара қатынасын дұрыс топшылау қабілеттерімен орынды байланыстыра білуден аңғарылады. Педагогикалық шығармашылдықтың анайылылығы, оның қай жағдайда да мақсатты бағдар сипатына ие болуында: үдеріс қатысушыларының өзара баю, байытуын қамтамасыз етеді, мұғалім және шәкірт шығармашыл қызметтестігіне дем береді. Бір жағынан, педагогтың шығармашылыққа тікелей араласуынан шәкірт танымы кеңейеді, алға ілгерілейді және қандай да бекім, нәтижеге келеді. Екінші жағынан, педагог өзі ойлау, таным жөніндегіғылымның тарихи кезеңдері мен оның негізгі даму заңдылықтарын еріксіз меңгеріп барады.

Өзегі «жоғары мәртебелі» шәкірт болған «педагогикалық» болмысты қайта жасауға бағытталған мұғалімнің белсенді іс-әрекетінің аса жоғары формасы – бұл педагог шығармашылдығы. Аталған орайда, егер мұғалімнің жасампаздык іс-әрекеті ғылыми теориялық-педагогикалық білімдер түрғысынан, өзіндік дербес кәсіби бағдар таңдауға көмектесетін педагогикалық болмыстың нақты сәтІнде кәсіптік-шығармашыл міндеттерді шешудің бірегей де тиімді жолдарын түзу сиякты көрсеткіштерімен сипатталатын болса, педагогикалық шығармашылдық өз дәрежесінде болғаны. Бұл өз кезегінде педагогикалық шығармашылдықтың қызметтік өрісін кеңейте түседі. Педагог шығармашылдығы екі алғышартты арқау етеді:

1) бір тұтастықтағы көптеген психикалық үдерістер, қалыптар және тұлғаның жеке дара психологиялық қасиеттерінің (сезімталдық, қиял, саналы және бейсаналы бастаулар, табандылық, сындарлылық, еңбеккерлік, жоғары сөйлеу мәдениеті) өзара әрекеттестігі - ішкі, жан-дүние шарттарын кұраса;

2) шығармашылықтың сырттай шарттары қатарына білімдер, дүниетаным, педагогикалық техника мен ойлау және өзіндік сана мәдениеті, педагогтың дербес кәсіптік бағыт-бағдары, көзқарасы кіреді.

Шығармашылдықтың кұрамдас бөліктерін педагог тұлғасының мазмұндық бірліктері, педагогикалық болмыстың педагог сезімінде, санасында, есінде бейнеленуінен пайда болған өнімдері ретінде де қабылдауға болады, әрі бұлардың бәрі мұғалімнің шығармашыл қуаты мен мүмкіндіктерінің нәтижесі. Шығармашылдық құрамын педагог барша кәсіби іс-әрекетінің үздіксіз барысында қалайды. Психикалық іс-әрекеттер негізінде ерекше «дәнекер» есебіндегі шығармашылдықтың құрамдас бірліктері жетіліп барады. Осы бірліктердің арқасында кәсібиліктен шеберлікке, шеберліктен жанпидалыққа жетелеуші дербес кәсіби бағыт-бағдар қалыптасады. Осыдан шығарылатын қорытынды: шығармашылдықтың құрамдас бөліктерінің қандай да бірі өз қызметінде әлсіздік танытса, педагогикалық табысты күтудің қажеті де болмайды.

Педагогикалық өнердің маңызды бөлімі – бұл педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлік тұлғаның тәлімі мен қалыптасу үдерісіндегі педагогикалық өнердің толық іске асуын қамтамасыз етуші ептіліктер мен дағдылар қорының педагог тарапынан мүлтіксіз меңгерілуінен көрінеді.

Әдетте, «шеберлік» өз кәсібін жете меңгерген жұмыскердің бай тәжірибесімен байланысты. Оның қалыптасып, кемеліне жетуі тәжірибеге, тәлім, тәрбие істерінің құралдарын шығармашылдықпен түсіне, пайымдай білуіне тәуелді. Сонымен бірге кәсіби мәселелерді шешуде тиімді әдістер жүйесін қолданып, жоғары сапада орындай алуда, педагогикалық ықпалды жеке-даралыққа келтіріп, педагогикалық әдеп сақтаумен қарым-қатынасқа түсу мен ортақтасуда, еңбекке ынталандырудың әсерлі жолдарын пайдалануда көрінеді.

Сондай-ақ педагогикалық шеберлік мазмұнын келесідей көрсеткіштермен саралауға болады:

1) психологиялық-педагогикалық ой-өріс;

2) дамыған кәсіптік қабілеттер (кәсіби қырағылық, болашаққа сенімді болжам, епті ұйымдастырушылық; шапшаң ауысымдылық, жауап әрекеттер сәйкестігі, педагогикалық сезімталдық);

3) педагогикалық техника меңгерімі (мұғалімнің балаларға ықпал жасаудағы өзіндік тәсілдер жүйесі).

Шебер педагогқа тән негізгі сипаттар: күрделі мәселелерді түсінікті тілмен, ұтымды да ұғымды формада ұсына білу ептілігі, өз әрекетімен қай баланы да еліктіре білуі, шәкіртті белсенді іс-әрекетке келтіріп, оны шығармашыл білім ізденісіне бағыттау: бақылай білу, өз өміріне, оның әркилы қылық-әрекетінің себептеріне, олардың қалыптасуына ықпал жасаушы деректер мен құбылыстарға талдау, өзінің қызмет мәнерін ескерумен білімдену кеңістігін ұйымдастырудың нақты шарттарына сәйкестікке, теориялық және қолданбалы психологиялық-педагогикалық білімдерді, озат педагогикалық жетістіктерді өзгеріске келтіріп, жаңалап бару.

Педагогикалық шеберлік шеңберінде мазмұн мен әдістеме саласындағы мұғалімнің өрісін ғана емес, оның адамзат білімдері мен тәжірибесін епті, түсінікті, орынды әсер жолдарымен жеткізу тәсілдерін меңгерумен ғана емес, тәрбиеленуші көңіл-күйін жоғары да нәзік сезімталдықпен тану қабілетін де ескерген жөн. Ұстаздың бұл қасиетін шәкірттері оның іс-әрекетін болжастыра, ұйымдастыруынан, қамқорлы да белсенді өзара жәрдемге негізделген іскерлік және өзара түсіністік жағдайларын жасауынан байқауға болады.

Оқу-тәрбие үдерісінде шексіз кезігіп жататын педагогикалық міндеттерді жоғары табыс дәрежесінде шеше білудің жаңа әдістері мен формаларын іздестіруге болған ынталылықты да - педагогикалық шеберліктің аса маңызды қырынан десек қателеспейміз. Сонымен бірге, кейбір мектептерде мұғалімдер қызметін бағалаудың бірден-бір беделді белгісі ретінде ғылым мен педагогикалық болмыстың табиғи байланысынан сырттай қалған мұғалімнің ғылыми дайындығы оқу үдерісінің қажетті тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі өз ішіне ол айналысқан кызметтің психологиялық құрылымындағы барша бірліктерді таза күйінде қамтиды әрі оның өз ғылыми ізденістерінен құралады, яғни мұғалім шеберлігі – біртұтас - ғылыми педагогикалық шығармашылдықтың өнімі. Педагог шеберлігі теориялық білімдер мен тәжірибелік ептіліктердің табиғи бірлігінен туындайды. Ал шеберлік деңгейі мұғаліммен әрекеттестік қатынасқа түскен шәкірттерге бағытталған педагогикалық ықпал тәсілдерін меңгеруі мен олардың нақты жағдайларға сәйкестік дәрежесіне тәуелді.

Бүгінгі педагогикада қабылданған ереже: педагогикалық шеберлік - бұл дамыған психологиялық-педагогикалық өй толғастырудың, педагогикалық білімдер, дағдылар, ептіліктер және жарқын да түсінікті ұсына білудің көңіл-күй, еріктік кұралдарының бірігімі. Егер осы бірігім тұлғаның сапаларымен ұштасатын болса, педагог әрқашан да өзіне жүктелген оқу-тәрбие міндеттерін табысты шешуіне мүмкіндік алады.

Педагогикалық шеберлік құрылымы күрделі де көп қырлы, ол педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, кәсіби-шығармашыл міндеттерімен айқындалады. Педагогикалық шеберліктің өзекті бірлігі сондықтан педагогикалық қызметтің шығармашыл болуына негіз беретін дамыған психологиялық-педагогикалық ойлау. Педагогикалық еңбек шеберінің ойлауы дербес, икемшіл де жедел келеді. Ол ұстаздық көрегендіктің маңызды негізі болған кең өрісті дамыған педагогикалық бақылағыштық пен жасампаздык қиялға сүйенеді. Онсыз педагогикалық өнер мақұрым. Сонымен, бұл орайда да «педагогикалық» шеберліктегі басты нәрсе - бұл шығармашылдық. Көбіне шығармашылдық тәлім үдерісінде әрқилы әдістер мен формаларды, кәсіптік білімдер мен тұлғалық сапаларды тиімділікпен, әр сәтте жаңалап әрі орынды пайдалана білуден көрінеді. Сонымен бірге, ол мұғалімнің педагогикалық идеялар үсынып, оқу-тәрбие қьізметтерінің әдістерін жасау мен қалыптан тыс мәселелерді шеше білу ептіліктерінен көрінеді.

10.2. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрамдас бірліктері

Педагогикалық шеберлік қандай да іс-әрекет түрінің негізгі тәсілдерін жоғары дәрежеде пайдалана білү үшін қажет арнайы білімдер, сондай-ак ептіліктер, дағдылар және әдеттерден құралады. Қай дәреже, деңгейдегі мәселе шешпесін, мұғалім, педагог әрқашан да оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ақылгөй ұстаз, педагогикалық ықпал жасау шебері. Осы тұрғыдан, педагог шеберлігінде салыстырмалы дербес төрт бірлікті бөле қарастыруға болады: балалардың ұжымдық және жеке-дара іс-әрекетін ұйымдастыра білу шеберлігі; ықпал жасау шеберлігі, білім жеткізу мен іс-әрекет тәжірибесін қальштастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру, колдана білу шеберлігі. Нақты педагогикалық қызметте шеберліктің бұл түрлері өзара тығыз байланысқан әрі бірін бірі күшейте түседі.

Педагогтың ұйымдастырушылық қызметі. Педагогикалық ұйымдастыру көзделген істің жалпы мақсат, міндеттерін, мазмұнын және оны орындаудың жолдары мен күтілген нәтижелерін болжастыра белгілеуден басталады. Педагог өз қиялымен дәріс (сабақ, дәрісбаян, семинар, зертханалық жұмыс және т.б.) немесе қандай да басқа шараны ой елегіне салып, «ойнап» шығады. Басқаша айтсақ, шәкірт іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуы алдағы сабақта табысты болуы үшін, педагог өз санасында дейділенген оқу-үйретім әрекеттерінің өрнегін, оларды іске асырудың ерекше бір ой жобасын түзеді. Мұндай ақыл жобасы өз ішіне ұйымдастыру мақсаты, мазмұны, формасы, әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ балалардың өзіндік жұмыстары, мүмкін болар әрекеттері мен қарсылықты қимылдар жөніндегі барша топшалаулары мен түсініктерінің жиынтығын қамтиды.

Ойға алғанды іске асыру. Бұл кезең мақсат белгілеу мен іс-қызмет міндеттерін айқындаудан басталады. Мақсат және міндеттерді белгілеудегі педагог шеберлігі шәкірттердің осы мақсаттар мен міндеттерді шешуге деген ұмтылыстарына дем беретін қажетті көңіл-күй, еріктік кейіп түзу ептілігінде көрінеді. Қойылатын мақсаттар мен міндеттер шәкірттер ынтасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, мақсат жолындағы табандылығын нығайтуға бағытталуы тиіс. Мақсаттар мен міндеттер жеке-даралықты және ұжымдық болуы мүмкін. Егер көзделетін мақсат ұжымдық болып, әрі ұжымдық міндеттер шешіліп жатса, педагогикалық ұйымдастыру шеберлігі ұжым мүшелерінің пікірлері мен ниеттерін ескерумен, олардың әр бірін өзіне сай жұмыстарға тартып, тапсырмаларды бөлістіріп, әр катысушыны оның көңіліне жылу беретіндей іске қосудан көрінеді.

Сонымен, жүктелген даралықты міндет жас өрен бойындағы өз қиындығын тану, борыш, намыс және жауапкершілік сынды жоғары сезімдерді пайда етеді.

Қандайда іске деген шығармашыл қатынасты мүмкінінше жоғары тиімділікте тәрбиелеу мақсатында, ұжымдық іс-әрекеттің әр бір мүшесіне қалаулы да ұнамды іспен шұғылдануына жол ашып беруі кажет. Алайда, адамда өжеттік пен ерлік ұжым мүшесіне орай ішкі де сыртқы кедергілерді жеңуі, коғамға істеген жақсылығынан рахат сезінуі үшін шәкірттерді қиын да күрделі, оның өзіне сырттай керексіз, бірақ басқа адамдарға кажетті тапсырмаларға тартып бару орынды. Еңбекке болған рухани қажеттілік пен шабыт жұмысы барысында жақсылық жасау ниетін ұстану, табандылық пен мақсатты ұмтылыстан туындайды.

Тәжірибелі педагог тек тапсырма істерімен шектелмей, ұжымдык іс-әрекеттің әр бір мүшесіне жақсы да анық іскерлік нұсқаулар беруге ұмтылады. Ал егер қажет болса, кез-келген әрекет түрлерін орындауға үйретеді. Жолдарын көрсетеді. Ұжымдық іс-әрекет басталысымен, ол көрінуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің және бір кыры - бұл мақсатқа жету үдерісіндегі міндет түрлерінің шешіліп бару желісін қадағалау, бақылау ептілігі.

Педагогикалық шеберліктің өзге де бір маңызды тарапы – ықпал жасау. Педагог, әдетте, шәкірттеріне өзінің барша болмысымен әсер ете білуі тиіс. Педагогикалық ықпал дегеніміз, осыдан тәрбиеленушілер әрекет қылығын саналы бағыттап, реттеудегі оларды арнайы әдістер және тәсілдермен іс-әрекетке ьшталандыруы немесе кажет тұста әрекетін тежеудегі педагогтың мақсатты бағдарланған қылық, мінез, әрекет - ұстанымы. Тәрбиеленушілерге жасалатын педагогикалық ықпал шебер педагог тарапынан жоғары деңгейде меңгерілген үш негізгі әдіспен орындалады. Ықпал етудің басты жолы дәйектеп, яғни тәрбиеленушінің дүниетанымын тұлғалық бағытта қалыптастырып, оның әрекет - қылығын ретке келтіру мақсатында бала санасына тікелей не жанама әсер жасау. Шеберлік сүйеніші тәрбиеленушіге, оның ой толғастыру өз әрекет-қылығын талдай білу және орынды бағалау, намысқойлығы мен саналы еріктік әрекет жасау қабілеттеріне деген сенім.

Сендіру аркылы педагогикалық ықпал жасау шеберлігі-бұл тәрбиеленуші санасында шындықка сене қабылдап, оған жүгіну, педагог ұсынған ақпараттар мен талаптарға күмән келтірмеу сезімін калыптастыру, шәкірттің ұстаным ретінде қабылданған көзқарастарына сәйкес әрекет жасау, ұмтылыстарына дем беру.

Сендіру шеберлігі көптеген тәсілдерді қолдануға негізделеді. Солардың бірі педагогикалық үгіттеу, ар-намыс сезіміне әсер ете отырып, жауапкершілік, кінә, есіркеу, жеркену, абырой, іззет сезімдерін ояту жолымен, ой-өріс бағытын, әрекет-қылық сеп-түрткілерін өзгерту максатында бала санасына сырттай жанамалап, ықпал жасау тәсілі. Екіншісі – педагогикалық өсиет тәсілі - киыншылық жағдай, кезеңдерде жәрдем беретіндей өмір тәжірибесі, инабаттық ерекшеліктері, даналық кеңестер, тұрмыс бакылаулары жөніндегі балаларға арналған тілектесті, қызығулар оятатын әңгімелер. Үшіншісі – педагогикалық уағыз - мінез-құлық пен іс-әрекетті белгілі арнаға бағыттаушы адамгершілік идеялары жүйесін балалар санасына насихат түріндегі монологты баянмен жеткізу жолы, төртіншісі – педагогикалық жұмылдыру - балаларды өмірлік қажеттіістер мен әрекеттерге ынталандыру мақсатында оларды тағамға, киімге, әсемдікке, материалдық және рухани құндылықтарға толған маңызды қажеттіліктеріне ықпал жасау әдісі. Сендірумен ыкпал жасау шеберлігінін аталған қызметтік әдістері мен тәсілдері педагог шеберлігінің сан қырлы ерекшелігінен хабардар етеді, сонымен бірге бала іс-әрекеті мен мінез-құлығына колдау беру немесе оларды тежеу тәсілдерін формальды біртараптылық шеңберімен кұрсаулаудан сақтануды кажет етеді.

Шебер педагог сендіру тәсілімен бір қатар қызығушылық дамыту негізінде ықпал жасауды, белсенділікті қолдау мақсатында, қандайда іспен еліктендіруді арқау қылады. Бұл орайда ықпал етудің психологиялық негізі енді ақыл-естік емес, ал баланың көңіл-күй аймағы, оларды, өз кажеттілігін қанағаттандырып, рахатқа бөлеу.

Ықпал жасаудың аса маңызды да өнімді түрі – мақсатты, тақырыптық педагогикалық дәйекті педагог еркінен туындаған талап ете білу қызметі, талап қоюмен ықпал жасау шеберлігіне байланысты іске асыратын міндеттер:

балаға ішкі және сыртқы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге жәрдем беру;

ерік сапаларын дамытып, тұрақтандыру;

өжеттік, дербестік пен жауапкершілік, ынталылық пен орындаушылық бітістерін өрістетіп, жаңарту.

Шебер педагог талаптарының өте нәзік те әдепті, орындалуды да мазмұнды болуынан бала санасында оларға қарсы келу ниеті тіпті де болмайды, туындауы да мүмкін емес. Әрқандай өмір кезеңдері мен жағдайларында балаларға шеберлікпен ықпал жасауға қажет педагогикалық мәдениет, тәрбие әдістері мен формаларын колдана білу үшін педагог өз бойында кезіккеншарт-жағдайларды шалт, тереңдей және дәл талдау қабілетін дамытуы қажет, ықпал тиімділігі қалыптасқан жағдай ерекшеліктерін ескеру және оларға сәйкес ықпал, әрекеттерін іске асыруға тәуелді, сондай-ақ, маңызды келетін жәйттер: өз психикалық қалпын сезіну, тәрбиеленушілер көңіл-кейпіне мән беру, әрқилы сезім түрлерін - куаныш, ыза, таңдану, ашу, масаттану, кінәлау, шаттану - білдіре алумен бірге шынайы ой өрістілігі мен икемшілдігіне ие болған жөн. Балалар күні бұрын педагог қадамын өлшестіріп, оның енді кандай әркеттерге келетінін, нені қару етіп, қолданатынын көрегендікпен сезуге қабілетті. Сондықтан қандай да бастаманың табысты болуы үшін шебер педагог шығармашыл тапкырлықпен, ойда жоқ тосын шешімдер мен әрекеттер ұсынуға епшіл келеді. Шебер педагог өз көздегенін іске асыру, талап ету және сендіру, жұмылдыру және уағыздау тәсілдерін қолданумен қатар өткір сөз, мысқыл мен сықақ, әзіл мен әжуаны кеңпайдаланады. Себебі кей жағдайларда жаман қылықты көпшіліктің бір сәт күлкі-келекеге алуы ұзақты уағыз, насихаттан пайдалылау.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3470 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...