Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқу-үйретім әістерін тандау



Әдістерді таңдау белгілі заңдылықтарға тәуелді орындалады. Бір қарағанда, бұл орайда мұғалім өз білгенін істейтін секілді. Ал іс жүзінде ол мақсатқа қол жеткізу жолында нақты талаптардан аттап өте алмайды. Объектив және субъектив себептер, шынайы мүмкіндіктер, кездейсоқтықтар таңдау, іріктеу ауқымын тарылтып, педагогты тиімді жұмыс тәсілдерінің санаулы түрлеріне ғана жүгінуге мәжбүрлейді. Қандай да әдісті таңдауда мұғалім көптеген жағдайларды ескеруі тиіс. Ең алдымен сабақтың басты мақсаты анықталып, шешімі табылуы қажет нақты міндеттер белгіленеді. Осыдан көзделген міндеттерге сәйкес олардың орнына қолайлы жалпыланған әдістер тобы алға тартылады. Кейін таным үдерісінің жоғары тиімділікпен іске асуына мүмкіндік беретін мақсатты, бағдарланған өнімді іс-әрекет, әдіс таңдауы орындалады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде әдістерді іріктеуге ықпал етуші көптеген себептер аталады. Солардың арасында ерекше маңыздылары:

· оқу-үйретім әдістерінен туындайтын заңдылықтар мен принциптер;

· нақты ғылым логикасына, пәннің немесе тақырыптың мазмұнына орай әдістері;

· дидактикалық мақсаттар мен міндетттер;

· сыртқы жағдайлар (географиялық, өндірістік, қоршаған орта);

· шәкірттер мүмкіндіктері (жасына, дайындығына, сынып ұжымының ерекшеліктеріне орай);

· мұғалім мүмкіндіктері (тәжірибесі, дайындық деңгейі, сабақ үдерісінің тұрақты, қайталанушы ерекшеліктерін білу).

Сырттай қарағанда тиімді оқу-үйретім әдістерін болжастыру қиын емес секілді. Себебі әдістер тобы еленгендей баршылық және олардың қолдану ауқымы да кең сияқты. Әдістердің көптігі мен олардың қолданым аймағының кеңдігінен басқа ықпалының қаншалықты болатынын сезу мүмкін болмайтын себептер де білім игеруге әсер етіп жатады. Осындай тосын жағдайларды балалардың мойындап, оларға әрқашан дайын болуы болжастыру сенімділігін арттыра түседі. Әдістерді оңтайластырудың жолы біреуі-ақ: нақты жағдайда мүмкін болған әдістер тобынаның талап өлшемдеріне сай келіп, жоғары тиімділікпен оқу-үйретім өніміне қол жеткізетін әдістерді ажырата көре білу.

Әдістердің ең тиімділерін таңдап білуге мұғалімдерді үйрету үшін мектепте нақты педагогикалық - ұйымдастыру жұмыстарын іске асырып бару қажет: ең алдымен, оқу-үйретім әдістерінің барша қорымен танысу, таныстыру мақсатында педагогтардың өзіндік оқу-үйрену жұмыстарын жолға салу керек (педагогикалық теорияны меңгеру, озат тәжірибені үйрену, пән бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-үйретім құралдарын талдау, зерттеу және т.б.)

Педагогикалық шешімдерді таңдаудың және бір ұтымды жолы - әдістердің қолдану тиімділігін мұғалімнің еңбек нәтижесіне қарай дәріс соңында байқастыру. Педагогтың бұл арада ашып алатыны - нақты нәтиженің қаншама күш-қуат және уақыт жұмсаумен қолға түскені және олардың бұрынғы өлшемдерге карағанда кем не артық болу, болмауы.

Бүгінгі таңда ұтымды әдістер таңдауда мұғалімнің ЭЕМ жәрдемін пайдалану мүмкіндігі бар. Электронды жүйе әдістерді нақты дидактика шарттары «елеуішінен» әп-сәтте өткізіп, педагогқа алдын ала көзделген мақсаттың қай жолмен орындалатынынан хабар береді. Бұл үшін нақты да айқын бағалау өлшемдері мен талапқа сай компьютерлік бағдарламалар қажет.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...