Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  Шумерлер мен екітілді басқа өркениеттің жазба әдебиеттеріндегі білім берудің даму ерекшеліктерін қадағалау. «Конфуцидің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау. Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау.           баяндама
«Византиядығы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау. Ислам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеИслам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру. Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу.     презентация
Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтерін сипаттай отырып, жіктеу. Еуропадағы (XVI – XVII ғғ.) университеттердің даму жүйесін сипаттау. II Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негізгі бағыттарын сипаттау және сызбанұсқа түрінде көрсету.     сызбанұсқа
  «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педогогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар – конспекті құрастыру. Дамыта оқыту педагогикалық тұжырымдамасының негізгі бағыттарын сипаттау. «Ы. Алтысариннің педагогикалық іс – әрекеті» тақырыбына баяндама дайындау.             баяндама
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспекті жазу. Ә.И.Сембаевтың педагогикалық еңбектерінен библиография құрастыру. ҚР –дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.     кнспект
Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау. Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер мәселесі туралы материалдарды таңдау.     кесте
3.   Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық туралы баяндама дайындау. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау. Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастыру.         баяндама
Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарастарыңызды дәлелдеңіз. ТПҮ – тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі     хронологиялық кесте
Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыцныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айқындау. Оқушыларды (кіші, орта, жоғары мектеп жасындағы) әлеуметтендіру мазмұны мен механизмін анықтау. Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба – нұсқасын құру     сызба – нұсқа  
  Білім беру саласында нормативті құжаттарды талдауға дайындық (таңдау бойынша). Жаңашыл педагог тәжірибесіндегі идеялар мен технологияларды ашып көрсету. Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиясына салыстырмалы сипаттама беру       құжаттарға талдау жасау
  Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру. Өз пәні бойынша сабақта оқушыларды танымдық белсендіру мәселесін ашып көрсету. Болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзіреттіліктің құрамды бөліктерін анықтау.       сабақтың жоспарын, үлгісін құру  
Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау. Мектепті мемлекеттік – қоғамдық басқарудың моделін құрастыру. Қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсету.     Конспект жасау
  Барлығы:      

СӨЖ-на материалдар

«Педагогика пәнінің әдіснамалық негіздері» тақырыбына байланысты коллоквиум сұрақтары

1.Ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, ғылым мен мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық байқау мен экспериментті пайдалану мысалдарын сипаттаңыз

2.Жоғары сыныптар мен жасөспірімдер, кіші жас оқушыларымен жұмыс жүргізудегі педагогикалық идеяларды материалдар жинап сипаттаңыз

3.Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат міндеттері

4.Педагогикалық ситуацияларды шешу

5.Өз пәніңіз бойынша (физика, тарих т.б.)сабақ жоспарын жасаңыз

7.Оқушылардың кәсіби қалауын білу мақсатында анкеталық сұрақтар өңдеу

8.Ұжымдық шығармашылық күн жоспарын құрыңыз

9.Ата-аналар жиналысының жоспарын жасау

10.«Менің өмірге көзқарасым және болашақ кәсіби қызметіме оның әсері» деген тақырыпқы шығарма жазу

12.Кез-келген тақырыпқа педагогикалық зерттеу жоспарын құрыңыз:

«Тәрбие процесінің теориялық негіздері» тақырыбына байланысты коллоквиум сұрақтары

1.Мектептегі тәрбиелік іс-шараларға қатысы,оған талдау жасау

2.Оқушыларғы арналған әртүрлі тақырыпта пікірсайыс және дебат тақырыптарын құраңыз

4.Сынып сағатының сценариын жасау

5.Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім мазмұны

6.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау

«Оқыту әдістеріне сипаттама»тақырыбына байланысты коллоквиум сұрақтары

1.Оқыту әдістері және құралдары

2.Оқытуды ұйымдастыру қалыптары.Қазіргі мектептегі сабақ

3.Педагогикалық бақылау және мекиеп оқушыларының іс-әрекеттері нәтижелерінің есебі

4.Мектептің теория жүйелерінің теориясы және практикасы

5.Оқушыларға пән бойынша зерттеу тапсырмасын құрыңыз

6.Оқытуды жекеше жіктеу әдістері

7.Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін басқару технологиясы

8.Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін басқару

«Педагогика» пәні бойынша глоссарий

Аксиология – тұлғаның, қоғамның материалдық мәдени, рухани, ізгілік және психологиялық құндылықтарының тарихи – даму процесс кезінде өмір шындығымен байланыстылығы жайындағы философиялық ілім.

Гумандық – адамға сүйіспеншілік. Адам тәрбиесі ме оқытуда қалыптастырылатын негізгі ізгілік құндылық.

Мұғалім беделі – ерекше кәсіптік позиция, оқушыларға ықпал ете отырып, шешім қабылдау, бағалау, кеңес беру.

Педагогикалық ықпал – педагогтық тәрбиеленушінің санасына, жігеріне, эмоциясына әсер етуі және оның өмірі мен іс-әрекетін қойылған мақсатқа сай бағыттау, тұрақты тұлғалық қасиет қалыптастыру.

Тәрбие – бір мақсатқа бағытталған педагогтың кәсіптік іс-әрекеті, баланың тұлға ретінде дамуына, өз өмірінің субъектісіне айнала отырып, құндылықтарды игеруге әсер ету.

Мұғалім имиджі – тәрбиеленушінің, әлеуметтік ортаның санасында мұғалімді, адамды эмоциналды қабылдау образ стереотипі.

Карьера – кәсіптік рольдердің, әртүрлі адам өмірінде рет-ретімен ауысып отыруы, еңбек жолында мақсатқа жету.

Өзін-өзі бағалау – адамның жетістіктерін, олқылықтарын, мүмкіндіктерін бағалауы.

Қалыптасу – адамның өз дамуында жаңа формалар мен белгілерге жетуі, яғни мінездің, тұлғаның, ойлаудың қалыптасуы.

Мұғалімнің кәсіби әлеуметтенуі – кәсіптік ортаға ену процесі, педагогикалық тәжірибені игеру, педагогикалық ортаның стандарттары мен құндылықтарын игеру.

Мұғалімнің кәсіби «Мен-концепциясы» - 4-ке бөлінеді: «Нақты Мен» - мұғалімнің өзін қазіргі еңбек ету жағдайын бағалауы, «Ретроспективті Мен» - жүріп өткен еңбек жолына баға беру; «Идеал Мен» - идеал бейнеге ұмтылу; «Рефлексивті Мен» - басқа адамдардың көзімен еңбегін бағалау.

Тар мағынада тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс.

Кең мағынада тәрбие дегеніміз – қоғамдық-тарихи тәжірибені, жоғары моралдық нормаларды, ғылыми дүниетанымды, еңбек ету және тәртіп мәдениетін жаңа ұрпаққа беру процесі.

Тәрбие арқылы тұлғаның дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеттері қалыптасады.

Білім беру - табиғат және қоғам жайында жинақталған білім жүйесін, ойлау амалдарын жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білу процесі.

Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген ғалым И.Г.Песталоцци.

Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, басқарылатын оқушы мен оқытушының оқушылар өзара әрекет ету процесі. Бұл процесс оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертуге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға, оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктері мен ақыл-ой күштерін дамытуға, алдыға қойған мақсаттарына сай өз білімдерін жетілдіру дағдыларын бекітуге бағытталған. Оқыту екі жақты процесс.

Даму – адам ағзасының сандық және сапалық жағынан өзгеру процесі мен нәтижесі. Тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік, табиғи факторлардың ықпалы жүзеге асады.

Адам тұлғасының психикалық процестерінің, күш-қуаттық, рухани әлеуметтік т.б. дамуын бөліп қарастыруға болады.

Қалыптастыру -әр түрлі (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, тәрбие, тұқым қуалау т.б.) факторлардың ықпалымен адамның құрылу (даму) барысы (становления) және нәтижесі. Ол адам тұлғасының аятталған, кемеліне келген деңгейін көрсетеді.

Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты адам өзін-өзі жақсы білуі керек, сондай-ақ өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, өзіндік санасы, алдыға қойған анық мақсаты, идеалы болуы қажет.

Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі.

Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз – құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің жиынтығы.

Педагогикалық процесс дегеніміз -тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдыға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған өзара әрекеттесуі немесе әлеуметтік тәжірибенің тұлға бойында қалыптасу процесі.

Жеке адамның дамуы дегеніміз – оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы.

Акселерация -баланың қарқынды даму құбылысы, яғни баланың ерте жыныстық дамуы және мінезіндегі психофизиологиялық өзгерістер.

Тренинг - интерактивті оқыту формасы. Оның мақсаты тұлғааралық және кәсіптік қатынас тәртібін жетілдіру. Мұғалімдерді кәсіби жағынан даярлаудың бір әдісі болып табылады.

Тьютор (опекун) –қамқоршы.

Индивид –табиғаттағы жеке бір жан ретіндегі адам; адам қоғамының жеке бір өкілі.

Тұлға -адамдар ортасында өзінің позициясын еркін және нақты анықтай алатын, қоғамның өкілі. Адам тұлға болып туылмайды, тек әлеуметтену процесінде тұлға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, қоғаммен және адамдармен, мәдениетпен қарым-қатынас барысында қалыптасады.

Құндылық бағдар - 1) адамның материалдық және рухани құндылықтарға өзіндік қатынасы, оның сенімі мен ұстаным жүйесі. 2) адамның объектілерді оның мәніне қарай саралау амалы.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3760 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...