Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тақырыбы:Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту



Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту

Жоспары:

1.Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп

2.Ежелгі Шығыс ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп

3.Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие

4.Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

Негізгі ұғымдар: ежелгі өркениет, э – дубб, Көшпенділер әлемі, еңбек әрекеті, дене жетілуі, әскери дайындық, Антикалық әлем, педагогикалық ой-пікірлер.

Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады.

Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді. Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. "Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды.

Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын "Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, "өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.

Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.

Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды.

Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы. Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды.
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан "Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3789 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...