Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция



Тақырыбы: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Жоспары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие сипаты.

2. Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп.

3. Феодалдық құрылыстағы тәрбие мәселелері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие формасы, тәрбиенің пайда болуы, алғашқы қауымдық қоғам, еңбек іс-әрекеті.

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттармен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зот болды.Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді.Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қол өнеріне үйретілді.Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды.Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жіктелді, ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез- құлық тәрбиесінің құралына айналды.

Тәрбиенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды.Солтүстік Африкада Египеттен бастап оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды.Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем тптың балалары тәрбиеленді.

Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті.Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді.Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді.Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді.

Құл иеленушілердің 7 жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды.Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді.Ер балалар 7-ден 13-14 жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды.

Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды.Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті.Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтың өз балаларын мектепке оқытуға көпнесе мүмкіндігі болмады.Олар балаларын қол өнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды.Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.

Көрнекті грек философы Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру деп есептеді.Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады.3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады.

Ежелгі Рим педагоктарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды.Ол- «шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы.Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады.Балалар мектепке тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлу қажет деп есептеді.

Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер федолдар мен дін иелері болды.Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды.Феодалдық қоғамның негізгі тірегі – дін мекемелері.Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнында берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарда үстем тапқа бағынуға үгіттеді.

ХІІ –ХІІІ ғасырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қол өнер мен сауда дамыды.Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті,осыған байланысты университеттер ашылды. ХІІ ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда т.б. елдерде, ХІV ғасырда Чехияда кейінірек Польшада ашылды.

Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, Буржуазия табы туды.Ғылымның әр саласынан жағалықтар ашылды.

Гуманист педагоктар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика,астраномия, миханика,жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті.Бұл дәуірде қол өнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді.ХVІ ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла басталды.Бұл мектептердің оқу мерзімі 8-10 жыл болды, оларды тек үстем таптың балалары ғана оқыды.Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды.

Қайта өрлеу дәуірінде Англияның сатциал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды.Басқа Европа елдеріне қарағанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1898 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...