Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Корпорацияның негізгі капиталы



Негізгі капитал өзінің материалдық – заттық құрамы бойынша негізгі қор болып табылады.

Негізгі қорларға – бұл өнім өндірісі кезінде немесе кәсіпорының басқарушылық мұқтаждығы үшін 12 айдан артық қызмет ететін еңбек құрамы ретінде пайдаланатын материалдық құндылықтары.

Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы қызмет етеді және өзінің заның формасын сақтап отырып өзінің құнын өндірілген өнімнің құнына бөлектеп ауыстырады.

Негізгі қорларға ғимараттар, құрылыс (сооружения – кәсіпорын территорияның айналасындағы қоршау, көпірлер, мұнай скважина және т.б.), жұмыс (технологиялық құрал-жабдықтар, машиналар) және күш-қуатты (әртүрлі двигательдер, бу қазандары, турбиналар) құрал-жаблықтар мен машиналар, өлшеуіне және реттеуін аспаптар мен құрылғылар (устройства), есептеу техникасы, транспорттық құралдар, инструменттер, малдар, көпжылдық өсімдіктер және басқа негізгі құралдар жатады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына кәсіпорын жеке меншігіндегі жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері (су, жер қойнаулар және басқада табиғи ресурстар) кіреді.

Өндіріске қатысуына байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес қорларға бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлар материалдық құндылықтар өндірісіне тікелей немесе жанама түрде қатысады. Оларға ғимараттар, құрылыс жұмысшы машиналар мен құрал-жабдықтар және т.б. жатады. Негізгі өндірістік емес қорларға тұрғын үйлер клубтар санаториялар, емханалар, бала-бақшалар және бейматериалдық сфераның басқада негізгі құралдары жатады.

Өндірісте активті және пассивті негізгі қорларды бөледі. Активті негізгі қорлар – бұл машиналар, құрал-жабдықтар, есептеу техника, бақылау-өлшеуіне және реттеуіш аспаптар, транспорттың құралдар, пассивті – ғимараттар, құрылыс және т.б.; олар шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар өңделуіне және бір орынған екінші орынға ауысуына тікелей қатыспайды, бірақ өндіріс үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.

Экономика салаларында негізгі қорлардың құрылымы бірдей емес. Ол техникалық жабдықталғандықты, технология, мамандану мен өндісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.

Негізгі қорлар келесі ақшалай бағалану түрлері бар:

1. Бастапқы құн; осы құн бойынша олар бухгалтерлік есепке алынады;

2. Моральдық тозу мен қайта бағалауды ескеріп ұдайы өндіріс кезеңіндегі қалпына келтіру құны

3. Бастапқы немесе қалпына келтіру құнынан тозу айырмасы болып табылатын қалдық құны.

Сатып алынған негізгі қорлардың бастапқы құны – ол ҚҚС-ты және де басқа салықтарды алып тастағаннан кейін кәсіпорынның сатып алуға кеткен нақты шығындардың сомасы.

Бухгалтерлік есепке алынған негізгі қорлардың құны (бастапқы құн) өзгертілмейді. Бастапқы құн қосымша құрылыс, қайта құру және объектілерді бөліктеп жою кезінде ғана өзгертілуі мүмкін. Кәсіпорын негізгі қорлар объектілерін жылына бір реттен жие емес құжаттармен дәлелденген нарықтық баға бойынша тікелей қайта есептер арқылы қалпына келтіру құны бойынша қайта бағаланады.

Негізгі қорлардың пайдалану тиімділігі натуралды және құндық көрсеткіштермен сипатталынады.

Құндық көрсеткіштер негізгі қорлардың өндірістік қайтары ақша түрінде көрсетеді.

Негізгі қорлардың ақша түріндегі пайдаланылу дәрежесін келесі көрсеткіштер көрсетеді:

1. Қор қайтарымы негізгі өндірістік қарулардың орташа құнының бір теңгеге шыққандағы сатылған өнімнің сомасын көрсетеді.

2. Қор сіңіргіштік (фондоемкость) негізгі өндірістік қорлар құнының өнім құнына қатынасын сипаттайды;

3. Қормен жарақтану (фондовооруженность) кәсіпорынның немесе жалпы саланың бір жұмысшысына келетін негізгі өндірістік қорлардың құнын сипаттайды.

Экономиканың әр салаларында қор қайтарымы мен қор сіңіргіштік көрсеткіштері бірдей емес. Олардың көлеміне саланың, тезнологияның және ұйымдастырудың ерекшеліктері, негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы, олардың даму қарқыны ықпал етеді. Мысалы, ауыр өнеркәсібінде қор қайтарымы жеңіл өнеркәсібіндегі қарағанда едәуір кем болады.

Амортизация – бұл негізгі қорлардың өндірістік қызмет ету процесі кезіндегі ақшалай түріндегі тозуы болып табылады. Амортизация – бұл тозған негізгі қорлар құнының оның көмегімен өндірілген өнімге аудару процесі.

Амортизациялық аударымдардың міндеті өндірістен шыққан негізгі қорлардың нормативті қызмет ету мерзімі өткеннен кейін оның ұдайы өндірісі үшін қажетті көлемде ақша қаражаттарын жинақтау болып табылады. Негізгі қорлардың пайдалы қолдану мерзімін объектіні бухгалтерлік есепке алған кезде кәсіпорын өзі белгілейді. Жекеленген негізгі қорлар жобы үшін пайдалы қолдану мерзімін осы объектіні қолдану нәтижесінде оңдірілген өнім көлеміне сүйенеді.

Негізгі қорлар объектілерінің амортизациясы қауруларды есептеудің келесі тәсілдері бойынша жүргізіледі.

1. сызықтық;

2. азайту қалдығы;

3. пайдалы қолдану жылдары салдарының қосындысы бойынша құнды аудару (списание)

4. құны өнім (жұмыс) көлемінде пропорционалды аудару (списание).

1. Амортизацияны есептеудің сызықтық тәсілі кезінде негізгі қор объектісінің бастапқы немесе қалпына келтіру (ағымдағы) құны және осы объектінің пайданы қолдану мерзімінен есептелінген амортизация нормысына сүйеніп есептелінеді. Мысалы, кәсіпорын пайдалану мерзімі 8 жыл болаты құрал – жабдықты сатып алды, онда амортизацияның аударымның нормасы жылына 12,5%-ті құрайды.

2. Азайтылған қалдық тәсілі кезінде амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы жылдық басына негізгі қорлардың қалдық құны мен осы объектінің пайдалы қолдану мерзімінен есептелінген амортизациялық аударулар нормасына сүйеніп есептелінеді.

Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған амортизациялық аударулардың үлесі берілген объектіні эксплуатациялаудың әр келесі жылы сайын кеміп отыруды осы әдістің мәні.

Мысал. Бастапқы бағасы 100 мың теңге және қызмет ету мерзім: 5 жыл болып табылатын объект сатып алынды.

Бұл жағдайда амортизация нормасы (1:5) ∙ 100 = 20%-ті құрайды.

1-кесте

Кезең (жыл) басына қалдық құн теңге Амортизация сомасы, теңге Кезең соңына қалдық құн, теңге
1. 100000 100000 ∙ 20% = 20000 100000 – 20000 = 80000
2. 80000 80000 ∙ 20% = 16000 80000 – 16000 = 64000
3. 64000 64000 ∙ 20% = 12800 64000 – 12800 = 51200
4. 51200 51200 ∙ 20% = 10240 51200 – 10240 = 40960
5. 40960 40960 ∙ 20% = 8192 40960 – 8192 = 32768
Барлығы    

Есептеудің нәтижелері көрсетіп отырғандай амортизацияның сомасы негізгі қорлардың бастапқы құнынан 32768 теңгеге кем болып қалады. Бастапқы құннын 32,8% амортизацияланбай қалды. В определенной степени эти потери может компенсировать продажа недоамортизированного оборудования.

3. Қызмет ету мерзімі санының қосындысы бойынша құнды аудару тәсілін қолдану кезінде амортизациялық аударулардың жылдық сомасы негізгі қор объектісінің бастапқы құны мен объектінің қызмет ету мерзімінің соңына қалған жылдар саны мен қызмет ету мерзімі жылдары сандарының қосындысына өзара қатынасына сүйеніп есептелінеді.

Мысалы. Кәсіпорын бастапқы құны 100 м ың теңге және қызмет ету мерзімі 5 жыл болатын негізгі қор объектісін сатып алдды.

Қызмет ету мерзімі санының қосындысы 15-не кең болады (1+2+3+4+5)

2-кесте

Сатып алудан бастап жыл Амортизация нормасы, % Амортизация сомасы, теңге
Бірінші 5: 15 ∙ 100 = 33,33 100000 ∙ 33,3% = 33330
Екінші 4: 15 ∙ 100 = 26,67 100000 ∙ 26,67% = 26670
Үшінші 3: 15 ∙ 100 = 20,00 100000 ∙ 20,00% = 20000
Төртінші 2: 15 ∙ 100 = 13,33 100000 ∙ 13,33% = 13330
Бесінші 1: 15 ∙ 100 = 6,67 100000 ∙ 6,67% = 6670
Барлығы    

Негізгі қорды эксплуатациялаудың басында құнның көбірек бөлігін аударуға мүмкіндіп беру қардының жоспарлау жағынан осы тісіл тәуір көрінеді. Әрі қарай аудару қарқыны кемітіледі, ол өнімнің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді.

Өнім көлемін пропорцияларды құнды ауыстыру тәсілі кезінде амортизациялық аударуларды есептеу ағымдағы кезеңдегі өнім көлемінің натуралды көрсеткішіне және негізгі қор объектісінің бастапы құны мен бүкіл қызмет ету мерзімі аралығында өндірілуі мүмкін өнім көлеміне өзара қатынасына сүйеніп есептелінеді.

Көрсетілген тәсіл кәсіпорынға физикалық тозуды, объектінің пайдаланудың реждимін ескеруге мүмкіндіп береді.

Мыс. Кәсіпорын құны 60 мың теңге және қызмет ету мерзімі 5 жылда жүрісі (пробег) 500 мың км көлік құрамын сатып алды.

Ағымдағы жылы жүрісі 5 мың км құрайды, яғни амортизациялық аударулар – 0,6 мың теңге болады

5 мың км

х 60 = 0,6

500 мың км

Негізгі капиталдың ұдай өндірісі тікелей инвестициялар есебінен, немесе жарғы капиталға жарна (взнос) есебінен құрылтайшыларының негізгі капиталды өткізу жолы арқылы, немесе заңды және жеке тұлғалардың қамтамасыз беру кезінде жүзеге асырылады.

Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісінің негізгі әдісі тікелей инвестициялар (күрделі қаржы салымдары) болып табылады.

Тікелей инвестициялар к апиталдың жаңа объектілерін қалыптастыруға, немесе істегілерді кеңейтуге, қайта құрастыруға және техникалық қайта қаруландыруға кеткен шығындар болып табылады.

«Осы бағыттар бойынша шығындардың өзара қатынасын тікелей инвестициялардың ұдайы өндірістік құрылымы деп атайды».

Жаңа құрылысқа жаңа алаңдарға объектілерді салу шығындарын жатқызады.

Кеңейту – ол қосымша өндірістік кешендер мен өндірістік салу сонымен бірге негізгі өндірістік жаңа цехтарын салу немесе ісктегі цехтарды кеңейту.

Қайта құрастыру – ол моральды және физикалық тозған құралданады ауыстырып кәсіпорынды қайта жабдықтандыру мен қайта жайғастыру цехтардың жаңасын салу және істегілерді кеңейту де жатады).

Қайта құрастырудың нәтижесінде жаңа, жетілген технология негізінде өндіріс көлемін ұлғайтуға, ассортиментті кеңейтуге немесе өнім сапасын жоғарлартуға қол жеткізіледі. Қайта құрастыру бұрынан бар алаңдарда жаңа өнім өндірісін ұйымдастыру немесе кәсіпорын профилін өзгерту мақсатына жүргізілуі мүмкін.

Техникалық қайта қаруландыружаңа техника мен технология еңгізу өндірістік процестерді механрикаландыру және автоматтандыру, тозған құрал-м-ды өнімділігі жоғары жаңа құрал-жабдықтарға ауыстыру, өндірісті ұйымдастыру мен өндіріс құрылымын жетілдіру арқылы өндірістің жекелеген участкілерін, агрегаттарды қазіргі замаңғы талаптарға сай деңгейге дейін жоғарлату бойынша іс-шаралардың кешені.

Құрал-ж-ғ, құрылыс-монтажды жұмыстарға шығындар және басқадарға шығындардың өзара қатынасы тікелей инвестициялардың технологияның құрылысы құрайды. Құрал-жабдыққа шығандар (үлесі бойынша) арттық болатын жерлерде бұл құрылымын ең экономиканың тисіледі болады.

Бұл жұмыстардың барлығын кәсіпорынның өзі (құрылыстың шаруашылық тәсілі), келесі келісім бойынша арнайы құрылыс және монтажды ұйымдар (құрылыстың мердігерлік әдісі) жүргізеді.

Тікелей инвестицияларды қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарын ұсыну тәртібі, жарату және олардың мақсаты және тиімді пайдалынады бақылау жүйесі. Қаржылардырудыі әдістері кәсіпорын қызмет етуінің нақты жағдайларына байланысты.

Қазіргі уақытта тікелей инвестицияларды қаржыландыру мыналардың есебінен жүргізіледі:

- жеке өзінің қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;

- қарыз ақша қаражаттары;

- құнды қағаздар эмиссиясынан, заңды және жеке тұлғалардыі үлестері мен жарналардың тартылған қаржы қаражаттары;

- концерндерлік, ассоциациялардың және басқада бірлестіктердің орталықтандырылған инвестициялық қорларынан түсетін қаржы қаражаттар;

- қайтарымыз негізде әртүрлі деңгейді бюджеттерден ассигнованиялары;

- шетелдік инвесторлардың қаражаттары

Соңғы жылдары жалпы инвестициялар көлемі ішінде инвестициялық қорлардың үлесі осуде. Бірақ коммерциялық банктердің белсенділігі төмен деңгейде қалып отыр. Инвестициялық салада халықтың қаражаттары қолданбайды деуге болады, өйткені халықтың жинақтауларының инвестиция әртүрлі қорлар арқылы (мыс. зейнет қоры) трансформациясы балу түрде жүреді.

Соңғы жылдары жедел ақталатын көлемінің жобаларды қаржыландыруға республикалық және аймақтық бюджеттен ссудалар сияқты қаржының қайнар көздері кеңінен таратылып отыр. Бұл жобалар шаруашылық салалардың ең маңызды бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл саудалар конкуренттің негізде беріледі.

Құнды қағаздарды – облигацияларды векселдерді – шығару және оларды қаржылық нарықта орналастыру ұйымдар мен жеке азаматтардың уақытша бос қаражаттарын тарту бойынша кәсіпорындардың мерекіндіктерін кеңейтеді.

Шетелдік инвестицияларды тарту халықаралық байланыстарды дамытуды және алдынғы қатарлы ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары тозады. Негізгі қорларды жөндеу олардың қызмет ету мерзімін ұзартады, өнімділікті жоғарлатады, жаңадан негізгі қорларды қалыптастыруға қажетті тікелей инвестицияларға қажеттілікті төмендетеді.

Жөндеудің келесі түрлерін бөледі, ағымдық, орта және күрделі. Ағымдық жөндеуде кішігірім бұзылуларды жою, жекеленген детальдарды ауыстыру жүргізіледі. Әдетте, бұл кездейсоқ сипатта болады.

Орта, немесе жоспарлы – алдын алу жөндеу жекелеген элементтерді, детальдарды ауыстырумен, барлық агрегаттардың жұмыстарын жөндеумен байланысты. Орта жөндеу жылына бірнеше рет жүргізіледі.

Күрделі жөндеу кезінде (1,2 жылда бір рет), әдетте, агрегатты бөлшектеу тозған детальдарды ауыстыру, базалы детальдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күрделі жөндеудің экономикалық орындылығы (целесообразность) күрделі жөндеге кететін шығындар мен жөнделетін объектілердің құнымен салыстырылу арқылы анықталады. Егерде күрделі жөндеу экономкатлық тиімсіз болатын болса, онда оның жүргізуге арналған қаражаттар ескірген және істен шыққан машина мен құрал жабдықты сатып алуға жұмсалды мергенім.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстардың жалпы көлемдері мен түрлері мен олардың құрылымын кәсіпорынның өзі белгілейді. Жөндеудің жоспары жекелеген объектілерді жөндеу бойынша сметаны – қаржылық есептердің негізінде жалпы кәсіпорын бойынша бір жылға жасалынады.

Барлық кәсіпорындар жекеменшік формасына байланыссыз жөндеудің барлық түрлеріне шығындарды өнім өндірісі мен сату шығындары құрамына қосады. Және де жөндеуге шығындарды өзіндіп құнға жатқызу варианттарын кәсіпорын өзі таңдауға мүмкін:

- жөндеу біткенен кейін жөндеуді жүргізуге кеткен нақты шығындарды өзінің құқға қосады. Бұл тәсілдің бір қатар кешейліктері бар. Егер кәсіпорында жөндеу жұмыстарын жүргізуде маусымдық тербелістер (колебания) болса, онда жеке кезеңдер бойынша өзіндік құнда едуір ауытқұлар (колебания) болады, бұл өз кезегінде пайда мен бюджетке төмендерді есептеуді қойылатады;

- жөндеу қарым қалыптастыру кәсіпорын техникалық-экономикалық есептеулер негізінде жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі мен жөндеу қарым қалыптастыру нормасын белгілейді.

Кәсіпорынның бекітілген нормалары негізінде жөндеу қорына айсайын аудару жүргізіп және оны өзіндік құнға бірдей үлеспен қосып отырады. Бұл өнім өндірісі мен сату шығындарын және кәсіпорын пайдасын қалыптастыруда белгілі бір тұрақ билықты еңгізеді;

- қажет болған жағдайда жөндеу бойынша нақты шығындарды болашақ кезеңдердің шығындарына жатқызу.

Негізгі капиталдың өндірістік емес элекменттерін жөндеудің барлық түрлерін қаржыландыру кәсіпорында қалатын пайда есебінен жүргізіледі.

Кәсіпорынның қазіргі таңдағы жағдайында ұзақ мерзімді пайдаланатын айнымалыдан тыс активтер құрамында бейматериалды активтер пайда болды. Олардың пайда болды. Олардың пайда болуы кәсіпорындарда есеп беру мен есеп жүргізуді реформалаумен, осы салады халықаралық стандарттарды еңгізумен байланысты.

Бейматериалды активтерге мыналар жатады: патенттер, лицензиялар, сауда маркалары мен сауда белгілері, жерлерді және табиғи ресурстарды пайдалануға құқықтар, ЭЕМ (ЭВМ) үшін программалы өнімдер, интеллектуалды жеке меншікке құқық (ноу-хау) және т.б.

Кәсіпорында ұзақ мерзімді капитал салымдары болып табылатын бейматериалды активтерді сатып алуды, кәсіпорын өаражаты айналышына қосуы, тазуды есептеу арқылы құнан да өндірілген өнімге ауыстыруы көбінесе негізгі капиталға ұқсас болып келеді.

Патенттер мен лицензиялар олардың иелеріне заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді пайдалануға, өндіруге және сатуға ерекше құқық береді. Патенттік құқықтары қатысушылар жарғы капиталына өзінің үлесі ретінде салуы мүмкін немесе сатып алынды мүмкін.

Тауарлық берлі бәсекелестердің аналогты өнімдерінен (жұмыс немесе қызмет) өзінің өндірген өнімін ерекшелікдіреді. Тауарлық белгіні пайдалану құқығы тек оның игесіне немесе ал кімге өз құқық бергенге болады.

Нарықтық экономика жағдайында тауарлық белгі компанияның қымбат бағалы актив болып табылады, өйткені ол тауарлық белгілі сатуы мүмкін немесе пайдалану құқығын жарғы капиталға үлесі ретінде беруі мүмкін.

«Ноу-Хау» - кәсіпорынның жиналынған ғылыми және техникалық білімдері өндірістік тәжірибе. Бұл түсінік жеткілікті кең түсінік, ол коммерциялық, әкімшілік, қаржылық, ғылыми және басқа ақпаратты қамтиды.

«Фирма бағасы» бүтін кәсіпорынды оның табыстылығын, нарықтағы беделдік және де басқа факторларды ескеретін нарықтық бағаға сатқанда пайда болады. Кәсіпорынның сатып алу құнының оның активтерінің баланстың құнынан артығы «фирма бағасын» құрайды.

Бейматериалды активтер кәсіпорын активтерінің құрамында оларды пайдалы қолдану мерзімі аралығында есептеге болады және осы мерзім ішінде олардың амортизациясы жүріп отырады.

Оларды есепке қою үшін бейматериалдың активтердің құндық бағалауын жүргізу керек. Мұндай бағалауды жүргізу осы активтерді сырттай алу тәсіліне байланысты.

Сатып алу кезінде. Егерде бұл активтер сатып алынған болса, онда аударылған қаражаттың көлемі бейматериалдың активтердің құны болып табылады. Қажет болған жағдайда бұл құқыға кеңестік және заң қызметтердің шығындарын қосады. Бейматериалдық активтердің құнын тікелей әдіскен анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда сарапшылар комиссиясының қорытындысы негізінде бағалау жүргізіледі.

Сонымен бірге бейматериалдық активтердің қызмет етуі мүмкін мерзімін кәсіпорын өзі дербес белгілейді және осыған сүйеніп кәсіпорын басшысының бұйрығымен амортизация мөлшері белгіленеді. Егерде бейматериалдық активтердің жекеленген түрлерінің пайданы пайдалану мерзімін негіздеп (обоснованно) анықтау мүмкін емес болса, онда амортизациялық мөлшер 10 жылға есептелініп (бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай) белгіленеді. Амортизацияны есептеу тәсілін де кәсіпорын өзі таңдайды.

Бейматериалдың активтерді сатып алу үшін қаржыландырудың қайнар көздері негізінен күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру көздеріне ұқсас.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 1622 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...