Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күрделі құрылыс кәсіпорынның қаржысы



1.Бұл сферадағы қаржының қызметі мұндағы экономикалық қатынас негізінің ерекшеліктерінен тұратын спецификалық сипатқа ие. Ол ерекшеліктер:

1. Айналым құрвлын жоғары мұқтаж ететін ұзақ мерзімді өндірістік цикл;

2. Құрылыс ұйымдарының жұмыс істеуі әр түрлі аймақтық-климаттық зоналарда жүзеге асады, ол тапсыратын объектінің жеке құнына және тпбыстың бір қалыпты түсуіне әсер етеді;

3. Құрылыс жүріп жатқан объектінің сметалық құны заказ беруші мен жабдықтаушы келісім шарт арқылық бекітіледі;

4. Құрылыс монтаж жұмыстарының этаптары оныңәр түрлә еңбексыйымдылық, материалсыйымдылық, қаржылық қамтамасыз ету дәрежесі бойынша сипатталады.

Құрылысты жүзеге асыру бірнеше этаптар бойынша жүзеге асады:

1. геологобарлаушылық жұмыс;

2. құрылыс сметасын өңдеу;

3. монтаж және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру.

Жүргізілген жұмыстарды қаржыландыру заказщиктер арқылы жүзеге асады, ал оны орындау арнайы мамандандырылған ұйымдар арқылы орындалады. Мұндай бөлшектеу бұл сфераның қаржылық қатынасын келесі компоненттерге бөледі:

1. Заказчик қаржысы;

2. жобалық ұйымдар қаржысы;

3. геологобарлаушы ұйымдарының қаржысы;

4. құрылыс ұйымдарының қаржысы.

Жұмысты жүргізу әдісі мердігерлік және шаруашылық деп бөлінеді.

Мердігерлік әдісте құрылыс ұйымы жеке жұмыс түрлері үшін арнайы мамандандырылған ұйымдарды тартады және де осы ұйымдармен өз ара келісім шартта болуы мүмкін.

Шаруашылық әдісте құрылыс ұйымы барлық жұмысты өз күшімен орындайды.

Жұмыстың өзіндік құнын жоспарлау келісім шарт негізінде қаржылық жоспарды өңдеу кезінде құрылыс ұйымның өздігінше орындалады. Құрылыс жұмысының өзіндік құны келесі элементтерден тұрады:

1. Құрылыс жұмыстарына тікелей әсер ететін шығындар;

2. Өндіріс процессіне қызмет етуге байланысты шығындар;

3. Капиталды емес сипаттағы шығындар,оларға құрылыс технологияларын жетілдіру мен жеке жұмыс түрлерін жақсарту жатады;

4. ағымдағы шығындар: қондырғыларды жұмысқа салу мен табиғатты қорғау шаралары;

5. қосыша шығындар.

Құрылыс ұйымдар іс әрекеттерінің қаржылық нәтижесі заказчикке объектіні тапсырудағы қаржылық нәтиже мен келісім шартта көрсетілген жұмыстар мен қызметтерден, негізгі құралды екінші жаққа өткізу мен баланста тұратын қосымша өндіріс қызметтері мен өнімдерінен, ж.т.б.

Баланстық пайда келесі формула бойынша есептеледі:

Пб = Прп + Фри + Дв - Рв

мұндағы Пб – баланстық пайда;

Фри – негізгі құралды өткізуден алынған қаржылық нәтиже;

Дв - өткізілгеннен тыс операциялар бойынша табыстар;

Рв - өткізілгеннен тыс операциялар бойынша шығындар.

Келісім шартта көрсетілгендей заказчикке құрылыс объектіні өткізгеннен алатын пайда, келісімде бекітілген баға бойынша ҚҚС сыз өткізуден түскен табыс пен заңнамаларда қарастырылған басқа да алымдар мен оларды өткізу мен өндіру шығындарының айырмасынан тұрады.

2.Негізгі қорлар мен материалдарды, еңбек және басқа да ресурстарды және машина мен механизмдерді пайдаланып құрылыс жөндеу жұмыстарын өз күшімен орындауға кеткен шығындарды құрылыс жөндеу жұмысының өзіндік құны деп атайды.

Құрылыс өндірісінде өзіндік құнның үш түрі бар: сметалық, жоспарлы, фактілі.

Сметалық өзіндік құн металық құнымен есептелінген (Б) өндіріс жұмысының шығын шамасын анықтайтын (ӨҚс) және еңбек шығының, материалдардың,құрылыс машиналарының жұмыс мерзімінің, қосымша шығындардың нормасы негізінде сметада қарастырылған құрылыс өндірісінің шығындарын білдіреді. Сметалық өзіндік құн жоспарлы жинақтың сметалық құнынан төмен болады. (Жж): ӨҚс=Б- Жж

Жылдан жылға құрылысты ұйымдастыру мен техникалық деңгейді көтеру арқылы сметалық өзіндік құнды төмендету жолдары қарастырылады, сондықтан да мердігерлік ұйымдардың өндіріс жұмыстарына жоспарлы шығындары сметалық құннан Э үнемдеу соммаға төмен қарастырылады.

Мұндай шығындарды жоспарлы өзіндік құн деп атайды.Ол сметалық құннан жоспарлы жинақ пен жұмыстың өзіндік құнын төмендетуден Э үнемдеуден төмен болады. (ӨҚс) = Б-(Жж)+Э

Қосымша шығындар жеке объектілердің өзіндік құнына тікелей жатпайтын шығындар.Олар: әкімшілік шаруашылық шығындар, жұмысшыларға қызмет ету шығындары, құрылыс аудандарында жұмысты ұйымдастыру жұмыстары бойынша шығындар және тағы да басқа шығындар.

Фактілі өзіндік құн бухгалтерлік есептуе мәліметтері бойынша анықталған құрылыс жөндеу жұмысын өндіруге кеткен ақша шығындарының соммасы.

Күрделі құрылыс жұмысының өзіндік құнын есептеу мақсаты,құрылыс объектісі мен түрлері бойынша өндіріс пен жұмысты заказчикке тапсыруға байланысты нақты шығындарын,. жоспарлы өзіндік құн мен нормаларынан пайда болған ауытқуларын анық, толық және дер кезінде көрсету қажет. Сонымен бірге материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолдануын бақылау мідетті түрде жүргізуді талап етеді.

Күрделі құрылыс ұйымының өз күшімен орындалған құрылыс жұмысының өзіндік құны өндіріс процессінде пайдаланған материалдар, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және тағы да басқа шығындардан құрылады.

Өндіріс жұмыстарының шығындары келесіге бөлінеді:

- ағымдағы, яғни тұрақты өндіріс шығындары;

- бір жолғы, яғни бір рет немесе мерзімді өндірілетін.

Жұмыстың өзіндік құн құрамына кіргізу әдісі бойынша шығындар тікелей және қосымша деп екіге бөлінеді.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 751 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...