Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономика саласы мен кәсіпорын қаржысына түсініктеме



Экономика саласының қаржысы экономикалық категория болып табылады, және оның ерекшелігі әрекет ету сферасы мен оған тән функцияларды орындайды. Қоғамдық ұдайы өндірісте олар үлестіру қатынастарын білдіреді.Бірақта олардың әрекеттері тұтас қаржы сияқты үлестіру сферасымен шектеліп қоймайды. Үлестіру қатынасын білдіре отырып, қаржы ұдайы өндіріс процессінің барлық стадиясына қатысы бар, бірақ та бұл процесстің әр түрлі стадияларына қатысу бір текті емес.Әр бір фазадағы үлестіру үлесі эквивалентті өйткені үлестіру өндірістік процесс стадиясында да және айырбастау мен тұтыну стадиясында да орын алады. Сондықтан да қаржы қатысуынсыз қоғамдық өндірістік қордың айналамы да орындалмайды.

Экономика саласының қаржысы тауар ақша қатынасы мен құндылық заңның әрекетіне негізделеді. Тауар мен өнімді тарату тауардың құнын білдіретін баға бойынша ақшаға сатып алу мен сату жолымен орындалады.

Тауар ақша қатынасын меңгеру, қоғамдық өндірісті тиімді көтеруге, экономика саласын жоспарлау мен басқару жүйесін жетілдіруге, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға бағытталған. Экономика сала қаржысы нарықтық қатынастың даму заңдылықтарымен және өндіріспен тікелей байланысты және де олар экономика базис құрамына кіретін категория болып табылады.

Экономика саласының қаржысы экономикалық қатынастар жиынтығының тәртібімен қолдану, қаржы ресурстарын және ақша жинағының пайда болуы, қолдануы және үлестіруіне байланысты ұйымдастырылған жиынтық.

Бұл қатынастар ұлғайтылған ұдайы өндіріс процессінде пайда болатын ақша формасында келесілерге қатысты:

1. Мемлекеттік бюджетпен қаржыландыру процессінде, мемлекетпен кәсіпорындар арасында және мемлекетке төлемдер төлеуде;

2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы мен аммортизациясын ж.т.б. ұйымдастыру;

3. Кәсіпорынның негізгі іс әрекеттері мен инвестициясы бойынша жоспарланған күрделі құрылысты қамтамасыз ететін қаржы ресурсы, сонымен бірге осы жұмыстар мен қызметтерге кететін шығындар;

4. Ұзақ және қысқа мерзімді несиелер пайызын қайтару кезіндегі кәсіпорындар мен банктер арасындағы қатынастар.

Экономика саласының қаржысын анықтайтын экономикалық қатынастарға шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындар арасында пайда болатын шаруашылық іс әрекеттер процесстері мен шикізаттар, отынғ энергия, өнімді өткізу,қызмет көрсету, еңбекке төлеу сияқты ақша қатынастарынан тұрады.

Кәсіпорын өнімін өтекізу арқылы табыс табады, бұл кезде тек қана бір формадан екінші формаға өту ғана емес Т-Д қаржылық қатынасы пайда болады. Кәсіпорындар өнімін өткізу нәтижес інде жалпы табыс алынады. Жалпы табыстың мөлшері тауарды өткізуде тауарды өндіруші мен тұтынушы арасындағы процесстің экономикалық қатынасы.

Тауарды өткізуден түскен табыс көбінесе тауар құнымен сәйкес келе бермейді, өйткені өнімін өзіндік құнынан төмен бағаға өткізеді, ал оның шығынын кәсіпорын резерві мен орталықтандырылған қордан, егер кәсіпорын мемлекеттік болса мемлекет тарапынан дотация және т.б көздерден жауып отырады.

Өндіруші мен тұтынушы арасында пайда болатын ақша қатынасының нәтижесі кәсіпорынның айналым қаржысын құрайтын қаржы ресурсының негізгі көзі пайда болады.

Ақша қатынасының негізгі элементі – кәсіпорын мен жұмысшылар арасындағы еңбекке төлеу. Еңбек ақысын төлеу процессінде шаруашылық субъектілердің пайдасын үлестіру қатынасы және кәсіпорында арнайы ақша қорының пайда болуын негіздейтін экономикалық қатынас пайда болады.Еңбек ақыны төлеу мерзімі кәсіпорынның өнімін өткізу мерзіміне сәйкес келе бермейді. Сондықтанда осы қатынасты жүзеге асыру процессінде өз ара авансироаниие туады. Бір жағынан кәсіпорын еңбекке төлеу шығындарын өнімді өткізу мерзіміне дейін авансировать етіп өояды, ал екінші жағынан кәсіпорын алдын ала осы мақсаттар үшін белгілі бір ақша қорын бөліп қояды, яғни қосымша айналым қорын құру үшін қосымша ресурстарды құрайды.

Тауарды сату және сатып алу процессінде кәсіпорындар арасында пайда болатын ақша қатынастары және еңбек ақыға төлеуге байланысты ақша қатынастары кәсіпорынның ақшалай табыстарын құру, үлестіруіне тікелей байланысты.

Экономика саласының қаржысына кіретіндер: өнеркәсіп; ауыл шаруашылығы; құрылыс; көлік және байланыс; материалды техникалық қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдар ж.т,б.

Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі принциптері оның басқа да салалардың экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру мен жоспарлау болып табылады.

Кәсіпорын қаржысы нда өзінің маңыздылығы ме сыртқы формаларынан тұрады. Кәсіпорын қаржысының маңыздылығы деп ерекше қаржылық құндық категориясын анықтайтын қаржының ішкі құрылысын түсінеміз. Қаржының формалары мен маңыздылығы өз ара байланысты, бірақта олардың тұрақтылық дәрежесі бірдей емес.

Кәсіпорын мен ұйымдардың қаржысы негізгі екі функцияны орындайды: үлестіру мен бақылау. Үлестіру функциясы өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын звено. Бақылау функциясы эконмиканың дамуна негізгі рөльді атқарады.

Кәсіпорын бүл пайда табу мен қоғамдық мұқтаждықты қамтамасыз ету жолындағы экономикалық мақсатпен кәсіпкерлік іс әрекет үшін ұйымдастырылған шаруашылық субъект.

Өзінің құрылымы бойынша кәсіпкерлік іс әрекет, өндіріс пен өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету және нарық қорындағы операциялардан тұрады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік іс әрекеттерінде өндіруші мен тұтынущылар және партнерлар арасында шаруашылық байланыстар пайда болады. Нәтижесінде ақша қорын қолдану мен құру бойынша қаржылық қатынастар пайда болады. Қаржылық қатынастың материалдық негізі болып ақша, ал оның пайда болуына қажетті жағдай болып ақша құралының қозғалысы болып табылады.

Кәсіпорын қаржысы бұл өндірістік іс әрекеттерді қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектілердің қарамағында құрылған және үлестіру сипаттамасына, материалданған табыстарына ақшалай түріне, түсімге, жинаққа, ие бола алатын кәсіпорындардың экономикалық қатынасына негізделінген объективті жиынтық.

Кәсіпорын қаржы қатынасын құрылымына қарай бағыты бойынша топтарға бөлуге болады:

· Кәсіпорын құрылу мерзімінен бастап ұйымдастырушылар арасында пайда болатын оның жарғылық капиталының құрылуы бойынша;

· Қайтадан енгізілген құнның пайда болуына байланысты өнімді өндіру м ен өткізуде кәсіпорындардың өздерінің арасында (жабдықтаушылар мен сатып алушылар, мердігерлер мен экономиканың басқа да субъектілер арасында);

· Кәсіпорындардың ішкі бөлімдерінің арасында (мысалы филиалдар, цехтар арасында);

· Кәсіпорындар мен оның жұмысшылар арасында (табысты үлестіру мен құнды қағаздарды орналастыру, дивиденттерді, коипенсациялар мен айып пұлды төлеу барысында);

· Кәсіпорындар мен жоғарғы ұйымдар арасында (холдингтер, қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен ассоциациялардың кәсіподақтары ішінде);

· Салықтар мен бюджеттен тыс қорлаға төлемдер төлеу, салықтық жеңілдіктер ме шегерулер, айып пұл төлеу кезіндегі кәсіпорындар мен мемлекетқаржысының арасында;

· Мүлікті, жұмысшыларды, тәуекелді және т.б. сақтандыруға байланысты сақтандыру компаниялары мен ұйымдар мен кәсіпорындар арасында;

· Ақшаны алу, сақтауғ несиелерді жабу, валюталарды сату мен сатып алу және де тағы басқа банктік қызметтер көрсету барысында кәсіпорындар мен банктік жүйелер арасында;

· Инвестициялардыүлестіру кезінде инвестициялық институттарт мен кәсіпорындар арасында;

Аталған топтардың әр қайсысында өзінің ерекшеліктері бар, бірақта олар екі жақты сипаттамаға ие, яғни тікелей және теріс бағыттылық.

Қаржылық қатынас ұдайы өндіріс процессінің барлық стадияларында орын алады: өндіру, тарату, айыбастау, тұтыну.

Өндіру стадиясында қаржылық қатынастар потенциалды құрылады, өйткені бұнда ақша құралының қозғалысы жоқ. Потенциалды бұл өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік) бірігуі арқылы ұлттық табысқа жататын жаңа қосымша құн пайда болады.

Ұлттық табыс - өндіріс шығынын өтегеннен кейінгі қалған қоғамдық өнім жиынтығының құнының бөлігі. Қоғамдық өнім жиынтығы (ҚӨЖ)-белгілі бір мезім аралығында қоғамда пайда болған материалдық игіліктер құны. Сонымен бірге ҚӨЖ тек материалдық өнірістер салаларында ғана емес, өндірістік сфераларда қайта үлестіріп немес өндірілмей тұтынады. Қаржы ресурсының көзі болып материалдық өндіріс сфералары жатады және сондықтанда олар үлестіру қатынасының базисі болады.

Өндіріс процессінің екінші стадиясы үлестіру немесе тарату. Осы стадия қаржы қатынасын құрайтын сфера болып табылады, мұнда қоғамдық өнімнің құны ақшалай түрде және өндіріс субъектілерінің салымына сәйкес табысы құралады. Бөл стадия құнның бір жақты қозғалысын білдіреді.

Айырбастау стадиясында ақша қаражатының қозғалысы жалғаса береді де құн ақша түрінен тауарға өзгеріп тауарды сату және сатып алу акті орындалады. Құнның ақшалай формасының қозғалысы екі жақты құнның тауар формасының қозғалсымен қабаттаса орындалады.

Ұдайы өндіріс процесссі стадиясындағы тұтынуда бірінші стадиядағыдай ақша қаржатының қозғалысы жоқ.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 1066 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...