Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы мемлекеттік қаржылық жүйедегі кәсіпорынның қаржылық ресурс жүйесінің рөлі мен орны



 
 

1.1-Сурет

мұндағы:

- ҚЖӨ құнды алғашқы бөлудегі қаржылық ресурст ағымының бағыты;

- қайта бөлудегі қаржылық ресурс ағымының бағыты.

1 – салық түрінде ресурстардың тікелей және кері ағымы,шығындар мен бюджеттен тыс қорлар, несие және дотация бойынша несиелер, мақсатты шараларға аударымдар;

2 – орнын толтырудан алынған немесе сақтандыру бөлінулері түріндегі тікелей немесе кері ресурс ағымдары;

3 – үлестік төлемдер мен жарна түрідегі тікелей немесе кері ресурстар ағымы.

Сонымен қаржылық ресурстар ұдайы өндіріс процессінің үлестіру стадиясы мен екінші стадиясында құрылады және олар:

· қаржы ресурсының алғашқы құрылған құнының ағым бағыты;

· қаржы ресурсын қайта таратуға бағытталған ағымы,

· ресурстың салық түріндегі тікелей және кері ағымы, бюджеттен тыс қорларға төлемдер мен несие және дотация түріндегі пайыздар, мақсатталған шараларға аударымдар, несиелер беру;

· алынғанды өтеу немесе сақтандыруға төлемдер түріндегі тікелей жәнекері ағымдар;

· еңбек ақы немесе пайлық үлесі ретіндегі тікелей және кері ресурс ағымдары,

Қаржылық жүйе сферасының мақсаты берілген ұдайы өндіріс процессінің рөліне байланысты анықталады. Мемлекеттік қаржылық ресурстары мемлекеттік функцияларды орындауға жұмсалады. Сақтандыру сферасының қаржылық ресурстарын белгілеу - сақтық жағдайларды минимизациялау мен алдын ала ескерту үшін қаржы қорын құру болып табылады. Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қаржысы өндіріс мақсатына және қоғамның тауарға қызметіне ж.т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жұмсалады.

Ұлттық байлық – ұдайы өндіріс процессінде еңбектен құралған материалдық игіліктер жиынтығы.

Жалпы қаржы екі функцияны орындайды: үлестіру және бақылау. Бұл функциялар өз – ара тығыз байланысты. Үлестіру функциясы ұдайы өндіріс процессін қаржылық ресурстар көзімен қамтамасыз ететін үлестіру қатынасына байланысты және де ұдайы өндіріс процессінің барлық стадиясына тікелей үздіксіз әсер етеді.Сонымен бірге үлестіру функциясының көмегімен жарғылық капитал құрылып негізгі және айналым қорын бөлу, табысты үлестіру, өндірістік іс -әрекеттерді қаржыландыру, контрагенттермен есептесу орындалып мемлекет қаржы ресурсы құрылады.

Бақылау функциясы үлестіру функциясынан туынды болып табылады.

Бұл функция шаруашылық іс - әрекеттер нәтижелерін, ресурстарды үлестіру тепе – теңдігін қаржы жүйесінің көрсеткіштері көмегімен тікелей немесе жанама бағалау үшін қолданып, дер кезінде ауытқуларды байқап, мүмкін болатын тепе- теңсіздіктерді қалыпына келтіріп отырады.

Қаржы бақылауын жіктеу - субъектілер бақылау қозғалысының өткізу уақыты, бақылаудың өткзілу тәртібі, тәсілі белгілеріне байланысты болады. Осы белгілеріне сәйкес қаржы бақылау 3 бағытқа бөлінеді: түрлері, формалары, жүзеге асыру әдістері бойынша.

Субъектілерге байланысты қаржы бақылауы келесі түрлерге бөлінеді:


Өткізу уақытына байланысты қаржы бақылауының үш түрі бар:

а) қайта бақылау

б) ағымды бақылау

в) келесі бақылау

Қайта бақылау - ақшалай қорлардың қалыптасу, бөлінуі және қолданылуы туралы операциялар жасалғанға дейн өткізіледі. Сондықтан да бұл қаржы тәртібін бұзғандықтан ескерту үшін маңызды. Бұл жағдайда орындау мен бекітуге жататын құжаттар, бюджет жобасы, қаржы жоспары мен сметасы, несиелік және кассалық тапсырыстар тексеріледі.

Ағымды бақылау. Ақшалай операцияның жасалу процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерінің орындалуы мен алу және қолдануды жұмсау).

Келесі бақылау. Қаржы операциясы жасалғаннан кейін өткізілетін бақылау.

Аудиторлық бақылау - бұл тәуелсіз аудиторлық фирмамен кәсіпорын, компания, банк иесінің арасында жасалатын келісім-шарт негізінде қаржы шаруашылық қызметтің жағдайын тексеру. Аудиторлық фирмалар өз қызметін жүзеге асыруда кез келген кәсіпорын немесе үшінші жақтың тексеруімен қорытынды беруге заң және нормативтік акті талаптарына сәйкес өткізуі керек.

Аудит келесі тәртіптегі кезеңдерде өткізіледі:

- жоспарлау

- аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау

- аудит процедурасын жасау және бағдарламасын дайындау.

- Тексеру және бақылау жүйесінің тесті

- Аудит процедурасын өткізу

- Аудиторлық қорытынды жасау.

Аудиторлық қызмет нәтижесі қорытындсы - бұл құқықтық мәні бар ресми құжат. Аудиторлармен сенімделген және бухгалтерлік есеп беру, шаруашылық субъектінің балансы және басқа құжаттардың ұсынған бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беруді құру талаптарына сәйкес жасалғаны туралы толық ақпарат мазмұны бар құжат болып саналады.

Қорытынды тексерілген объектінің қаржылық жағдайы турлы бекітілген заң тәртібіне сәйкес оның қызметі туралы есебі мен табыс пен зияндар шоттар балансымен бірге жарияланады. Аудиторлық фирмалар бір мезетте кеңес беру қызметін де орындауы мүмкін.

Қаржы бақылауы әр түрлі әдістермен өткізіледі және оларды жүзеге асыру тәсілдері, жолдар, құралдары деп түсіну керек. Нақты әдісті қолдану бірқатар факторларға байланысты қаржы бақылауының келесі әдістері қолданылады:

- ревизиялар, тексеру (құжаттарды, есеп беру мен есепке алу жағдайын, шаттық тексеруін, т.б.), тексеріс, қаржы жоспарының жобаларын қарау, тапсырыстарды, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді, баяндамаларды тыңдау, міндетті қызметтер ақпараты және т.б. Қаржы бақылауының неізгі әдісі - ревизия (латын тілінен аударғанда, қайта қарау деген мағынаны білдіреді). Бұл өткен бір белгілі мерзім бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметін толық тексеру. Ревизияны әртүрлі органдар өткізеді. Жоспар бойынша немесе жоғары тұрған басқару органының нұсқаулары бойынша жүргізіледі.

Тексеру объектісі бойынша ревизияның келесі түрлері бар:

- құжатты

- нақты

- толық (біртұтас)

- таңдаулы (бөліктер бойынша)

Олар ұйымдастыру белгісі бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс (арыз, өтініштер түскен кезде), және кешенді болып бөлінеді.

Құжатты ревизияны өткізуде құжаттар тексереді. Әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем ведомстволары, ордер, чектер, бағалы қағаздар) қаралады, есептер мен сметалардан бөлек қарастырылады.

Нақты ревиязия тек қана құжатты ғана тексеріп қоймай, ақша санын, материалдық құндылықтарды да тексереді.

Толық ревизия кәсіпорын, ұйым, мекеменің белгілі мерзімдегі барлық қызметін толық тексеру.

Таңдаулы ревизияда бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің кейбір бөліктеріне ғана бағытталады.

Тақырыптық ревизия бұл бірнеше біртектес кәсіпорындар мен мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметтің кейбір сұрақтары бойынша өткізіледі.

Ревизия тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу (инвентаризациясы), кассадағы нақты, ақша - қаражаттарын тексеру, тексерілетін объекті қызметінің жоспарлы, нормативті, есепті көрсеткіштерін салыстыру, құжатты және қарсы тексеру. Аталған тәсілдер қойылған ревизия мақсатына байланысты қолданылады. Ревизия өткізу үшін бағдарлама жасайды және онда ревизияның мақсат және объектісі, тексеруге жататын тақырыбы мен негізгі сұрақтары көрсетіледі. Ревизияны нәтижелері актімен толтырылады және ревизия тобының басшысымен, тексерілетін ұйым басшысымен және оның бас бухгалтері соңына қол қояды. Басқарушы өз ескертулері мен өтінішін тексеруші объектінің жазбаша түрде қол қояды. Ревизия актісінің негізінде қаржы тәртібін бұзу нықтылап, оны ретке келтіру іс-шаралары өткізіледі. Қаржы бақылауын жүргізуші негізгі органдарға мыналар жатады:

1. Салық инспекциясы мен полициялары;

2. Қаржы басқармалары;

3. Қаржы бақылау органдары;

4. Қаржы министрлігі;

5. Ұлттық банк, т.б.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 712 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...